эссе мен тәрбиешімін

Эссе
Мен – тәрбиешімін
Алимова Акгул Бурхановна тәрбиеші
«Шаңырақ» балабақшасы
Әр түрлі мамандықтар бар. Барлық осы мамандықтар маңызды және қызықты.
Бірақ біздің әрқайсымыз үшін бізге жан дүниесімен, табиғатымызға айналған
білімдеріміз бен қабілеттілігімізге сәйкес келетіндерді таңдау маңызды. Бір
сөзбен айтқанда, Мамандық таңдау.
Әр адам өз өмір жолын өзін таңдайды.
Маған тағдырдың жазуымен біздің болашағымыз – біздің балалармен бірге
болу берілгені – өз өмір салтымды дұрыс таңдағаным деп білемін.
Әрбір ана баласымен бірге балалық шақты өткізгенде бақыт құшағына енеді.
Ал мен болсам, балалық шаққа әр күн сайын енемін. Мен өзімді үлкен әріпті
«Ана» деп айта аламын, себебі менде жүздеген балам бар, олардың бәрі менікі,
сүйкімді, әр біреуіне мен өз жанымның, өз жүрегімнің бір бөлшегін
ұсынғанмын.
«Еңбегіннің ел кәдесіне жарағанын өзі – үлкен бір бақыт». Адам өмірінде
болашағына жол сілтейтін маңызды шешім – кәсіп таңдау. Көп жас мамандар
кәсіби бағыт беретін саланы тандайды, ал мен тандаған мамандық – тәрбиеші.
Мен өзімнің шешімімнің дұрыстығын, мамандық таңдауда қателеспегенімді
білемін. Балалардың жарқын жүзі мен күлкісі, ата – аналардың ықыласы мен
ризашылығы, алғысы – соның белгісі десем де болады. Біздің мамандық басқа
мамандық иелерімен салыстыратын емес, жауапкершілікке, қомқорлыққа,
сүйіспеншілікке толы.
Менің өмірім балабақша……Менің кішкентай бөбектерім… Әр күні олардың
сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы
алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті,
шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем,
балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.
Мен тәрбиешімін… Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала
ортасында жүрген жан ғана түсіне алады
Балаларды «өмір гүлі» десе, тәрбиешілерді «бағбандар» деп атау тегін емес.
Сол себепті маған жер бетіндегі ең қымбат қазына-балаларға ақыл, мейірім,
мәңгілік сияқты асыл қасиеттерді себу жүктелген.
Мен – Тәрбиешімін!…

.Жұмыс барысында маған қиындықтар болды, бірақ көп
ұзамай өз тобымның балаларына бауыр басып кеттім. Әр күні олардың
сүйкімді қылықтары мен жүздерін көріп, былдрлаған тілдерін естігенде, еріксіз
жүзіме күлкі үйіріліп, жас балаша бірге ойнап, солардың күйіне енмін. Мен
балалардың анасындай болуға тырсамын, оларды жақсы көріп, сөздері мен

істеріне түсінушілік танытып, мейірімділікпен қараймын. Қазақ атамыз
айтқандай “бес саусақ – бірдей емес”- деп топтағы әр баланың мінезі де көңіл
күйі де әр түрлі.Солардың жан дүниесін түсіну, көңілін табу менің міндетім деп
білемін. Әр балам мен үшін баға жетпес маржанға тең. Маржан тастардың асыл
болса мен үшінде әр балам жеке дара, көзімнің қарашығындай десем де болады.
Әр бала балабақшаға келгенде, өзін еркін ұстай білсе, балабақшадан
жылулықты сезінсе, өз үйіндей санаса, ол тәрбиешінің зор еңбегімен ықыласы,
балаларға деген махаббаты.Француз ағартушысы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда
ақ қағаздай болып таза туды,оның үсітнен шымай қалай салсан қағаз бетіне
солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай
тәрбиеленеді» – деген осы нақыл сөз біздің жұмысқа арналғандай.
Балабақшадағы әр бала бүгінгі ұрпақ, ертеңгі келешек . Сондықтан біз оларды
үлгіліде тәрбиелі болуға, Келешекте өздеріне мақсат пен арман жолын
қалыптастыруға жол көрсетіп, бағдар береміз. Бауыржан атамыз:«Ешкім іштен
батыр болып тумайды, батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге
байланысты қалыптасады» – деп айтқандай біздің маман иелерінің еңбегінің
зор екенің осыдан да көруге болады.Тәрбиеші бала зейінің дамыта отыра жеке
тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті.
Тәрбиеші өзінің әрбір өткізген сабағын баланың ақыл- ой парасатын дамыта
білетіндей, баланың жас шамасына қарай, қабілет ерекшелігіне сай құрылса,
баланың ынта- жігері артып,құлшынысы оянатыны сөзсіз. Мен өзімнің еңбек
жолы мен сабақ барысында балалардың ой өрісін, тіл байлығын дамыту
мақсатында ойындар видеороликтер мен ертегілерден көрініс
ұйымдастырамын. Себебі бала рольде өзі ойнаса сол кейіпкердің жақсы
қасиеттерін алып, жаман қасиеттерінен жиіркеніп, өзінің бойын сіңіреді
Біреулер үшін бұл жол-қиын да соқтықпалы болуы мүмкін. Бұл тағы бір
мұғалім мамандағының өмір екенін дәлелдейді, ал өмір әр қилы кезеңдерден
өтуі керек.
Осы есімді мақтанышпен алып жүрген адамдарға бір ортақ қасиет бар, ол
балаларға өз жүрегің сыйлап, онсыз өмір мәнін елестете алмау.
Мен үлкен әріпті педагогтар бар екеніне тағзым етемін, шеберлікті ғана
көрсетпейді, сонымен қатар адами құндылықтар да өте маңызды.
Л.Н.Толстой жазған: «Егер педагог өз ісіне махаббатпен қараса, ол нағыз
маман болмақ»
Егер де тәрбиеші балаға ата-анасы сияқты махаббат сыйлай алса, ол көп кітап
оқыған, бірақ балаға деген махабаты жоқ тәрбиешіден әлдеқайда жоғары
болмақ.
Жұмыс үрдісі маңызды емес, ең бастысы әр мезетте балалармен өткізген шағың
қымбат. Бірақ өмірде бәрі де бір-бірімен байланыста.
Баланың махаббаты ол кез келген марапаттаулардан да артық болады.
Ең жоғары марапат – бұл балалар махаббаты!
Қорыта келгенде өз мамандығымды терең меңгеріп үздік тәрбиеші болып
қалыптасып, жоғары нәтижелі жетістіктерге қол жеткізетініме сенімдімін.
Еңбек жолымда балаларға мейірім төге отырып,өмірге деген кызығушылығын

оятуға, адамгершілікке, бірбіріне деген сүйіспеншілікке және олардың биік
белестерге жетуіне, жауапты екенімді еш уақытта да естен шығармаймын.
Менің өмірдегі ұстанымым:
1. Мейірімділік, шыдамдылық, ізденімпаздық;
2. Балалардың мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау;
3. Өз мамандығымды сүю және мақтан тұту.
Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиеленушілердің
заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттеерін
дамыту қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. «Адамның адамшылдығы
– ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»
деген Абай сөзін өмірлік қағида еткен әрбір тәрбиеші, ұстаз құрметті.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *