Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы

Жоңғар әскерлерін талқандағаннан кейін, аға ханды сайлау үшін бірден шақырылған жалпықазақ сиезі ешқандай нәтиже берген жоқ. Билер Әбілхайыр мен 1723-1729 ж.ж. соғыс барысында позициясы нығайған Орта жүздің ханы Шахмұхамбеттің (Семеке) де кандидатурасын қолдамай, беделі аз Болаттың ұлы Әбілмәмбет сұлтанды қолдады. Бұл хан билігінің күшею қауіпінен және билердің хан, сұлтандармен билікті бөліскісі келмеуінен болған еді. Осы алауыздықтың кесірінен Әбілхайыр мен Семеке өздерін қолдайтын батырлармен сиезді тастап, өз жерлеріне кетіп қалды.
Жоғарғы билікке жету үшін қазақ элитасы тарапынан қолдау таппаған Әбілхайыр сыртқы күштерден қолдау іздей бастады. 1730 жылы ол Уфаға орыстардың бодандығын қабылдау туралы ұсыныспен елшілік жіберді. Кіші жүздің ханының қазақтардың ресей бодандығын қабылдау идеясының бастамашысы болуы тегін емес. 1726 жылдың басында ол өзінің елшісін бодандық туралы патша үкіметімен келіссөздер жүргізу үшін Петербургке аттандырды. 1730 жылы мамырда Кіші және Орта жүздердің старшындарының сиезінде Әбілхайыр ханға Ресеймен қазақ-башқұрт қайшылықтарын реттеу және жоңғарлармен күресте көмек алу мақсатында келіссөздер жүргізу тапсырылды. Хан өзінің өкілеттіктерін асыра пайдаланып, ресей бодандығын қабылдау туралы келіссөздерді жүргізді, осы арқылы ішкі саяси күресте қолдау тапқысы келді.
Оның негізгі мақсаты хан билігін орталықтандыру болатын. Бодандықты ресімдеу үшін хан ордасына келген ресей елшісі А. Тевкелев өзінің 5 қаңтар1732 жылғы баянатында Әбілхайыр хан басшылыққа алған шынайы себептерді былайша баяндады: “Әбілхайыр хан оның императорлық мәртебесінің бодандығын қабылдап, өзі билікте болғысы келеді және өзінің балаларының мұрагер болуын қалайды”. Мұнан басқа, хан еділ қалмақтарының, башқұрттар мен орал казактарының қазақ жеріне шабуылдары тоқтайды деп үміттенді. Зерттеуші А.И.Левшин өзінің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларына сипаттама» атты еңбегінде Қазақ халқының Ресей империясының қол астына кіру үрдісін алдымен кіші жүз бастады. 1730 жылы Петерборға Әбілқайыр хан Сейтқұл батыр Қойдағұлұлы мен Құтлымбет би Қоштайұлы бастаған елшілік жібереді. Қараша айында елшілік Петерборға жетіп, Әбілқайырдың хатын Ресей патшайымы Анна Иоановнаға тапсырады. Хатта Кіші жүзді Ресейдің қол астына алуы туралы өтініш жазылған еді. Бұл уақытқа дейін Ресей империясының құрамына Еділ қалмақтары, Кабаодин князьдығы, Грузия толық қосылған болатын. Әбілқайыр елшілігі жоғары дәрежедегі сый-құрметпен қабылданады.
1931 жылы 19 ақпанда Анна Иоановна «Әбілқайыр және бүкіл халқына оларды Ресей империясының қол астына алуы туралы» грамотаға қол қояды. Онда Әбілқайыр хан мен оның қол астындағы халқы Ресей бодандығына мынадай шарттар негізінде қабылданатыны туралы баяндалады:
Біріншіден, жоғары мәртебелі императорымызға адал қызмет етуге және бізге башқұрттар қызмет еткені сияқты жасақ төлеуге ант бересіздер.
Екіншіден, Ресейдің қол астындағы халықтардан ешқандай да тонаушылықпен өкпеге жол берілмейді.
Үшіншіден, егер сендерге, қайсақтарға басқа біреулер басқыншылық жасаса, Ресей императоры тарапынан қорғаласыздар және Сіздер Ресейдің қол астындағы ел болып табыласыздар.
Төртіншіден, башқұрттар мен Ресейдің құрамындағы басқа да халықтар сіздердің тұтқындарыңызды босатады, ал сіздер Ресейлік тұтқындарды босатуға, башқұрттармен және қалмақтармен бейбіт жағдайда тұруға уәде етесіңдер.
Әбілқайыр ханмен басқа да ел билеушілерінің тиісті ант қабылдау үшін Ресейдің сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.Тевкелев бастаған елшілер жіберіледі. (оның татар есімінің баламалары Мамет мырза Кутлумбет мырза, Құтлу-Мухаммед.)
Бұл мәселені тек қана П. И. Рычков пен А. И. Левшин тыңғылықты түрде ашып көрсеткен. Қазақ билеушілерін Ресейде бодан болу жөнінде ант беруге көндіру үшін А.Тевкелевке маңызды саяси өкілеттер беріледі. Сондай-ақ оның елшілігі қазақ жерінде геодезиялық жұмыстар жүргізіп, аймақтың географиялық жағдайын, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі туралы мәліметтер жинауы тиіс болды.
Оған «қырғыз қазақ ордасына, оларды Ресей қол астына алуы үшін жіберілген шығыс тілдерінің аудармашысы М. Тевкелевке Мемлекеттік Сыртқы істер коллегиясының нұсқауын» табыс етіледі. Бұл «Нұсқау» бойынша ол күнделік журнал жазып отырған. Ондағы жазбалар сол кездегі тарихи оқиғалар жайында құнды деректер бере алады. «Нұсқаудың» бір бөлімінде: «Хан мен ақсақалдар және басқа қырғыз-қайсақтар адалдық туралы антты Құранмен берсін, оны бекіту үшін қол қойып Тевкелевке берсін… егер олар одан бас тартса, онда Тевкелевке оларды көндіру керек», – деп жазылған.
Анна Иоановна Әбілқайыр ханға арнайы сыйлық жіберген, қылыш, құндыз ішік қара түлкі терісінен жасалған екі тымақ т.б. Сыйлықтарды хан ант қабылдаған соң ғана беруге нұсқау берілген. 1731 жылы 5 қазанда А. Тевкелев Ырғыз өзені бойындағы Майтәбе деген жердегі Әбілқайыр ханның ордасына келеді. Елшілерді Әбілқайырдың үлкен ұлы Нұралының басшылығымен үлкен құрметпен қарсы алады.
Елшіні қабылдау рәсімі кезінде қазақ билеушілері арасында Ресей бодандығын қабылдау мәселесінде бірлік пен бірауыздылықтың жоқтығы білініп қалады. А.Тевкелев, қазақ сұлтандары мен ақсақалдардың бір бөлігінің орыс мемлекетіне бағынуға үзілді кесілді қарсы екендерін түсінеді. Олардың ханның ықпалына көнбейтінін де сезеді. Бұл жағдайды шиеленістіре түскен еді. А. Тевкелевтің көмекшісі, Ресейге адал қызметі үшін Тархан атағы берілген. Башқұрт Таймас Шаймовқа табын руынан шыққан Бөгенбай батыр, оның күйеу баласы Есеп батыр және оларға туыстық байланысы бар Құдайменді мырза Ресей бодандығын қабылдау турала антты қолдауды ұйымдастыруға келісім береді. Онымен қоса А. Тевкелев «Тәуелсіздікті жақтаушылардың бірнешеуін сатып алды».
Нәтижесінде 1731 жылы 10 қазанда Ресей бодандығын қабылдау және оған адал болу жөнінде антты бірінші болып Әбілқайыр хан, онан соң Бөгенбай батыр, онан кейін Есет батыр мен Құдайменді мырза береді. Ханнан басқа алғаш ант қабылдағандар ішінде 29 беделді би-сұлтандармен батырлар болды. Осылайша Кіші жүздің Ресей империясының қол астына өтуінің алғашқы қадамдары басталған еді. 1732 жылы 24 қарашада А. Тевкелев кері қайтады. А.И.Левшин өзінің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларына сипаттама» атты еңбегінде Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі қазақ халқының тағдырындағы өте қиын кезеңде дипломатиялық жолмен басталып, ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында әскери күш қолдану арқылы аяқталады.
Жоңғар әскерлерін талқандағаннан кейін, аға ханды сайлау үшін бірден шақырылған жалпықазақ сиезі ешқандай нәтиже берген жоқ. Билер Әбілхайыр мен 1723-1729 ж.ж. соғыс барысында позициясы нығайған Орта жүздің ханы Шахмұхамбеттің (Семеке) де кандидатурасын қолдамай, беделі аз Болаттың ұлы Әбілмәмбет сұлтанды қолдады. Бұл хан билігінің күшею қауіпінен және билердің хан, сұлтандармен билікті бөліскісі келмеуінен болған еді. Осы алауыздықтың кесірінен Әбілхайыр мен Семеке өздерін қолдайтын батырлармен сиезді тастап, өз жерлеріне кетіп қалды. Жалпы осы кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы туралы қорытындылайтын болсақ, жоғарғы билікке жету үшін қазақ элитасы тарапынан қолдау таппаған Әбілхайыр сыртқы күштерден қолдау іздей бастады. 1730 жылы ол Уфаға орыстардың бодандығын қабылдау туралы ұсыныспен елшілік жіберді. Кіші жүздің ханының қазақтардың ресей бодандығын қабылдау идеясының бастамашысы болуы тегін емес. 1726 жылдың басында ол өзінің елшісін бодандық туралы патша үкіметімен келіссөздер жүргізу үшін Петербургке аттандырды.
1730 жылы мамырда Кіші және Орта жүздердің старшындарының сиезінде Әбілхайыр ханға Ресеймен қазақ-башқұрт қайшылықтарын реттеу және жоңғарлармен күресте көмек алу мақсатында келіссөздер жүргізу тапсырылды. Хан өзінің өкілеттіктерін асыра пайдаланып, ресей бодандығын қабылдау туралы келіссөздерді жүргізді, осы арқылы ішкі саяси күресте қолдау тапқысы келді. Оның негізгі мақсаты хан билігін орталықтандыру болатын. Бодандықты ресімдеу үшін хан ордасына келген ресей елшісі А. Тевкелев өзінің 5 қаңтардағы 1732 жылғы баянатында Әбілхайыр хан басшылыққа алған шынайы себептерді былайша баяндады: “Әбілхайыр хан оның императорлық мәртебесінің бодандығын қабылдап, өзі билікте болғысы келеді және өзінің балаларының мұрагер болуын қалайды”. Мұнан басқа, хан еділ қалмақтарының, башқұрттар мен орал казактарының қазақ жеріне шабуылдары тоқтайды деп үміттенді.

1- курс студенті Е.Д.Биғалиев
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *