Жеке тұлғаны және оның шығармашылық қасиеттерін,ойлау қабілетін дамыту;
«Мектеп жанында шағын орталығы бар орталығы бар
Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі
Рахимжанова Назым Карлыгашовна
Мақсатым: Оқушылардың шығармашылық ізденістерін өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру арқылы теориялық білімін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Міндеттерім: Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді меңгерте отырып, өз бетімен ақпараттар іздеуге дағдыландыру;
Жеке тұлғаны және оның шығармашылық қасиеттерін,ойлау қабілетін дамыту;
Күтілетін нәтиже:Қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті,ұлттық тәлім тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптасады.Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер және тыңдаушылар!Мен Рахимжанова Назым Карлыгашовна «Мектеп жанында шағын оралығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектептің» бастауыш сынып мұғалімі.Сіздердің назарларыңызға оқушылардың шығармашылықтарын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдер тақырыбында өз идеяммен бөліскім келіп отыр. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы, құзыреттілігі арқылы айқындалса, сол құзыреттілік оқушы шығармашылығы арқылы көрінеді. Ахмет Байтұрсыновтың осы сөзін басшылыққа ала отырып,оқушының шығармашылығын арттыруда алдыма мынандай мақсат қойдым.Оқушылардың шығармашылық ізденістерін өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру арқылы теориялық білімін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Ең бірінші, шығармашылық ұғымына тоқтала кетсем,шығармашылық дегеннің өзі, бұл-адамның өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, жаңа нәрсе табуға бағытталған деңгейі. Ал шығармашылық іс-әрекет- зейінің есте сақтауын, интеллектісін,ойлауын дамытуға арналған іс-әрекеттер.
Осындай іс-әрекеттерді жүзеге асыруда мен тәжірибемде көптеген әдіс-тәсілдерді қолдандым. Соның ішінде «Сұхбат» әдісіне тоқталғым келіп отыр. Бұл әдіс-тәсілдің ерекшелігі оқушының сөздік қорын молайтуға, өз бетінше ізденуге ,дұрыс сұрақ қоя білуге, сұраққа нақты әрі толық жауап алуға, өздерін еркін ұстауға дағдыландыру болып табылады. Осы сөзімнің дәлелі ретінде жаратылстану пәнінен «Қалай дұрыс тамақтану керек?»тақырыбында өткізген сабағында мектеп медбикесі мектеп оқушы арасында сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында оқушы өзі дайындап келген сұрақтарын қоя отырып, жаңа тақырып бойынша өздеріне қажетті мағлұматтар алды.
1 Дұрыс тамақтану дегеніміз не?
2 Пайдалы және зиянды тағамдар дегеніміз не?
3 Неге тағамдар пайдалы және зиянды болып бөлінеді?
4 Қай уақытта тамақтану керек? деген сұрақтар қою жаңа сабақтың тақырыбын ашуға арқа болды. Бұл әдіс- тәсіл арқылы оқушының ізденушілік,шығармашылық, қызығушылық қасиеттері дамуына ықпал етілді.Осы әдіс-тәсілді қолдану арқылы оқушының бойында өздеріне деген сенімділік, жауапкершілік, сөйлей дағдыларын жетілдіруде маңызы зор екенін байқадым. Бұл әдіс-тәсілдерді тек бір сабағымды емес басқа да сабақтарда өмірмен байланыстырып отырамын.Мысалы: әдебиеттік оқу сабағын алатын болсам Ж. Аймауытовтың «Кітап оқу» мәтіні бойынша мектеп кітапханашысымен сұхбат, «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбы бойынша ауылымыздың тұрғыны желтоқсан оқиғасының куәгері Г. Сазанбаева апамызбен сұхбат , Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен сұхбат, Социалистік Еңбек Ері Злиха Тамшыбаева апамыздың отбасымен сұхбаттасты.
Осы идеямды қорыта келе, өтілетін әр сабақ белгілі бір мақсатқа құралған, оқушы танымы мен дүние – танымын қалыптастыра отырып, шығармашылыққа баулу тиіс. Ол үшін мұғалім кунделікті сабаққа жете ізденіп ,жаңа технологияны шебер пайдаланса, сабақ өз мақсатына жеткен, шығармашылыққа бағдарланған, оқушының дүниетанымын байытатын бірден бір сабақ болары хақ.
Шығармашылық – өздігінен еңбектену, іздену жолы. Әр тақырып жүргізілген жұмыс нәтижесі оқушылардың тиянақты ойлауға, сөзді нақты жеткізе білуге үйретеді деп сөзімді қорытындылаймын.