Қар кесегі

Тақырыбы «Қар кесегі»
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
Бесшоқы елдімекен
№ 9 “Бәйтерек балабақшасы”
Омарова Айбоган Богеновна
Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Сурет салу Мақсаты: Қысқы табиғат құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту, қардың «аппақ ұлпа», «мамықтай» жұмсақ болатынын түсіндіру. Балаларға дербес түрде аққала суреттерін салуды үйрету. Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап. Дәстүрден тыс әдісті қолдану. Қажетті құралдар: Үлгі сурет, үлестірмелі материалдар, гуащь бояуы, кардон пішін, ысқыш, тіс щеткасы, тіс пастасы, су. Көптілдік: Аяз – мороз – frost, Қар – снег – snow. Мұз – лед – ice. Тәрбиеші, балаларды жетектеп, «Қысқы өлкеге» (қысқы көріністе безендірілген бөлмеге) келеді. – Балалар, көзімізді ашамыз. – Балалар, бұл жерге бізден де басқа қонақтар келген екен, жылулық шеңберін құрып, қонақтармен амандасып алайық.
Жылулық шеңбері: Шеңбер болып тұрайық, № Алақанды ұрайық. . Күннің нұрын алайық, . Жүрекке жылу салайық. . Жиналған жылы шуақты, . Қонақтарға сыйлайық. – Сәлеметсіздер ме ! (Балалар жылулық шеңберін құрып, амандасады). – Балалар, бүгінгі ашық оқу қызметін осы «Қысқы өлкеде» өткіземіз. – Балалар, айналаңызға қараңдаршы, қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін байқап тұрсыңдар? (Балалардың жауабы) – Жарайсыңдар балалар! Қыс туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. – Қар қандай болады? (Балалар, өз түсініктерін айтады). – Осы қар туралы толық мәлімет алу үшін слайдты тамашалайық. (Слайд арқылы қар түйіршіктері туралы мәлімет беру). – Қар түйіршіктері қандай болады екен? (Балалардың жауабы). Дидактикалық ойын: «Ұқсасын тап». Ойын шарты: Түрлі қар түйіршігі суреттерін салыстырып, ұқсас қар түйіршік- теріне тауып біріктіру. Баланы байқағыштыққа тәрбиелеу. – Балалар, ойын сендерге ұнадыма? – Иә, ұнады. Тосын сәт (Қар сықыры естіледі). – Балалар, бұл ненің дыбысы? Бізге қонақ келген сияқты. (Қолында қоржыны бар аққала келеді). Аққала: Сәлеметсіздер ме балалар! (Балалар амандасады). – Балалар мен орманға кетіп бара жатыр едім, сендердің дауыстарыңызды естіп келдім. – Балалар, Аққала көңілсіз көрінеді. Не болғанын сұрайықшы. – Аққала, айтшы, не үшін көңіл – күйің жоқ? Аққала: Мына қоржынды мені қардан жасаған балалар беріп кетті. Қоржында жұмбақтар мен сұрақтар бар, сол жұмбақтар мен сұрақтардың шешімі табылса, менің көп достарым болушы еді. Мен көп достарым болғанын қалаймын. Бірақ, мен бұл тапсырмаларды орындай алмадым. – Мұңайма, аққала, біздің балалар саған көмектеседі. Аққала: Ендеше, балалар мен күн батпай орманға жетіп алайын. Қоржынды сендерге қалдырамын. Сау болыңдар. ( Аққала шығып кетеді). – Қане, балалар, сұрақтар мен жұмбақтарды орындап көрейік. ( Қоржыннан қағазды алып оқиды). 1) Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер? 2) Аққала неден және қандай пішіндерден жасалады? (Балалардың жауабы) 3) Жұмбақтардың шешімін табу және үш тілде айту. Қолы жоқ, сурет салады, Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз) Қыста ғана болады. Ұстасаң қолың тоңады. (Қар) Суға батпайды, Отқа жанбайды. (Мұз) ( Жұмбақтардың жауаптарын үш тілде айтады). 4) Аққала суретін салу. – Бұл тапсырманы орындай аламыз ба? – Иә, орындаймыз! Олай болса балалар, алдымен сергіп алайық. Сергіту сәті: Ішік, пима, қолғап бар, Арада жоқ тоңғақтар. Баста қалың малақай. Біз тоңбаймыз алақай. Балаларды сурет таңдату арқылы үш топқа бөледі. (Бірінші топқа, ысқыш- тан қиып жасалған пішіндерді бастыру әдісімен сурет салу. екінші топқа, тіс щеткасымен бояуды шашырату әдісі, ал үшінші топқа, тіс пастасын пайдаланып сурет салу тапсырылады). – Балалар, Аққала суретін салу ретін слайд арқылы тамашалаймыз. Мұқият қараңыздар. (Слайд тамашалайды). Шығармашылық жұмыс. ( Жай екпінді музыка қойылады) Суретті салады. . . Топтық жұмыс
– Балалар, дайын болған жұмыстарыңызды тақтаға іліңдер. – Жарайсыңдар балалар! Жұмыстарыңыз жақсы шығыпты.
Қорытындылау. Ойын: «Қар кесегі» Ойынның шарты бойынша өздеріне бағытталған қарды ұстап алып, қыс мезгілінде жиі айтылатын сөздерді айтады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *