Қоянның сәбіздері
Күні : 22.11.2020жыл
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет.
Тақырыбы: Қоянның сәбіздер.
Мақсаты:
Білімділік : Сәбіздің суретін бояуға үйрету.Қылқаламды дұрыс пайдаланып сүртуге, тазалыққа үйрету.Бейнені қабылдау қабілеттерін дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге үйрету.Қылқалам пайдалана отырып сәбіздің суретін салдырту.
Дамытушылық: Балалардың қол икемділігін арттыру. Су бояумен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік:Суретті бояған кезде батыл қимыл қозғалыс жасай білуге,жұмысты ұқыпты әрі таза жасауға тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекі құралдар : сәбіздің сұлбасы, акт жемістер мен көкністердің суреттері.
Қажетті құрал –жабдықтар: сурет дәптері, бояу, қылқалам, су, сүлгі, қарындаш.
Сөздік жұмыс : сәбіз,
Қостілділік компонент : Сәбіз – морковь, қоян-заяц, жемістер-фрукты, көкністер-оващей.
Балалар бүгін саяхатқа шықырамын барасындар ма?
-Ол үшін мына өлең жолдарын айтамыз.
Жылулық шеңбері.
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша.
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша
– Балалар қараңдаршы алдымызда орманда біреу жүрган сияқты
– Ол не екен ?
– Балалар, қараңдаршы, қоян көңілсіз екен. Неге көңілсіз екенін сұрайықшы.
Сұр қоян:
Балалар мен көжектеріме беретін азығымды(көкеністер мен жемістерім) таба алмай қалдым. Бақшамдағы сәбіздерім жоқ болып кетіпті не істерімді білмей тұрмын? Енді көжектерім азықсыз қалатын болды деп жылайды.
– Сұр қоян жылыма ,қазір біздің балалар сенің көжектеріңе азық жинап береді ,
– Ренжіме сұр қоян сен де бізбен бірге жүріп балалрдың жұмысын көріп қайт.
Сұр қоян: Балалар мен сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр? Бірнеше сұрақ қойсам бола ма ?
Тәрбиеші : -балалар сұр қоянның сұрағына жауап береміз бе?
-Ия жауап береміз
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі бізге нелер сыйлайды?
-Қандай жемістер мен көкөністерді білесіңдер?
-сұр қоян көкөністерден басқа не жейді?
– Балалар жауабы.
-Балалар ,мен сендерге сәбізді қалай жасау керек екенін түсіндіріп өтемін ,мұхият тыңдап отырамыз.
-Балалар алдымызда бақша бар екен соған жетеміз дегенше мына кедергілерден өтеміз керек, бұл кедергілерден өтпес бұрын мына сергітуімізді айтамыз.
Сергіту сәті:
Ерінбе қояным
Ертеңмен оянам
Секеңде сен енді,
Шынықтыр денеңді.
Бір,екі ,үш,бір,екі ,үш
.
Әуен ойналып тұрады
-Балалар биік аласа бөрене арасымен өтеді және аттап өтеді.
Балалар біз бақшаға да келіп жеттік .
Бұл бақшаның сәбіздері қайда кеткен .Қоянға сәбіздерді тауып беру үшін мына жерге жайғасып отырыңдар .
Алдымызда дайын сәбіздің сұлбалары жатыр екен соған қылқаламмен ,қызығылт түсті бояуды пайдалана отырып сәбізді жоғарыдан төмен қарай бояу мен бояймыз.
-сәбізді жасағаннан кейін жасаған жұмыстарыңды бақшаға апарып қоямыз
-Сендердің жасаған сәбіздеріңді көріп сұр қоян қуанып қалсын.
-Жарайысыңдар балалар ,өте жақсы жұмыс жасадыңдар!
-Балалар сендер не жасадыңдар ?
-Сәбіздің түсі қандай?
-Балалар жемістер қайда өседі? Ал көкөністер ше?
Д/о «Суреттшінің қатесін тап?» ойнату
Қоян ,көкеністер тақпақтар айтып беріңдерші
Рамина:
Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым
Сытыр еткен бұтақтан
Елең етіп ояндым.
Мақал – мәтелдер:
Бейбарыс
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Мерей
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу қызеті осымен аяқталды
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: сәбіздің суретін салуды.
Түсінеді: бейнені қабылдауды, түстер мен ырғақты сезіне білуді.
Қолданады : гуашпен әр түрлі көлемді көкөністерді сопақша пішінді, үшін үшкір