Мен саған есірткі туралы айтып беремін
Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
Қазіргі кездегі қоғамның басты дерті – нашақорлық. Нашақорлық бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып саналады. Нашақорлық деген не? Жалпы адамды нашақорлыққа итермелейтін не нәрсе? Одан айығудың жолдары қандай? Міне, осы сұрақтар төңірегінде өз ойымды ашып айтып көрейін.
Қазіргі қоғамда көзге көрінбей еніп, іштей үлкен әлекке салып жатқан айықпас аурудың, адамзатқа кесірі мықты кеселдің бірі – ол өрімдей жасөспірім балалардың есірткінің құрбанына айналуы. Есірткінің адам ағзасына тигізер зияны мен өміріне әкелер зардабы қанша жазылып та, айтылып та жүргенмен, есірткі тұтынушылардың саны көбеймесе азаяр емес.
Есірткі деген не? Тарихқа көз жүгіртер болсақ, грек тарихшысы Геродоттың еңбектерінде алғаш Египетте діни ғұрыптарда және емдік қасиеті үшін пайдаланғаны туралы мәліметтер беріледі. Ертеректе есірткіні емдік шаралар үшін пайдаланған болса, қазіргі уақытта еріккеннің ермегі ретінде қолданылады. Адамның есірткіні шамадан тыс пайдаланғаны кесірінен оның жүйке жүйесіне кері әсерін тигізумен қатар, физиологиялық тепе-теңдікті бұзады, оған деген тәуелділікке жол ашылады. Соның салдарынан адам рухани құлдырауға ұшырайды. Осыншалықты есірткінің зиянын біле тұра оны қолданушылар саны неге азаймай отыр? Әсіресе, жасөспірімдердің оған әуес болуының себебі неде?
Үлкендердің айтуынша жасөспірім шақтағы балалар әрнәрсеге әуес, тез бейімделгіш болып келеді. Сондай әуестікпен есірткінің дәмін бір рет татқан жасөспірім кейін онымен қалай “дос” болып кеткенін өзі де аңғармай қалады деседі. Ал оны тұрақты қолданған адамның ақыр соңында нашақор аталуының себебі осында жатса керек.
Есірткіге тәуелділіктің соңы қылмысқа апарып соғады. Өйткені алғашқыда тегін болған дүние, кейін ақша талап етеді. Ал оңай ақша табудың жолы ол қылмыс жасауға апарады.
Мектептегі құқық пәнінен алған білімім бойынша мына мәліметтерді мысалға келтіре кетейін. Есірткі заттарын заңсыз тасымалдау, онымен сауда – саттық жасау, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады делінген. “Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 420, 421, 422 және 423-баптары осы есірткі заттарына арналған.
Менің ойымша, жасөспірім балалардың нашақорлыққа салынуының бірнеше себебі бар. Соның бірі Абай атамыз айтқандай: “Тамағы тоқтық, қайғысы жоқтықтан” азады. Өйткені көп ата-аналар балаларына ерекше қамқорлық жасайды. Олардың “тамағын тоқ, көйлегін көк” етіп өсірсем болды деген көзқараста. Жас балалардың жат қылықтармен әуес болуының бір себебі, олардың отбасындағы рухани тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің кемшін болуынан деп ойлаймын.
#УПНДПКЗО
Орынбасарова Айым
66 орта мектебі
9-сынып оқушысы
Шөмішкөл ауылы