Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.
Өмірбаев Мейрамбек.
9-сынып оқушысы
№200 орта мектеп
Арал ауданы.Құмбазар ауылы
Есірткі – ерте заманнан қолданылып келе жатқан дерт. Ең алғаш рет есірткінің зиян екенін шығыс ғұламасы Әбуали ибн Сина жазып кеткен. Нашақорлық деген не? Білмеген адамдарға айтайын: Нашақорлық – бұл есірткі заттарға еріксіз тартып әкететін, ағза қызметін қайтымсыз бұзылуларға алып келумен сипатталатын ауру. Есірткі санаға, миға әсер ететін заттар болып табылады. Есірткілер – адам психикасының жағдайын, көңіл-күйін, санасын, айнала қоршаған әлемді қабылдауын, тәртібін өзгертетін заттар.Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан басталады. Адам өзіне бәймәлім нәрсені татып көруге талпынады. Ал кейбіреулер есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді. Бірінші рет көргенде ләззат алып, сосын адам тәуелді болып, іздеумен болады. Сөйтіп, қас-қағым сәтте нашақорға айналып шығады.
Есірткі – орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш зат. Есірткіні бірінші рет қолданған мөлшердің әсері 3-4 сағатқа дейін сақталады. Мөлшерден тыс пайдалану жүректің тоқтап қалуына, өлімге әкеліп соқтырады. Есірткінің кейбір түрлері ауырғанды басу, тыныштандыру мақсатында тек мөлшерімен ғана медицинада қолданылады.Есірткінің түрлері де сан алуан: наша, каннабис, кокаин, героин, морфий, ганиш, ханка, химка, сюзьма, экстази және т.б.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша «Есірткі тұтынушылыр есірткі заттарын заңсыз әзірлегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны, тартқаны үшін жауапкершілікке тартылады».
Есіңде сақта: Есірткі жас өміріңді улайды!
Салауатты өмір салтын қолдайық,
Әдеттен жаман аулақ болайық.
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып қалмайық!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718