“Толағай” отбасылық сайыс

Байсенгирова Айтолкын Жанабайқызы

№36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасының

дене шынықтыру нұсқаушысы

Жамбыл облысы         Тараз қаласы 

Байсенгирова Айтолкын Жанабайқызы

№36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасының

дене шынықтыру нұсқаушысы

Жамбыл облысы         Тараз қаласы

Білім беру саласы: «Денсаулық», «Шығармашылық».

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан-біз спорт сүйген отбасы»

Мақсаты:  : Таза ауада спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата – аналарды бөбекжай-бақша өміріне араластыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Жас ұрпаққа және ата – аналарға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүруге қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Спортқа деген қызығушылығын арттыру, отбасының үндестікті және балалардың икемділігін, шапшаңдылығын, достыққа тәрбиелеу.

                                                                           Би: «Спортшы қыздар»

 

Жүру барысы:

Береке де осында,
Мерекеде осында
Болып жатыр той думан
Балабақша бағында
Көңіл қойып қараңыз
Жалындап тұр балаңыз
Қатысатын топтарды
Қол соғып қарсы аламыз
І- тобы: «Қарлығаш» тобы

ІІ-тобы «Қыран» тобы

ІІІ-тобы «Солнышко» тобы

 

(Сайысқа қатысушы ата – аналар балалармен саппен жүріп келіп, қатарға тұрады)
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата – аналар, тәрбиешілер және балалар. Бүгін біздің бөбекжай-бақшамызда үлкен мереке, біздің балаларымыздың ата – аналар арасында спорттық сайыс. Сайысқа қатысушы ата – аналар «Бірлігіміз жарасқан-біз спорт сүйген отбасы» атты көңілді сайысқа қош келдіңіздер!
(Ортада ән ұран ойналады)

Жүргізуші:

Отбасылық жарысқа
Әділқазы береді
Жеңімпазын анықтап
Бізге айтып береді – деп әділқазыларды таныстыру.
1. №36 Бөбекжай-бақшаның психологы Ләйля Маратқызы
2. №36 Бөбекжай-бақшасының  медбикесі Фатима Лесбекқызы
3. №36 Бөбекжай-бақшасының орыс тілі пәні мұғалімі Салима Кырымгерейовна

Жүргізуші:

Біздің сайысымыз 7 – бөлімнен тұрады:
1. Ал, қанекей,танысайық»
2. «Кім жылдам»
3. «Бәйге»

4. «Асық ату»  

  1. «Дәл тигіз»
    6. «Отбасы» ойыны
  2. «Арқан тарту»
    Жүргізуші:

Өнер қуып өтер дейміз
Бір баспен өнері жетер дейміз
Сайысқа келген отбасы кезектесіп
Таныстырып өздерін кетер дейміз – дей отырып кезекті таныстыруға берейік.

І-кезең: «Таныстыру»

Шарты: Әр команда өзінің тобының аты мен ұранымен таныстырады.

Жүргізуші:

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің әлі талай бақыттарға –дей отыра

ІІ кезең: «Кім жылдам» ойынын бастаймыз:

Шарты: Әр отбасына  жалауша беріледі, кедергілер арқылы баласы жүгіріп, мәреден айналып келіп, жалаушаны анасына береді, анасы кедергілер арқылы айналып келіп, әкесіне жалаушаны береді, осылайша межеден айналады. Қай топ мәжеге бірінші келеді сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма
Білім мен өнер жараспай
Сайыстың мәні бола ма – деп келесі сайысымыз  қазақтың ұлттық ойыны

ІІІ кезең:«Бәйге» ойынын сайыскерлерімізге ұсынбақпыз.

Шарты: Әр командаға бір жылқы басы жасалған таяқ береміз. Сол жылқының басымен атша шауып мәреге барасыз сол мәреде геометриялық фигураларды  құрастырып қағаз бетіне жапсырасыздар.

 

Би: «Трикита»

ІV кезең: « Асық ату» ойыншының мергендігін, ептілік қабілетін арттыра түседі.

Шарты: Асықты дәл тигізіп, көп асық жинаған ойыншы жеңіске жетеді. Нағыз мерген болып саналады. Сайыскер ұлдарды 1-2 м. қашықтықтан мергендеп асық атуға шақырамыз. (3-топ асық атып,3 минут ішінде қанша асық атады).

V кезең: «Дәл тигіз»

Шарты:  Әр команда мүшесіне екі шығыршықтан беріледі, екі шығыршықты пайдаланып мәреге жетіп, мәредегі ағашқа шығыршықты дәл тигізу керек. Мәре сызығына  тез жеткен топ женімке жетеді.

Жүргізуші:

Қалма жұрттың соңында
Қажет болса мың атта
Аздық етер оныңда
Жету үшін мұратқа

VІ кезең: «Отбасы » ойыны

Шарты: Әр команданың папас ы йығына баламын отырғызып, ал мамасы болса баласына ленталарды беріп тұрады баласы оны жіпке іледі. Қай көоманда коп лента ілсе сол команда жеңіске жетеді. /50 сек уақыт беріледі/

VІІ кезең: «Арқан тарту»

Шарты: Бірінші екі команда жарысады, қай команда жеңіске жетсе сол команда үшінші командаман сайысқа түседі.

Жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің бірліктері кәміл шықты
Бүгінгі отбасылық сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз отбасысы – деп әділқазы алқалары өз шешімдерін шығарғанша әсем биді тамашаланыздар.
           «Ән»

Жүргізуші:

 

Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса, сайыста
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады –

дей отырып, бүгінгі «Бірлігіміз жарасқан-біз спорт сүйген отбасы»

сайыс аяқтаймыз, сайсқа қатысқан отбасыларға мың алғыс, сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *