1-ден 5-ке дейінгі сандарды пысықтау, кеңістікті бағдарлау.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды пысықтау, кеңістікті бағдарлау.
Мақсаты:
Білімділік: 1-ден 5-ке дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау, 5-ке дейін реттік санауды жалғастыру «Қанша?», «Неше?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету.
Дамытушылық: Символдық белгілерден геометриялық фигураларды табу қабілетін дамыту қағаз бетінде бағдарлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндерден құрастырылған заттар сурету, цифрлы карточкалар.
Блингвалды компонент: бір-один, екі-два, үш-три, төрт-четыры, бес –пять.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Қонақтармен сәлемдесу
Шаттық шеңбері:
Кел, балалар келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер
Шаттық толы шеңберге
Қуанышпен еніңдер.
Жылы лебіздеріңізді білдірейік.
Ата-анамыз аман болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Деніміз сау болсын!
Балабақшамыз гүлдене берсін!
Өте тамаша балалар
-Сәлеметсіз ба, апай.
-Балалар жылы лебіздерін бір-біріне білдірді.
Ұйымдастырушы-ізденушілік
Суретпен жұмыс
Есеп шығару
Сергіту сәті
Жемістер мен көкөністерді қосып алу.
Дидактикалық ойын
Рефлексиялық түзетушілік
Қорытынды
– Ал қазір жылдың қай мезгілі?
– Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?
– Көктем мезгілінде неше ай бар?
– Бір жылда неше ай бар?
Көрдіңдерме балалар, мен сендерге әдемі түрлі-түсті шарлар әкелдім. Сендерге қанша шар алып келгенімді сендер санай қойыңдаршы.
Тура және кері санаймыз үш тілде.
Мен сендерге балалар кереметтей ойын алып келдім.
«Үйдің терезесі қандай пішін?» деп аталады. Ол үшін сендердің қолдарыңдағы пішіннен үйдің терезесі шығу керек.
Ендеше біз сандардың құпиясын білуге асығып отырған сияқтымыз. Ендеше қазір 5-ке дейінгі сандардың құпиясын біліп алайық.
Ең бірінші сандардың басында қай сан тұрады?
– Жарайсыңдар, балалар.
– 1 санға сәйкес келетін ұғымдарды айтып өтейікші.
– Бүкіл әлемде дүние жүзінде не бар деп ойлайсыңдар?
– 1 саны жайлы тақпақ бізге кім айтады?
– Қайда жасырынды екен кәнекей 1 саны.
– Бір санынан кейін қандай сан келеді.
– Ой, жарайсыңдар!
– Екі деген ұғымды білу үшін, енді естеріңе түсіріңдерші өздеріңнің дене мүшелерінде екі мүшелерің бар ма?
– Екі саны жайлы бізге кім тақпақ айтып береді?
– Ал, енді балалар екі саны қайда жасырынып тұр екен?
– Сандық қатарда 1 мен 2 ден кейін келетін сандарды рет-ретімен іздеп тауып орналастырайық.
– Балалар тақтадағы суретке мұқият назар аударайықшы. Суретте қандай ертегі кейіпкерлері бейнеленген және олар нешеу. Ретін анықтаңдар.
– Ол үшін қалай санаймыз?
– Екінші тұрған аңды ата.
– Ендеше біз бүгін есеп шығаратын боламыз. Есептің жауабын аңдар әкеліп беретін болады.
Жолдарыңа үңіліп
1,2,3,4,5 бақа жүгіріп
секіреді, бақ-бақ.
Ағаштарды аттап
Олар ерте тұрады
Беті-қолын жуады
Оңға-солға шайқалып
Бақылайды ән салып.
«Санамақ» әнін орындаңдар
Бір-дегенім бүркіт
Қанады аңдар үркіп
Екі дегенім есек
Білмейді ол есеп
Үш дегенім – үкі
Ұстап жеді түлкі.
Төрт дегенім тиін
Есебі оның қиын
Бес бегенім – бұл бұл
Сайрағанда дүл – дүл.
Математикалық есептер шығаратын боламыз тақтаға назар аударамыз.
«Кім жылдам»
Ойын шарты: Сандарды ұстап жылдам ретімен тұру.
Өткен тақырыпты пысықтау.
Қай жануарды таңдайсың.
Күшік: Қандай геометриялық пішінді білесің?
Микки маус: 1-ден 5-ке дейін үш тілде санап бер?
Үйрек: «шалқан» ертегісіндегі кейіпкерлерді ата?
Мысық: Жемістерді ата?
Қоян: Үй жануарларды ата?
Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?
Балаларды мақтау-мадақтау.
-Көктем мезгілі.
-Өте жылы болады, ағаштар бүршік атады
-Үш ай бар.
– Он екі ай бар
Ойынның шартын бұзбай ойнап шығады.
– 1 саны бастап тұрады
– 1 ай, 1 күн, 1 Президент, 1 әке, 1 ана.
Асылай
Жіңішке жалғыз таяқша
Бір саны ол айрықша
– Балалар тауып бірінші қояды
– екі саны келеді
– екі қол, екі көз, екі аяқ, екі бет, екі құлақ
Айша
Есіне екі саны тұр
Қараңдаршы неткен тұр
Мойнын алға иеді
Құйрығын артынан ереді
Айша екі санын тауып қатарына қояды.
Ретімен сандарды балалар қойып шығады.
– Бірінші, екінші деп санаймыз.
– Қасқыр тұр
– Есепті балалар ойланып шығарады.
-Қимыл қозғалыс арқылы ьжаттығу жасайды
Санамақ әнін жатқа айтады.
1+1=2
2+2=3
3-2=1
4+1=5
мұқият шығарады.
Ойын шартын бұзбай ойнайды
-Үшбұрыш, шеңбер, төртбұрыш, сопақша
Үш тілде санап береді
Атап береді.
-Алма, апельсин, өрік, жүзім т.б.
– Түйе, қой, ешкі, жылқы, сиыр
– Ия, апай
Күтілетін нәтиже:
1. Баланың білуі: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды «солға», «оңға» бағыттау.
2. Баланың игеруі: сандық және реттік санауды бір-бірінен ажыратуды, «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруді, оқиғаның ретін анықтауды.
3. Баланың меңгеруі: реттік санау дағдысын (бес саны көлемінде) реттік сандар туралы біледі.