Елбасы-Ел тірегі
№1«Ботақан» кіші тобының тақырыптық оқу қызметі.
Тақырыбы: «Елбасы-ел тірегі»
Мақсаты: Балаларды Елбасымен таныстыру.Елбасын құрметтейді,сыйлайды.
Білімділік: Балалардың зейінін аударту.
Дамытушылық:Ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданатын керекті құралдар: Суреттер,буклет
Сөздік жұмыс: Елбасы,ту,елтаңба,әнұран.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.
Күтілетін нәтиже:Елбасын біледі,рәміздерді таниды.
ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған оқу қызметінің әрекеті
І Кіріспе бөлім Балаларға шаттық шеңберін орындату.
Армысың асыл күн
Армысың ашық аспан
Армысың жер ана
Армысың Отаным
Жыл мезгілін,ай аттарын,ерекшеліктерін сұрау
ІІ Негізгі бөлім
Педагог балалар,бүгінгі тақырыптық оқу қызметіміз қызықты өтпек,себебі 1-желтоқсан елбасы күні мерекесі.
Балалар біздер Қазақстан республикасында тұрамыз.Қазақстан Республикасының астаны Нұрсұлтан қаласы.Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев.
Н.Ә.Назарбаев жетістіктерін көрсетіп түсіндіру.
-Елбасы туралы тақпақтар айту.
Ерден:Елбасымыз жолдайды
-Әнұранды орындау
Балалар әрбір елдің өз рәміздері болады еліміздің туымен таныстыру,әнұран туралы жалпы түсінік,елтаңба туралы түсінік беру.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай бөбектер
Үлкен болып өседі.
Д/О: «Құрастыру»
Шарты:Ғимараттар құрастыру.
-Балалар,біздің отанымыз қалай аталады?
-Елбасымыздың аты кім?
-Рәміздерге нелер жатады?
Педагог балаларды мадақтап,қорытынды жасайды.
ІІІ Қорытынды бөлім