Құтты болсын – Жаңа жылІ

«Қош келдің – Жаңа жыл»

Калмаганбетова Салтанат Сайлауовна

 (Музыка қосылады фея кіреді)

Жаңа жыл келді,

Азаймасын ән мен жыр.

Ел көңілін көтерер

Құтты болсын, жаңа жыл!

Бәрекелді, жарайсыңдар, балалар! Қараңдаршы айнала неткен керемет,бәріміз әп-әдемі жаңа жылдық киімдерді киіп жиналып қалыппыз,бірақ бізің шыршамыз көңілсіз,қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен сендердің әдемі сөздеріңмен шыршанын шамын жағайық!

Бәрі: Қуант бізді, таңырқат

Шыршамызды жарқырат!

Ән: «Жаңа жыл» (хор)

Фея: Міне керемет, балалар, ендеше шыршамыздың жанына келіп жаңа жылдық тақпақтарымызды айтайық.

Айша:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Қайыржан:

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, әке-ана

Құтты болсын, жаңа жыл.

Фея: Жарайсыңдар, балалар, айтыңдаршы жылда жаңа жылға бізге кім келуші еді

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!

Фея: Қанекей, ендеше барлығымыз бірге шақырайық.

Бәрі: Аяз ата! Ақшақар! (3рет)

(Әуенмен қоян келеді)

Қоян: Шыршаны айналып секіріп таң қалып, барлықтарың қандай әдемі боп киініп алыпсыңдар

Ал, мына ағашты әдемі қылып безендіріп қойыпсыңдар бұл не ағаш.

Фея: Біз жаңа жыл мерекесін тойлатып жатырмыз , ал бұл шырша ағашы.

Қоян: Ааааа, мен мұнда би билегім келіп қояндарымды іздеп келіп едім

Фея: Иә, олар осында, бізбен жаңа жылды тойлатып жатыр

Би: «Қояндар»

Фея:Ал, балалар, барлығымыз Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аяз ата! Ақшақар! (3рет)

Аяз ата: Құтты болсын балалар,

Келген Жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп ұл-қыздарым.

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем,

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем.

Ойларың мен бойларыңда,

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?!

Ал, мен кіммін айтыңдаршы,

Мені тани алдыңдарма?!

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар: Сәлеметсіңдерме, балалар, Жаңа жыл мерекесі құтты болын!

Фея:Сіздерге арнаған балалардың ән мен  тақпақтары бар

Ән: «Ақ Қоян» (Ұлдар)

Ұлбибі:

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де.

Сұлтан:

Қайда қызық болса думан,

Аяз ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен

Балалармен бірге болды.

 Ән: «Жаңа жыл»(қыздар)

Ақшақар: Осында отырған сұлу қыздарыммен би билейікші

Би: «Снежинки» (таяқшамен)

Ойын: «Қар жинау»

Ән: «Елочка» (хор)

Фея: Қане, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.

1.Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата

Жылда келеді бізге…………(аяз ата)

2.Шырша бүгін кәделі,

Сендер бәрің………….(әдемі)

3.Ойын-күлкі таралсын,

Құтты болсын ………….(жаңа жыл)

(Әуенмен билеп торай кіреді)

Сәлеметсіңдер ме! Жаңа жыл құтты болсын,мен осы жылы барлық жанға жақсылық әкелемін.Берекелі де ырысты жыл болсын,менің кішкентай торайларым қайда?

Би: «Торай» (шошқалар биі)

Жәннат:

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

 Нұрсұлтан:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оқ болсын

Төрле төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Ән: «Din don» (слайд)

Фея: Балалар енді біз рахметімізді әнімізбен жеткізіп,Аяз ата мен Ақшақармен қоштасайық.

Ән: «Аяз ата» (шеңбер болып Аяз атадан айналып айтамыз)

Фея: Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды,сіздерге көп рахмет.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *