5-6 жастағы балалалардың сөйлеу қабілетін дамыту

5-6 жастағы балалалардың сөйлеу қабілетін дамыту
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5-6 жастағы балалардың дене дамуы мен психикалық саулығын қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетілдіру, барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудегі көптеген маңызды мақсаттардың ішіндегі негізгі мақсаттардың бірі- ана тіліне үйрету, сөйлеуін дамыту.
Қ.Жарықбаевтың мектепке дейінгі баланың сөйлеуін дамыту мен оны тәрбиелеу жөнінде ғылымға негізделген пікірлері бар. Мектепке дейінгі балалардың тілі үлкендердің сөзіне еліктеуден қалыптасатынын және баланың тіл сезімі күшті болатынын дәлелдеген. Ол баланың сөйлеуі мектепке дейін тек қарым-қатынас рөлін атқарса, мектепте жүргенде білім жүйелерін меңгерудің негізгі құралы қызметін атқаратынын саралаған.
Бұл үлкен мақсат бірнеше жеке мақсаттарды қамтиды: бұл-тілдің дыбыстық мәдениеті, сөздік қорын байыту, бекіту, қолдана алу, сөйлеу тілінің грамматикасын дұрыс құра білуді дамыту, ауызекі сөйлеу тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Бұл бір жақты бағыт емес деп ойлаймын, бізбен қатар, ата-анамен, ұстаздың да көмегі ауадай қажет екені байқалады.
Баланың тілін дамыту күн тәртібінің барлық сәтінде жүзеге асырылады.
Соның ішінде негігзі оқыту түрі- сабақ, мұнда әр түрлі ойындар мен дидактикалық ойындар кеңінен қолданылады. Барлық сабақта және әсіресе, тіл дамыту сабағында баланың тілін дамытуда тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеудің алатын орны ерекше.
Өз тәжірибемде мектепалды даярлық сыныптың мұғалімімен тығыз байланыста болып, оқушыларды үнемі қадағалап отырамын. Әсіресе тереңірек баланың анық, түсінікті сөйлеу білуіні көңіл аударамын.
Көптеген ата-аналар, егер бала оқи және санай білсе, мектепке дайын деп есептейді, олда оң нәтиже берері сөзсіз, бірақ болашақ баланың психологиялық жетілуі, саушылығы, сөйлеу кабілеті дұрыс қалыптасу қажет. Мектепте табысты оқу үшін баланың тілдік емес функциялары толық дамыған болуы керек. Нәзік моториканың толық жетілмеуі баланың ақыл-ой дамуына кері әсер ететіндігін ғалымдар дәлелдеген.
Кейбір балардың әсіресе үйден келгендіктен сөз ішіндегі кейбір дыбыстардың айтылуын, артикуляциясын дұрыс қолдана білмейтіні де кездеседі. Ондай балалардың көпшілігі р, л, с, ш, з, ж дыбыстарын алмастырып айтатыны байқалады. Қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды айтуға қиналады. Сондықтан даярлық топта сөздің дыбыстық жағын қалыптастырудағы, ең алдымен сөздің дыбысталуын дұрыс айтуды жетілдіруге үнемі назар аударып отыруымыз тиіс.
Осы бағытты негізге ала отырып, алдын-алу мақстатында даярлық сыныппен тілін дамытуда мынадай қарапайым жұмыс түрлерін бастадым

.
1. Сатысы: Айналада бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттардың суреттерін әкелдім, (киім-кешек, ыдыс-аяқ, тағам, мүліктер) баланың қолына беріп, атын сұрап айтқызу. Осы заттардың қайда, неден (ағаштан, шыныдан, шыттан, темірден т.б.) жасалатынын, кімге, неге, не үшін керек екенін сұрап, ұғындырдым.
2. Сатысы: Баланы белгілі заттардан сөздерден сөйлем құрап айтуға үйрету. «Суретті сөздік» атты кітапшада жеке заттар мен оларға байланысты іс-әрекеттер көрсетілген, бала суреттен үйдегі затты көрсетіп, бірде атын атаса, бірде ерекшелігі туралы айтуға жаттыға бастады.
3. Сатысы: жоғарыдағы 2 сатыдан балалар сөзді, сөйлемді дұрыс айтуға үйрене бастаған соң шағын әңгіме құрастыруға дағдылана бастады.
Сонымен қатар: ертегілерде бала сөйлеуіне үлкен орын алады.
Ертегілер ерте заманда, тіпті жазу –сызу өнері болмаған кездің өзінде-ақ туған. Ауыз әдебиеті жас бөбектердің тілін дамытады, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа баулиды.
Осы бағытта қолданыстан қалмай жүзеге асырылып отыратын өз тәжірибемде ертегі айтып отыруды әдіске айналдырдым, екінші ертегіні ойдан құрастыру арқылы тілдік қорын жаттықтыру. Ертегілер қатарына күнделікті балаға таныс: «Бауырсақ», «Шалқан», «Мақта қыз бен мысық», «Маша мен Аю ». Бұл әдісті балалар өте жақсы қабылдайды. Ертегіне толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатында түрлі көңіл көтеру ойындары өткіземін. Мысалға сахналау: балалар бұл кезде өздерінің қалаған кейіпкерлерін сөзін жатқа айтып, жақсылап көрсетуге тырысады. Бұл әдіс арқылы сөздік қоры, есте сақтауы, ойын жинақтай алуы дамиды.
Екінші әдіс ойша шағын ертегі құрастырып шығу. Мен бастап оқушыларға ертегіні бастаймын. Мыс: Ертеде ата мен әже өмір сүріпті. Әрі қарай оқушылар өз ойларын қосып, ертегіні аяқтап шығады. Бұл жерде де баланың сөйлеуі артады.
Бұл тәсілдермен қоса: 1. Тіл сындыру жаттығулары: Ит қалай ырылдайды, ара қайтеді?, жылан қайтеді? Т.б.
2. Шапшаң оқу жаттығулары: Ра, ра, ра- келді ұшып ара, Ла, ла, ла- араның үсті ала т.б.
4. Сөздік қорын антоним, синоним сөздермен байыту. Мыс: ұзын-қысқа, биік-аласа, көрікті-ажарлы, шапшаң-тез т.б.
5. Сонымен қатар ауыз әдебиетінің үлгілерімен: мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілерді, сюжетті суреттерді, ойын-жаттығуларды, балаларға арналған мультфильмдерді пайдалынып, ертегі мазмұнын қайта жаңғыртып, ондағы кейіпкерлерді сынау, сипаттау, сұраққа жауап беру әдіс-тәсілдерін қолдана отырып сөз туындату, сөйлем құрау арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту.
Қорытындылай келе: жеке тұлғаны тәрбиелеуде жан-жақты тіл байлығы мен сауаттылығын, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойын, ертегіні сахналау, логикалық есте сақтау, көру қабілеттері арқылы қоршаған ортаны танып білуге дағдыландыру.

Уайсова Камшат Кабдолқызы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *