Ұжымнан баланың оқшаулану себептерін эксперименттік зерттеу.

Ұжымнан баланың оқшаулану себептерін эксперименттік зерттеу.

 

 

Кіріспе.

 

Зерттеу көкейкестілігі. ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында стратегияның орындалу қорытындыларын шығара отырып, алдымыздағы 40 жыл ішінде Қазақстанның даму көкжиектеріне бағдар берді.Елбасы: «Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу» дей келе, стратегияның негізгі 7 бағытын белгілеген болатын. Соның 4-уін «Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдары» деп атап, Елбасы бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек екендігін нақты көрсетті [1].

Халықтық мәдени құндылықтар мен салт-дәстүрлер, рухани-өнегелік сапаларды жас ұрпақтың бойына сіңіру, патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық ар-намыс, абыройды сезіндіру білімсіз дами қоймайды. Сондықтан да қоғам адамдардың біргіп тіршілік ету ортасы адамдар қарым-қатынасында және жалпы өмір сүру барысында топтасқан (еңбек ету, оқу әрекеті), бірлескен іс-әрекетте ұжымның әрбір мүшесіне белгілі бір істі тұрақты атқарып тұру жүктеледі. Осыдан әрбір адамның қоғамдағы орны қызметі және әлеуметтік рөлі анықталады.

Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы – олардың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына байланысты болатын күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да тиімді әрі нәтижелі түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты.

Осыған орай жас ұрпақты оқытып, тәрбиелейтін барлық ұжымдардың алдына қойылып отырған талаптардың бірі – тәлім-тәрбиеге баса көңіл бөлу. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін алдымен жастарды тәрбиелеуші ұстаздардың өзіне тиісті біліммен қаруландыру қажет.

Мектеп қабырғасында оқушыларға білім беру және тәрбиелеу істерінде жалпыға бірдей шараларына көбірек көңіл бөлінеді. Бұл мектепте балалармен жеке жұмыстар жүргізілмейді деген сөз емес. Оқушылар арасындағы олардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырылу жақтарына баса назар аудару керектігі туындайды.

Мұндай жағдайлар бала өмірі мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан келіп баланың дамуында түрлі ауытқулар, сабаққа қатынасының өзгеруі байқала бастайды. Топтың жеке адамға, адамның топқа әсер ету негізінде оқушылар арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап жатады.

Адамдардың қарым-қатынас процесінде бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі барысында олардың өзіндік қарым-қатынас қызметтерінің маңызы бар. Қарым-қатынас – белгілі бір өзара қатынас қалыптастыру мақсатындағы – мазмұны мен идеяларымен, қызығулармен, көңіл-күйлермен және т.б. өзара әректтермен дамиды.

Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы ретінде көрініс береді.

Қарым-қатынас – адамзат қатынасының күрделі түрі. Кез-келген қарым-қатынас, адамдар арасындағы жай байланыс ғана емес, біріккен іс-әрекет процесінде адамдардың бірін-бірі қабылдауы және ақпарат алмасуы болып саналады.

Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі осы мәселелерді дұрыс жолға қою арқылы мектеп тәжірибесіне балалар ұжымынан оқшауланып қалған оқушыларға көмектесу керектігінен туындайды.

Мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мәселесі, сол арқылы баланың білім алып тәрбиеленуін қамтамасыз ету өзектілігі ешқашан төмендемеген.

Сондықтан мектеп қабырғасында туындайтын қарым-қатынас жасауда қиыншылықтары бар балаларды анықтап, оларға дер кезінде көмектесу – қазіргі мектеп алдында, қоғам алдында тұрған міндеттердің бірі.

Зерттеу мақсаты: Балалардың ұжымнан оқшаулану себептерін және алдын-алу жолдарын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

– Балалар ұжымы туралы ғалымдардың көзқарастары мен ой-пікірлеріне талдау жасау.

– Ұжымның мәні және оның даму кезеңдеріне жіктеу.

– Жоғары сынып ұжымындағы оқшауланудың себептерін анықтау.

– Балалардың ұжымнан оқшаулануының алдын-алу жолдарын табу.

– Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастырып өткізу және оның нәтижесін шығару.

Зерттеу обьектісі: Ұжымнан оқшауланған балалар.

Зерттеу пәні: Балалар ұжымындағы оқшаулануды алдын-алудың мазмұны.

Зерттеу болжамы: Егер оқу процесінің әр кезеңдерінде оқушылардың ұжымдық қарым-қатынасын ғылыми-педагогикалық, психологиялық жағынан жан-жақты талдау жасалып, ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда ұжымдық қарым-қатынас деңгейі көтеріліп, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы, ұйымшылдығы, шығармашылығы мен ізденімпаздығы артып қалыптасар еді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:

Л.С. Выготскийдің балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-әрекетті ұйымдастыру теориясы, В.Н. Мясищев, С.Л. Рубинштейн, Л.И. Божович еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселесіне арналған ілімдер, педагогика және психология ғылымындағы А.С. Макаренконың “жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы қалыптасады” қағидасы, О.Осадьконың оқушының алғашқы мұғалімінің педагогикалық тактикасы мен қарым-қатынасқа түсу стиліне байланысты, оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізетінін дәлелдейтін зерттеулер – біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық жақтарына арқау болды.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері: Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған бірнеше әдістер мен әдістемелер қолданылды. Баланың топтан оқшаулану мәселесіне арналған әдебиеттерге теориялық талдау әдістері, социометриялық әдістеме топтағы сыныптастарына баға беру әдістемесі қолданылды.

Зерттеу базасы: Қарағанды қаласының Мағжан Жұмабаев атындағы № 39 гимназия.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде тақырыпты таңдап алу себептері, оның өзектілігі мен қоғамға қажеттілігі дәлелденіп, тақырыптың зерттелу жайы, зерттеу мақсаты мен міндеттері көрсетілді.

«Балалар ұжымының ғылыми теориялық негіздері» атты бірінші тарауда балалар ұжымы туралы түсінік және ғалымдардың көзқарастары мен ой-пікірлеріне және де ұжымның мәні және оның даму кезеңдеріне талдау жасалынған.

«Балалар ұжымының оқшаулануы және олардың алдын-алу жолдары» атты екінші тарауда балалар ұжымындағы оқшауланудың себептері және де балалардың ұжымнан оқшаулануының алдын-алу жолдары мен ұжымнан баланың оқшаулану себептерін эксперименттік зерттеу жолдары қарастырылған.

Қорытындыда дипломдық жұмыстың орындалу барысындағы қол жеткізілген нәтижелер берілген.

Қосымшада зерттеу барысында қолдалынған әдістер, тәрбие сағаттары, жатығулар мен тренингтар берілген.

Балалар ұжымы туралы түсінік көптеген өзгерістерге ұшырауда. Кеңестік дәуірде балалар ұжымы десек, октябрята, пионер, комсомол ұйымдары туралы сөз қозғаушы едік. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін балалар ұжымы туралы мардымды ештеңе айта алмайтын сыңай таныттық. Бұл дұрыс па? Біздің ойымызша бұл дұрыс емес. Себебі адам қоғамда өмір сүреді, қоғам арқылы дамиды, қалыптасады, тәрбиеленеді.

Бала да өзінің ортасын табады. Ол – отбасы, ауладағы, балабақшадағы, мектептегі, сыныптағы жора-жолдастары. Бүгін де демократиялық мемлекет құрып жатырмыз. Осы демократиялық қазақстандық мектептерде түрлі балалар ұйымдары бар. Осының бәрін бала және балалар ұжымдарын біртұтастықта қарағанымыз жөн. Себебі бала – ұжым мүшесі. Ұжым – тәрбиенің маңызды құралы. Жеке адам өзінің нышанын тек ұжымда дамытуға мүмкіндігі бар.

«Ұжым – ортақ бір мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Адамдардың ұжымға бірігуі көбіне бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нәтижесінде асады».

Ұжым (соllесtіvеs-лат. «жинақтық») қоғамдық маңызды мақсаттар, ортақ құндылықты бағалау және бірігіп дасайтын қызметтер мен қарым-қатынас негізіндеадамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады.

Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде ұжым кез-келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда ұжым-ол топтардың ең жоғары дамыған сатысы [2].

Балалар ұжымындағы оқшаулану мәселесін шешу және оның алдын-алу жолдарын айқындау негізінде тәжірибе жүргізілді.

Зерттеу жұмысы Қарағанды қаласының № 62 ЖББОМ жүргізілді. Сыналушылар: Жоғары сынып оқушылары. Сонымен қатар, бақылаушы және эксперименталды топ іріктеп алынды. Барлығы 43 оқушы, оның 22 оқушылар эксперименталдық топ, ал 21 оқушылар бақылаушы топ болып белгіленді.

Эксперимент жұмысының мақсаты – балалар ұжымындағы оқшаулану мәселесін шешу және оның алдын-алу жолдарын анықтау. Эксперимент жұмысының мақсатын жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

  1. Балалар ұжымындағы оқшаулану мәселесін шешу және оның алдын алу жолдарының мазмұнын айқындап, соған сәйкес әдістеметелерді іріктеу.
  2. Қалыптастырушы эксперимент барысында дамыту жұмыстарын жүргізу.
  3. Қорытынды эксперимент нәтижелерін салыстыру.

Зерттеу барысында жоғары сынып оқушыларының ұжымнан оқшаулануының мынандай өлшемдер арқылы анықталды:

– Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қарым-қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдірді және адамдармен тез тіл табыса білуі;

– Қарым-қатынастағы өзара түсінушіліктің негізінде бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыра алуы;

– Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізін қажетсініп қабылдауы, бағалай және іс-тәжірибеде қолдана білуі.

Осы жүргізілген эксперименттік жұмыстар балалар ұжымындағы оқшаулану және олардың алдын-алу жолдарын анықтауға негіз болды.

Жоғарыда аталған эксперименттік жұмыстардың мақсат – міндеттерін жүзеге асыру барысында жұмыстың үш кезеңі (анықтау, қалыптастыру, бакылау) белгіленді.

Кез-келген ғылымның негізгі факторлары зерттеуден тұратыны белгілі. Алынған мәліметтерге сүйеніп тәжірибелік жұмысты өткізу үшін ойындар, әңгімелер, сауалнамалар және тренингтер іріктеп алынды, соның ішінен Дж. Мореноның социометриялық әдісі мен Т.Лиридің «Мен қандаймын?» әдістемесін атап өтуге болады.

Жалпы алғанда Дж. Мореноның социометриялық әдістемесінің мақсаты – балалар тобындағы тұлғааралық қатынасты зерттеу және бағалау, берілген әдістеме социаметриялық әдістің балаларға арналған варианты болып табылады. Оны жүргізу процедурасы келесідей: сыныптағы әрбір балаға үш ашық хаттан таратылады, оқушы келесі мазмұнды нұсқау алады.

Социометриялық зерттеу әдісінің қорытындысы бойынша мына жағдайлар анықталуы керек:

1) Жеке басын дамыту үшін сыныптағы балалармен өзара қарым-қатынас жасаудың маңызы қандай?

2) Кейбір жекелеген балалардың сыныпқа ықпалы бар ма?

3) Ол шынында да осы топтың лидері ме?

4) Ешкім таңдамаған баланың ұжымдағы жағдайын қалай түсінуге болады?

5) Ерекше шағын топтың құрылуының себебі не?

6) Ол қандай қасиеттерімен балаларды өз маңайына топтастырады?

7) Ұжым өмірінде топтасудың ролі қандай?

8) Қандай жағдайда ұжым құрамы нақты және арнайы болады?

Әдістемені интерпретациялау:

Социометрияда топ ішіндегі қарым-қатынас түрлері көрсетіледі. Қойылған сұрақтар таңдау критерилері деп аталады. Топтағы адамның жағдайын және оның өзгелермен қарым-қатынасын анықтау үшін қолданылады.

Даму деңгейі жайлы шешім:

10-9 ұпай – жоғары;

4-7 ұпай – орташа;

3-1ұпай – төмен; [56]

Жоғарыда аталған келесі әдісіміз Т.Лиридің «Мен қандаймын?» әдістемесін Т.Лири, Г.Лефорж, Р.Сазек 1954 жылы құрастырған. Әдістеменің мақсаты – субъектінің өзі және идеалды «Мен»-ін зерттеуге арналған, сонымен бірге топтағы өзара қатынасты зерттеу үшін де қолданылады. Берілген әдістеме көмегімен адамдармен қарым-қатынасындағы өзіндік баға және өзара бағадағы басым тип анықталады.

Ендігі кезекте жоғарыда аталған әдістерімізді қолдана отырып анықтау эксперименттің көрсеткіштеріне келсек:

Ең алдымен балалар ұжымындағы оқшаулануды анықтап алу үшін Дж. Мореноның социометриялық әдісін қолдандық. Бұл әдістеменің толық нұсқасын қосымша А-дан көре аласыздар.

Әдістеме көмегімен жоғары сынып оқушыларының ұжымнан оқшаулануының жоғары, орта, төмен деңгейлері анықталды.

Жоғары деңгей: тұлға ұжым талаптарына өз еркімен бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай өзінің жекелігін және тәуелсіздігін сақтауы мүмкін. Егер тұлға ұжымға кіргісі келсе, онда ұжымның құндылықтарын, нормаларын және дәстүрлерін қабылдайды.

Орташа деңгей: Тұлға өз тәуелсіздігін барынша сақтап ұжым талаптарына сырттай бағынады.

Төменгі деңгейі: Тұлғаның кейбір өзіндік іс-қимылы ұжым талаптарына сай келмейді.

Эксперимент нәтижесін шығару мақсатында эксперимент топпен бақылау тобындағы балалардың ұжымдағы оқшаулануы анықталып, аталмыш даярлық көрсеткіштер сипататтамасының кестесін құрдық. (Кесте 1, Сурет 1).

 

Кесте 1

Дж.Мореноның социометриялық әдісінің корытындысы

Деңгейі Эксперимент тобы Бақылау тобы
1 Жоғары 23% 24%
2 Орташа 32% 34%
3 Төмен 45% 42%

 

Сонымен, Дж.Мореноның социометриялық әдісің корытындылайтын болсақ эксперимент тобында жоғарғы деңгейді 23%, ал бақылау тобында 24%. Орташа деңгейді эксперимент тобында 32%, ал бақылау тобында 34%. Төмен деңгейді эксперимент тобында 45%, ал бақылау тобында 42% (Кесте 1).

Жоғарыдағы Дж.Мореноның социометриялық әдісің қорытындылай келе біз оны гистограмма түрінде де көрсеттік (Сурет 1).

 

 

Сурет 1. Дж.Мореноның социометриялық әдісінің гистограмма көрсеткіші

 

Жоғары сынып оқушыларының ұжымнан оқшаулануын анықтау мақсатында келесі Т.Лиридің «Мен қандаймын?» әдісін қолдандық. Бұл әдістін көмегімен жоғары сынып оқушылар ұжымындағы балалардың өзіндік бағасын және де қарым-қатынас деңгейін анықтап алу үшін қолдандық. Бұл әдістеменің толық нұсқасын қосымша Б-дан және де қорытынды нәтижелерін төмендегі кесте 2-ден көре аласыздар.

 

Кесте 2

Т.Лиридің «Мен қандаймын?» әдісінің қорытындысы

Деңгейі Эксперимент тобы Бақылау тобы
1 Жоғары 25% 27%
2 Орташа 36% 32%
3 Төмен 39% 41%

 

Сонымен, Т.Лиридің «Мен қандаймын?» әдісің корытындылайтын болсақ эксперимент тобында жоғарғы деңгейді 25%, ал бақылау тобында 27%. Орташа деңгейді эксперимент тобында 36%, ал бақылау тобында 32%. Төмен деңгейді эксперименттобында 39%, ал бақылау тобында 41% (Кесте 2).

Жоғарыдағы Т.Лиридің «Мен қандаймын?» әдісің қорытындылай келе біз оны гистограмма түрінде де көрсеттік (Сурет 2).

 

 

Сурет 2. Т.Лиридің «Мен қандаймын?» әдісінің гистограмма көрсеткіші

 

Анықтау кезенің қорытындылай келе әдістемелер нәтижесі бойынша төмен деңгейді көрсеткендіктен келесі қалыптастырушы кезеңімізде эксперимент тобына дамыту жұмыстарын жүргізуге негіз болды.

Қалыптастырушы кезеңіміздің мақсаты – ұжымнан оқшауланған балаларды ұжымға енгізу және дамыту мақсатында бірнеше жұмыстар жүргізілді. Атап кетер болсақ:

– «Қарым-қатынас мәдениеті» атты тәрбие сағаты.

– ойындар.

– қарым-қатынасты жақсартуға арналған жаттығулар;

– тренингтер оны қосымшадан көре аласыздар.

Дамыту жұмысында өткізілген психологиялық жаттығулар мен тренингтер педагог-психолог жұмысындағы оқшаулану мәселесін шешу және оның алдын алу жолдарына ықпалы тиді деген сеніммен біз келесі эксперименттің бақылау кезеңінің көрсеткішін шығару мақсатында анықтау экспериментіндегі әдістемелерді қолдана отырып эксперименттік кезенің нәтижелерін кесте 3-те көрсеттік.

 

Кесте 3

Дж.Мореноның социометриялық әдісінің корытындысы

Деңгейі Эксперимент тобы Бақылау тобы
1 Жоғары 45% 26%
2 Орташа 36% 33%
3 Төмен 19% 41%

Сонымен, Дж.Мореноның социометриялық әдісің корытындылайтын болсақ эксперимент тобында жоғарғы деңгейді 45%, ал бақылау тобында 26%. Орташа деңгейді эксперимент тобында 36%, ал бақылау тобында 33%. Төмен деңгейді эксперимент тобында 19%, ал бақылау тобында 41%.(Кесте 3).

Жоғарыдағы Дж.Мореноның социометриялық әдісің қорытындылай келе біз оны гистограмма түрінде де көрсеттік (Сурет 3).

 

 

Сурет 3. Дж. Мореноның социометриялық әдісінің гистограмма көрсеткіші

 

Жоғарыдағы әдісімізді қорытындылай келе келесі әдісіміз Т.Лиридің «Мен қандаймын?» әдісінің нәтижелерін кесте 4-те көрсеттік.

 

Кесте 4

Т.Лиридің «Мен қандаймын?» әдісінің қорытындысы.

Деңгейі Эксперимент тобы Бақылау тобы
1 Жоғары 40% 29%
2 Орташа 39% 35%
3 Төмен 21% 36%

 

Сонымен, Т.Лиридің «Мен қандаймын?» әдісің корытындылайтын болсақ эксперимент тобында жоғарғы деңгейді 40%, ал бақылау тобында 29%. Орташа деңгейді эксперимент тобында 39%, ал бақылау тобында 35%. Төмен деңгейді эксперимент тобында 21%, ал бақылау тобында 36%.(Кесте 4).

Жоғарыдағы Т.Лиридің «Мен қандаймын?» әдісің қорытындылай келе біз оны гистограмма түрінде де көрсеттік (Сурет 4).

 

Сурет 4. Т.Лиридің «Мен қандаймын?» әдісінің гистограмма көрсеткіші

 

Жалпы қорытындылай келсек, балалар ұжымындағы оқшаулану мәселесін шешу және оның алдын алу жолдарын айқындау негізінде тәжірибе жүргізілген болатын. Эксперимент балалар ұжымындағы оқшаулану мәселесін шешу және оның алдын алу жолдарының мазмұнын айқындап, соған сәйкес әдістеметелерді іріктеп алған болатынбыз жәнеде балалар ұжымындағы оқшауланудың пайда болу себептерінің анықтауды мақсат етіп сонын барысында экспериментімізді 3 кезеңге (анықтау, қалыптастыру, бақылау) бөліп эксперимент нәтижелерін салыстырып дамыту жұмыстарын жүргіздік, яғни жоғарыда алдымызға қойылған мақсат – міндеттер жүзеге асырылды.

Осылайша эксперимент жұмысының нәтижесінің пайдасы тиімділігін расталды.

 

 

 

Қорытынды.

Қорыта келгенде ұжым – тәрбиеге ықпал етуші құрал. Ол бұрынғыдай тәрбие барысында жазалаушы құрал емес, ол ықпал етуші құрал.

Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы- мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен ролді атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы – бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек, т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.

Мектеп педагогикалық ұйымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.

Дипломдық жұмысты орындау барысында алға қойылған мақсат жүзеге асырылды.

– Балалар ұжымы туралы ғалымдардың көзқарастары мен ой-пікірлеріне талдау жасалды.

– Ұжымның мәні және оның даму кезеңдеріне жіктеу жасалды.

– Балалар ұжымыңдағы оқшауланудың себептерін анықталы.

– Балалардың ұжымнан оқшаулануының алдын-алу жолдары көрсетілді.

– Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастырып өткізу және оның нәтижесі шығару

Балалар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетті. Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінді. Сондықтан, оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын байланыстыра ұйымдастыруына тығыз байланысты.

Егер мұғалім оқушыларға дұрыс тәрбие беріп, білімдерін жоғарылатамын десе, онда ең бірінші кезекте оқушылардың өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп алған жөн.

Олай болса, біз әрбір сабақта, балалармен бірлесе жұмыс жүргізу барысында балаларды тату болуға, бірігуге үйрететін, басқаларды түсінуге, қолдауға көмектесетін ойындар мен жаттығуларды тиімді қолданудың жолдарын білуіміз керек.

Жоғарыда атап кеткен мәселлелерді қамти отырып мынадай ұсыныстар келтіруге болады.

Бірінішіден, ұжымнан оқшауланған балаларға психологиялық көмек көрсетпес бұрын, оқшауланған баланы анықтап алу, оның ұжымнан шектелу себептерін жан-жақты анықтап алу міндеті тұрады.

Екіншіден, балалар ұжымынан оқшауланған оқушылармен жұмыс жүргізу бастамасы оның себебінен туындаған конфликтіні шешудің психологиялық-педагогикалық жолдарын ашу.

Үшіншіден, мұғалімдер, тәрбиешілер тарапынан құрылған топтағы жағымды климат балалардың өз-өзіне сенімділігін арттырады, басқа балалармен белсенді қарым-қатынас жасауы артады, яғни топта жағымды климат орнату.

Олай болса, біз әрбір сабақта, балалармен бірлесе жұмыс жүргізу барысында балаларды тату болуға, бірігуге үйрететін, басқаларды түсінуге, қолдауға көмектесетін ойындар мен жаттығуларды тиімді қолданудың жолдарын білуіміз керек.

Сонымен түйіндей айтқанда, әр оқушының ерекше қасиеттері, оларды қорғау, дамыту мұғалімнің міндеттері. Ал сынып ұжымы – әр балаға  қолайлы ортағы айналуы қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.  Нaзapбaев Н.Ә. Қaзaқcтaн жолы – 2050: Бip мaқcaт, бip мүдде, бip болaшaқ // Қaзaқcтaн Pеcпyбликacының Пpезидентi Нұpcұлтaн Нaзapбaевтың Қaзaқcтaн хaлқынa Жолдayы. Acтaнa: Елоpдa, 2014. – Б. 7.

2. Намазбаева Ж.И. Психология: Оқу құралы. Алматы: Алматыкітап, 2005. 256 б.

3 .Намазбаева Ж.И. Жалпы психология: Оқу құралы. Алматы: Алматыкітап, 2006. 230 б.4

4. Намазбаева Ж.И. Психологические проблемы формирования культурной личности: Учебное пособие. Алматы: Издательство Рауан. 2008. 152 с.

5. Смирнова Е.О. Особенности общения с дошкольниками: Оқу құралы. Москва: Издательский центр «Академия», 2000. 120 с.

6. Поляков С.Д. Технология воспитания: Учебник. Москва: Издательский центр «Владос», 2003. 141 с.

7. Артемов А.И. Әлеуметтану және тұлға психологиясы: Оқу құралы. Алматы: Бастау, 2013. 89 б.

8. Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2011. 96 б.

9.Мұсаева С.А., Т.Б Бегалиев. Жас ерекшелік педагогикасы: Оқу құралы. Астана: Фолиант, 2006. 85 б.

10. Макаренко А.С. Ұстаздық дастан: Оқу құралы. Алматы Заң әдебиет, 1985. 183 б

11 .Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы Оқу құралы. Алматы Заң әдебиет, 1985. 103 б

12. Бабанский Ю.К. Педагогика: Оқу құралы. Москва: Издательский центр «Владос», 1998. 121 б.

13 .Қоянбаев Ж.Б. Педагогика: Оқу құралы. Алматы: Заң әдебиет, 1992. 100-102 б.

14. Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы. Дарын, 2004. 52 б.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *