ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ – ОТБАСЫ

ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ – ОТБАСЫ

 
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.  Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып түр емес пе?  Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.  Атақты қазақтың ақыны Қасым

Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

Отбасы – шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер,  дегені бар.

Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауғасырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.  Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. «Әрбір баланың мінез құлқы ата – анасының жағымды іс – әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез – құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата – ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», – деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. «Ата – ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата – ана баласының түйсігіне қандай іс салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.

Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», – деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке – өз үйі» – деген тамаша нақыл бар.  Адалдықпен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі.  Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.  Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек»,- деп қазақтың ұлы ақыны,ағартушысы Мағжан Жұмабаев дәл тауып айтқан.  Отбасы –адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болып ұшу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған.

 

Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі:
– бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;
– өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамныњ азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;
– отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек – арқауы;
– отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
– отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы;
– отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеп, елжанды азамат тәрбиелеу;
– отбасы баланың мамандықты еркін жєне саналы таңдауына ықпал жасаушы;
– отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы.

В.А.Сухомлинский «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» дегендей мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Өз тәжірибемде тәрбиенің отбасы бағытында «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы», «Бақытыңды балаңнан ізде», «Оқу мен тәрбие егіз» « Отбасы-алтын діңгек» «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен мектеппен байланысы» тақырыптарында ата-аналармен бірігіп ата-ана жиналысы мен тәрбие сағаттар жүргіздім. Отбасының бала тәрбиесінде алар орны мен маңызы жөнінде пікірталастар мен баяндамалар жүргіздім. Ата-аналарға балаларының тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұрғандығын еске салдым.
Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады » деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты. Балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата – аналар , сіздерге байланысты. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ сондықтан балаларыңыз елін,Отанын сүйетін азамат болып өсіп, сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермейік,! Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті.

«Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.

  1. Атаға қарап – ……………, анаға қарап – ………………
  2. Ананың көңілі балада, ……………………..
  3. Ата-ананың қадірін – …………………………..
  4. атаның баласы болма,……………………….. ( халықтың баласы бол)
  5. Ұяда не көрсең , ………………………………( ұшқанда соны ілерсің)
  6. Балалы үй базар, …………………………….( баласыз үй қу мазар)
  7. ата көрген оқ жонар, ……………………..( ана көрген тон пішер)
  8. Ананың сүті – бал, …………………………..( баланың тілі – бал)
  9. Туған үйдің түтіні жылы, …………………………( туған ананың күтімі жылы)
  10. Анаңа ауыр сөз айтпа, ………………………….( артыңа ауыр жүк артпа)
  11. ………… – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
  12. Әке – асқар тау, ………………………..( ана- шалқар көл)

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің келешегі – бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты »

 

«Сөз тапқанға …..» деп аталады.

Берілген әріптерден басталатын создермен жауап бересіздер.

1.Тілді қадірлейсіз бе?

  1. Орысша сөйлеуге қызығасың ба?
  2. Мерекеге қандай киім киесіз?
  3. Кітап оқығанды ұнатасың ба?
  4. Лотореядан акша ұтсаңыз, не істейсіз?

6 Достарың кімдер, коп пе?

7 Тілімізді, дінімізді жоғалтпау үшін не істеу керек?

8 Түнде аспанда не болады?

9 Баланың бас ұстазы – ата-ана ма?

10 16-желтоқсан қандай мереке тойлаймыз?

ІІ топ

  1. Тіл сүйектен өте ме?
  2. Жаңа жылға қандай сыйлық алғың келеді?
  3. мектепке немен келесіз?
  4. көршіңмен татусың ба?
  5. ауа райы салқын ба?
  6. Дүниедегі қымбат жан
  7. Түлкі неге қу аң
  8. Су тіршілік көзі ме?
  9. Бақыт дегеніміз не?
  10. Ит жеті қазынаның бірі ме?
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *