«Кубик рубик»

Алматы облысы, Көксу ауданы

«Мектеп жанында шағын орталығы бар

Злиха Тамшыбай атындағы орта мектеп» КММ

 

 

 

Мен бастауыш сынып мұғалімі – Сейткожаева Шолпан Серікқызы. Бүгінгі таңда 3А  сыныбына жетекшілік етемін. Бұл сыныпты мен 1-сыныптан бастап алдым. Екі аптадан кейін маған ата-аналар қоңырау шала бастады, балаларының мектепке деген ынтасының баяулығын байқағандықтарын айтты. Сол уақыттан бері мені «не себептен?» деген ойлар мазалай бастады. Мен ең алдымен сабақ соңындағы балалардың көңіл-күйлеріне назар аудара бастадым. Сол себепті көңіл – күй гүл шоғын ұйымдастыруды жөн көрдім. Әр балаға гүл шоғын өздеріне жасатып, өз аттарын жаздыртып,  тақтаға ілгіздім. Күнделікті сабақ аяқталған соң,  өздерінің көңіл-күйлеріне қарай әр түстегі түймелерді сол гүл шоғына жапсыруды ұсындым. Балалар қызығушылықпен күнделікті жапсыра бастады. Менің байқағаным, біраз балалардың сабақ соңындағы көңіл-күйлерінің жабырқау екендігі. Осының себептерін анықтау үшін ары қарай мен мектеп психологімен бірлесіп жұмыс жасадым, анықтап  алғаннан кейін осы себептерді жою мақсатында ең алдымен «Кубик рубик» әдісін пайдаланып көрдім. Бұл жердегі мақсатым балалардың сабақ соңында ойнату арқылы бүкіл сабақ бойы бойларына жинаған жаман энергияларын шығару. Балалар адасқан сөздерді құрастыра отырып, ойларын, көңілдерін осы ойынға салды. Мен өз тарапымнан балалардың әр құрастырған сөздеріне мақтау-мадақтау айтып отырдым. Келесі қолданған әдісім – «Моншақтар тізбегі». Бұл әдісте балалар 30 секунд ішінде жіпке неше моншақ тізіп үлгереді. Сол тізген моншақтардың санына қарай оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып отырады.

Бұл жерде оқушының мектепке жақсы көңіл – күймен келуіне                  ата-ананың да рөлі зор болды.  Сол себепті әр аптаның соңында ата-анаға Алғыс хат жолданды .  Бұның өзі ата-ананың баласына жауапкершіліктерінің арттыратынына бірден – бір ықпал ететінін байқадым.

Осы әді-тәсілдерді қолдану барысында байқағаным  тек  көңіл-күйлеріне ғана оң әсерін тигізіп   қоймай, сонымен қатар сыныптың арасында бір-біріне деген мейірімдері, ауыз-бірліктері, ынтымақтары қалыптасып,  өз-өздерінене деген сенімдерінің арта түсуіне куә болдым.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *