Көшедегі көліктер

Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жапсыру»
Тақырыбы: «Көшедегі көліктер»
Мақсаты: Бейнелерді қиып алып, жапсыру икемділіктерін арттыру, жол қауіпсіздігін сақтауға үйрету. Көлік түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығын, көлік түрлерінің атауын, қызметін меңгерту.
Әдіс-тәсілдері және қолданылатын технологиялар: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, ТРИЗ, АКТ, ойын технологиясы.
Көрнекі –құралдары: видеокөрсетілім, слаид,тақырыпқа сай суреттер; түрлі-түсті қағаздар ,желім, қайшы, үлгі сурет.
Оқу қызметінің барысы:
Тәрбиеші: Сәлемдесу. Балалар келген қонақтармен амандасып алайық. Сәлеметсіз бе-здравствуйте- good morning.
Тәрбиеші: Видеокөрсетілім Жол қауіпсіздігіне байланысты көрініс көрсету. Балалар қалай ойлайсыңдар неліктен жол полиция қызметкері бірінші арнайы көліктегі машиналарды жүргізді?
Ендеше бұл жөнінде жол сақшысынан сұрап көрген едік жауабын тыңдайық.
Жол полициясы: Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңы бойынша дыбыс сигналдары бар жедел жәрдем және арнайы қызмет көліктерінің арнайы жарықтары қосылған кезде бірінші жүруге кезек беріледі.
Тәрбиеші: Балалар сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Көліктер неше топқа бөлінеді.
Балалар: Жер, су, әуе көліктері
Тәрбиеші: Балабақшаға сендер қандай көлікпен келдіңдер?
Бүгін біз «Жапсыру» оқу қызметінен «Көшедегі көліктер» тақырыбында көліктерді жапсырамыз.
Балаларды үлгі жұмыспен таныстыру, қағазды қиюды көрсету.
Ойын: «Жол әліппесі» Мақсаты: Балаларға жол ережесі туралы білімдерін бекіту, жол белгілерін ажырата білуге үйрету.
Шарты:1)Балаларға жетекші текшелерді көрсету, қандай белгі екенін табады және сол белгі бойынша қимылын орындайды.
Тәрбиеші:Балалар жұмыс барысында 3-топқа бөлінеміз.
1-топ. Түрлі-түсті қағаздардан жеңіл көлік түрлерін жапсырады.
2-топ. шпатель таяқшаларынан арнайы көлік түрлерін жапсырады.
3-топ. Фиомераннан жүк көліктерін жапсырады.
Балалар жасаған жұмыстарын көрмеге іледі.
Қорытынды.
Балалар көлік түрлерін қандай материалдардан жапсырдыңдар?
Қөліктердің қызметі қандай?
Көлікті кім жүргізеді? Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін аяқтау, балалар жұмысына талдау жасау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Көшедегі көлік түрлерін түрлі материалдардан жапсыруды;
Түсінеді: Көліктердің атқаратын қызметтері әр түрлі болатынын;
Қолданады: Қайшы мен желімді ұқыпты қолданады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *