«Саңырауқұлақ алқабы»

Жаңаөзен қалалық білім бөлімі

«Рахат бөбекжай-бақшасы»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК  тәрбиешісі

Курташева  Фатима

 

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Мүсіндеу

Тақырыбы:  «Саңырауқұлақ алқабы»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға    саңырауқұлақ   , олардың орманда   өсетіні туралы түсініктерін кеңейту.Шұңқырлау,жалпақтау,есу  әдістерін  меңгерту.

Дамытушылық: Екі бөлшектен   тұратын қалпағы мен  сабағын  біріктіру  тәсілін   қолдана  отырып  дамыту,улы және  жеуге  болатын   саңырауқұлақтар  болатыны туралы  ой-өрісін  дамыту.Мүсіндеу  арқылы  саусақ  бұлшық  етін  дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатқа деген  қызығушылығын арттыру,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәтін, шаттық шеңберін ұйымдастыру, жұмбақ  жасыру, ойын ойнату, мадақтау, қорытындылау.

Керекті құралдар: тақырыпқа сай  суреттер,  ермексаз,тақтайша, сүрткіш.

Сөздік жұмыс:  саңырауқұлақ

Оқу қызметінің барысы

I.Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын  шуақ  таратты.

Қайырлы  таң,Алтын  күн!

Қайырлы  таң,Көк  аспан!

Қайырлы  таң, Жер  ана!

Қайырлы  таң ,достарым!

Балалардан  жыл мезгілдерін  сурау.

II.Негізгі  бөлім:

Бүгін біздің  өтетін  оқу  қызметіміздің  мүсіндеу.Тақырыбы: «Саңырауқұлақ алқабы».Балалар  мен сендерге жұмбақ  жасырамын,ал сіздер оның  жауабын табыңдар.

Өз  қалпағын  жасынан

Тастамайды  басынан.  (саңырауқұлақ)

-Жарайсындар  балалар, саңырауқұлақтар екі  түрге  бөлінеді,топтасып өседі,олардың  ішінен  улы  және жеуге  жарамды  саңырауқұлақтар бар,жеуге  жарамды саңырауқұлақтарды  тұздайды,қуырады,асады,қысқа жабады.Саңырауқұлақтардың  өз атаулары бар  (шыбынжұт, қозықұйрық, түлкішек,ақ саңырауқұлақ).Олар  қайын,емен,шырша,қарағай  ағаштарының  түбінде  өседі.Енді  балалар ойын ойнаймыз.Дидактикалық ойын:  «Саңырауқұлақты  құрастыр».

Ойынның шарты: Балаларға 4 бөлікке бөлінген  саңырауқұлақтарды  тез  әрі  дұрыс  құрастыру.

Ғажайып сәт:

Есік  қағылады,балалар бір дыбысестілетін  сияқты,балалар бізге  тиыннан  хат  келіпті,мен оны оқимын ( Сәлеметсіздерме  балалар,маған көмектесіңдерші,мен  саңырауқұлақ  табалмай  жүрмін.Маған көмектесесіңдерме деп хат  жолдапты).

-Балалар, тиынға көмектесемізбе?  -ия.

Олай болса саңырауқұлақты жерден  жинап берейік,бірақ балалар  жерде  ешқандай  саңырауқұлақ  көрінбейді енді не істейміз?  Олай болса балалар, ермексаздан  саңырауқұлақ  жасап берейік  тиынға.

Сергіту сәті

Саңырауқұлақ  болайық,

Тізе бүгіп  отырайық.

Жаңбыр  жауса  көтеріліп,

Өсіп-өсіп  алайық.

Саңырауқұлақтың  жасалу  жолдарын  түсіндіру.

-Ақ түсті ермексазды алақан арасына  салып сопақша пішінге келтіреміз,бұл сабағы болады.

-Қызыл түсті   ермексазды домалақтап  бас бармақпен  ортасын үңгіміз,сұқ саусақпен  жалпақтап қалпақ  пішініне  келтіреміз,жан-жағын тегістейміз, бұл  қалпағы.

-Ақ түсті  ермексазды бірнеше ұсақ  түйіршектер жасап  қалпақтың үстіне  жапсырамыз.Саңырауқұлақтың қалпағын  түбіріне  орналастырамыз.

Балалар  саңырауқұлақты  мүсіндей  бастайды.

«Саңырауқұлақ»  саусақ ойыны

Шынашағым,орманға бар!

Шылдыр шүмек,саңырауқұлақ тап!

Ортаң  терек,тазалап ал!

Балаң үйрек,қуыра сал!

Бас бармағым,балығын жеп,

Өсіп қалыпсың толып.

Балалар  бәріңде  саңырауқұлақты  әдемі  мүсіндедіңдер.Осы   әдемі  саңырауқұлақтарды   мына алқапқа   орналастырып  тиынға  береміз.

Балалар ойын ойнағыларың  келеме?

Дидактикалық ойын: «Саңырауқұлақтар»

Шарты: Әрбір саңырауқұлақтың  суреті  екеуден болады,оларды  шеңбер ортасына     қояды,ал балалар   шеңбер бойымен  жүреді. «Бір,екі,үш – қалаған  саңырауқұлақты ал!» деп айтқанда балалар  өздері  қалаған саңырауқұлақты алып,екі бірдей  сурет алған балалар бір-бірінің  жанына келіп тұрады.

III.Қорытынды  бөлім:

-Бізге  бүгін  қандай оқу қызметі  болды?

-Біз не  туралы  әңгімелестік?

–  Біз  ненің  мүсінін  жасадық?

-Саңырауқұлақ  неше бөліктен  тұрады?

Балалар, бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар,жарайсыңдар.

 

Күтілетін  нәтиже:

Нені  білді:  саңырауқұлақ  атауларын,түстерін.

Игеруі: әртүрлі  тәсілдер пайдалана   отырып  мүсіндеуді.

Меңгеруі: Саңырауқұлақтың  сабағы мен қалпағын  бір-біріне берік  бекітуді.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *