Ыдыстағы көкөністер
Білім беру саласы:Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу- қызметі:Жапсыру
Тақырыбы: «Ыдыстағы көкөністер»
Мақсаты:Мультфильм көрсету арқылы көкөністер туралы білімдерін кеңейту.Көкөністер туралы фланеграфта бейнелерді,көкөністерді орналастыра білуге үйрету;
Әдіс- тәсілдері:Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап;
Көрнекіліктер:интерактивті тақта,фланеграф,фетрдан жасалған көкөністер;
Билингвизм:Көкөніс-овощ.
Іс- әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Балалармен сәлемдесу.
Мультфильм тамашалау.(Көкөністер туралы )
Ал балалар мультфильм не туралы екен?
Бұлардың барлығын бір сөзбен көкөністер дейміз.
Сөздік жұмыс:Көкөніс-овощ.
Жарайсыңдар!
Слайдтан жемістердің,көкөністердің суреттерін көрсету.
Ғажайып сәт.
-Балалар қараңдаршы,мынау не?
-Дұрыс айтасыңдар.
-Балалар тасбақаның қарны ашып тұр екен.
-Енді не істейміз?
-Тамақтандыру керек. Ол үшін біз оған көкөністер берейік.
Ол үшін алдымен біз тарелкеге көкөністі орналастырып алайық.
Балаларға жұмыс барысын түсіндіру.
Тарелкеге көкөністерді орналастыру жолын көрсету.
Түсіндіріп болған соң өздеріне жасату.
Көмек керек балаларға көмектесу.
Жұмыстарын қадағалау.
Қызанақтың түсі қандай екен?
Пішіні ше?
Қиярдың түсі қандай екен?
Ал пішіні ше?
Сәбіздің түсі қандай?
Пішіні ше? Сәлемдеседі.
Мультфильмді тамашалайды.
Тәрбиешімен бірге қайталайды.
Тасбақа.
Назарларын тәрбиеші нұсқаған жақа аударады.
Балалардың жұмысы.
Сұрақтарға жауап береді.
Рефлексиялық-түзетушілік Ал енді бәріміз ,тәрелкедегі көкөністерімізді тасбақаға апарып берейік.
Балаларды мадақтау.
Қорытындылау.
Жасап болған соң тасбақаға апарып береді.
Тамақтандырады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: түрлі пішінді үйлесімді орналастыруға болатынын
Түсінігі: көкөністер туралы.
Көрсете білуі: өз жұмысын
Қызылорда қ.
2020-2021оқу жылы