«ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ДАМУЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ»

Ғылыми басылым
Баспаға конференцияның редакциялық алқасы ҧсынған
Редакция алқасы:
Айтбенбетова А.А. – Қ.Жҧбанов атындағы Ақтӛбе ӛңірлік мемлекеттік
университетінің доценті, филология ғылымдарының кандитаты; Ли Цзяньхун – Қытай Халық
Республикасы Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің профессоры; Егенисова
А.Қ.. – Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг
университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты; Туленова Ҧ.Т. –
Х.Досмҧхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті, педагогика
ғылымдарының кандидаты; Имангазина А.А. – Қ.Жҧбанов атындағы Ақтӛбе ӛңірлік
мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты; Байганова
А.М. – Қ.Жҧбанов атындағы Ақтӛбе ӛңірлік мемлекеттік университетінің доценті, физикаматематика ғылымдарының кандидаты.
Қ 22 «Қазіргі заманғы ғылым мен білімнің дамуы мен келешегі» атты жас ғалымдардың
халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары = Сборник материалов
международной научно-практической конференции молодых ученых «Проблемы и перспективы
развития современной науки о образования» = «Problems and prospects of modern science and
education» рroceedings of the international conference of Young Scientists. – Ақтӛбе, 2020. – 120 бет,
ISBN 978-601-7959-57-9
Бҧл ғылыми жинаққа қазіргі заманғы ғылым мен білімнің ӛзекті мәселелеріне
арналған мақалалар енгізілген. Жинақ жаратылыстану және гуманитарлық ғылым
бағыттарындағы зерттеушілерге арналған.
Жинақтағы материалдар авторлық редакциямен шығарылды.
ӘОЖ 37.0:01
КБЖ 74.04+72
Қ 22
ISBN 978-601-7959-57-9 © «Интеллект»
ғылыми-әдістемелік орталығы 2020
4
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
АБАЙ ҚҦНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӚЗҚАРАСТАРЫ
Джумагалиева Назира
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг
университетінің магистранты, Ақтау қаласы
Ғылыми жетекшісі: Егенисова Алмажай Қҧлжанқызы
Аңдатпа: Бҧл мақалада А.Қҧнанбаетың педагогикалық кӛзқарастары, қара
сӛздерінің тәрбиелі мәні туралы баяндаған. Абайдың ӛнер-білімге шақырған ӛлеңдерін
талдап, тәрбиелік мәнін ашып, кӛрсеткен.
Мақалада Абайдың еңбекке деген педагогико – психологиялық кӛз-қарасын
тӛмендегіше айқындаған пікірлерін саралаған. Атап айтсақ, 1.Ҧлы ағартушы жастарда
еңбекке баулу тәрбиесіне материалистік тҧрғыда педагогикалық кӛзқарасын; 2.Кӛшпелі
қазақ халқының ӛмірінде еңбек тәрбиесін қалыптастыруда баға жетпес ҥлес қосқандығын, 3.
Ойшылдар арасында алғашқы болып еңбек тәрбиесіне баға бергендігін баяндаған.
Тҥйінді сӛздер: ақын, педагогика тәрбие, ақыл, қайрат, қара сӛз.
Абай Қҧнанбаев – қазақ халқының ҧлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы ғана
емес, сонымен бірге ҧлы ойшыл педагогы. Оның поэтикалық шығармалары мен ―ғақлия‖
сӛздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ойпікірлерге толы. Ҧлы ойшыл адамдар жаратылысында бірдей емес дейтін нәсілдік кӛзқарасқа
қарсы шыға отырып (отыз тӛртінші қара сӛз), ―адамның туысы, дене бітімі, шыққан жері,
бармақ жері бәрі бірдей… Адам баласы анадан туғанда екі тҥрлі мінезбен туады. Бірі –
ішсем, жесем, ҧйықтасам деп туады. Бҧлар тәннің қҧмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу –
жан қҧмарлығы‖… (жетінші, қырық ҥшінші сӛз) деп ой тҥйіндей келе, ―адам бойына жан
қҧмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол талаптылықпен ерінбей
еңбек еткен адамның қолына тҥседі…‖ деген қорытынды жасайды.
Абайдың дҥниені тану жӛніндегі кӛзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол
табиғат қҧбылыстары бір-бірімен ӛзара байланыста, ҥнемі ӛзгерісте, дамуда болады, адам
қоршаған ортаны – табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы танып біледі –деп қарады.
Ол қазақ халқының саяси-экономикалық және мәдени жағынан артта қалушылығы – оның
феодалдық-патриархалдық қатынасынан, рулық талас-тартыс етек алған кӛшпелі
тҧрмысынан деп қарайды. ―Кҥнде ҧрлық, кҥнде тӛбелеспен кҥн кешкен‖ алты бақан алауыз
елінің ―жақсыларына‖ налыған Абай ―малыңды жауға, басыңды дауға‖ салып, ӛміріңді қор
қылмай татулас, бірлесіп ел боп ―егіннің ебін, сауданың тегін‖ ҥйрен, ―жан аямай кәсіп қыл‖
деп ӛсиет айтты. Ол қазақ ауылындағы тап тартысын кӛре білді, сол таптық қанаудан
қҧтылудың жалғыз жолы оқу, ағарту мәселесі деп қарады.
Ол оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ҧқты. Жастарды білім-ғылымды
меңгеруге шақырды. Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию
ҥшін пайдаланып, парақорлықпен, алдап-арбаудың қҧралы етуге тырысқанына ызаланған
Абай:
Ойында жоқ олардың
Салтыков пен Толстой.
Я тілмаш, я адвокат,
Болсам деген бәрінде ой, –деп сӛкті.
Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абай:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып білім алған.
5
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Ӛнердің бұдан ӛзге бәрі жалған, – дейді.
Ел болу ҥшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салып,
оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тҧтқасы еңбек пен білімде ғана тҧр деп жар салады.
Ӛнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мҥмкін емес екендігін терең тҥсінген ол:
―Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын ҥйрет… ӛнер де, ғылым да орыста тҧр.
Орыстың ғылымы, ӛнері дҥниенің кілті, оны білгенге дҥние арзанырақ тҥседі…‖ – деп озық
мәдениетті орыс халқын ӛнеге етті. Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болды.
―Ақыл – ардың сақтаушысы‖ деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар
тазалығы ҥшін кҥресуді дәріптеген ҧлы ағартушы –
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап…
Терең ой, терең ғылым іздемейді
Ӛтірік пен ӛсекті жүндей сабап, – деп кейбір жастардың іс-әрекетіне кейістік
білдіреді.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
Бес асыл іс кӛнсеңіз, – деп, ел қамын ойлаған жастардың бойында қандай қасиеттердің
болуы керектігін тізбектейді. Ақылды азамат болу ҥшін адам бойындағы қасиеттердің
қалыбы ҥш нәрсеге байланысты екендігін айтады:
―…Ақыл, қайрат, жҥректі бірдей ҧста,
Сонда толық боласың елден бӛлек‖, – деп адам мінезіндегі орынсыз мақтан,
ойсыздық, салғырттық, жалқаулық, кҥншілдік, кӛрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің
ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді еске сақтау, кӛргеннен ҥлгі-ӛнеге алу,
жаман әдет-дағдылардан бойын аулақ ҧстау, нәпсіні ақылға жеңгізу, ҧстамды болу сияқты
адамгершілік қасиеттерді қастерлейді.
Ҧлы ойшыл Абай адамның ӛсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рӛліне ерекше тоқтала келе,
ӛзінің он тоғызыншы қарасӛзінде ―Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, кӛріп, ҧстап,
татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені
есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді‖, – деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы
жетілетінін ғылыми тҧрғыда дәлелдеп береді. Абай ―сҥйекке біткен мінез сҥйекпен бірге
кетеді‖ дейтін теріс кӛзқарасты әшкерелеп, адам мінезі ӛмір барысынан сабақ алып, ӛзін
қоршаған әлеуметтік орта әсерінен ӛзгеріске енеді, ол іс-әрекет арқылы кӛрінеді деген
тҧжырым жасайды. Адам мінезінің тҥрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық тҧрғыдан
қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты,
қҧмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті, арсыздықты,
мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты т.б. жаман мінез деп есептейді. ―Егер есті кісінің
қатарында болғың келсе, кҥнінде бір мәртебе, болмаса жҧмасына бір, ең болмаса айында бір,
ӛмірді қалай ӛткізгенің жайында ӛзіңнен ӛзің есеп ал‖ – дейді. Яғни адамның ӛзін-ӛзі
тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай: ―Адам баласы бірбірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой
демектің бәрі ақымақтық‖, – дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рӛлінің
ерекшелігін саралап кӛрсетеді. ―Адам баласын заман ӛсіреді, кімде-кім жаман болса, оның
ӛзінің замандастарының бәрі виноват‖, – дейді. Нәсілдік кӛзқарасқа қарсы Абай адам
мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдей келіп, ӛзінің отыз жетінші
сӛзінде: ―Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін тҥзеп болмайды деген
кісінің тілін кесер едім‖, – деді.
Абай жастардың белгілі бір мамандықты игеруін қуаттайды. Ӛзінің отыз ҥшінші
қарасӛзінде ―Егер мал керек болса, қолӛнерін ҥйренбек керек. Мал жҧтайды, ӛнер
жҧтамайды‖ деп, жастардың сегіз қырлы, бір сырлы, ӛнерлі азамат болуын, белгілі бір ӛнер
ҥйреніп, пайдалы іспен шҧғылдануын, адал еңбекпен мал табуын уағыздаған ҧлы ақын
оларға:
6
Әсемпаз болма әрнеге,
Ӛнерпаз болса, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан, – деп ӛмірден ӛз орныңды таба біл, қоғамның пайдалы
азаматы бол деп ӛсиет айтады.
Абай махаббат мәселесіне де ерекше кӛңіл бӛліп, жастарды жҧбайлық ӛмірге ҥлкен
жауапкершілік сезімімен қарауға шақырады. Ӛзінің ―Жігіттер, ойын арзан, кҥлкі қымбат‖
(1891) деген ӛлеңінде отбасы ӛмірінің этикасын, ерлі-зайыптылардың бір-бірімен
сыйласымды ӛмір сҥруін ескерте келіп, кҥнделікті тіршілікте кездесетін қиындық атаулыны
қол ҧстаса отырып жеңе білуге жастардың әзір болуын талап етеді.
Абайдың педагогикалық кӛзқарас-тары жастарды оқу, ӛнер-білімді меңгеруге ҥндеген
ӛлеңдерінде айқын танылады.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын кӛре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, – деп, ӛзінің ілім-білімді игеруге кеш, қырық
жастан асқан соң ден қойғанына ӛкіне отырып:
Дүние де-ӛзі, мал да-ӛзі;
Ғылымға кӛңіл бӛлсеңіз, – деген берік тоқтамға келеді.
Білім-алынбас қамал емес,
ғалым болу – қол жетпес арман емес, керегі- «осындай болсам», «боламын» деген
тал-пыныс. Міне, осыны Абай ӛзінің «Ғылым таппай мақтанба» ӛлеңінде ашып айтады. Ҧлы
ақынның қара сӛздерінің ӛзі – тҧнып тҧрған педагогика, философия. Абайдың айтуынша,
«Естілген нәрсені ҧмытпастыққа тӛрт тҥрлі себеп бар: әуелі кӛкірек байлаулы берік болмақ
керек; екінші- сол нәрсені естігенде я кӛргенде ғибратлану керек, ҥшінші – ішінен бірнеше
қайтарып ойланып, кӛңілге бекіту керек, тӛртінші-ой кеселдерінен аулақ болу керек. Бҧл
тӛрт нәрсе – кҥллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер». Бҥгінгі кҥні кез-келген ҧстаз
ақынның осы бір дана сӛзін ҥнемі қайталап, бала жадына жеткізіп, есіне сақтата білу тиіс.
Адам баласының ілім-білімді игеруде ӛз мақсаты болуы тиіс. Бақастыққа, есепке немесе атаананың абыройына, атақ-мансапқа, жеке бастың қызығына негізделген білім- білім емес. Сол
себептен де алған білімің, оқығаның, тоқығаның ел қамына, кӛпке арналу керек деген ойын
ҧлы ағартушы ӛзінің отыз екінші қара сӛзінде ашып айтады. Жастық шақ- адамның
жақсылықты да, жаман-дықты да жылдам қабылдайтын албырт кезеңі. Сол себепті ілімбілімді жас кезің-нен қолға тҥсіріп, меңгеру-ӛте тиімді. Жақсы киім мен әдемі әлпетіңәдемілік, сҧлу-лық емес. Адамды кӛріктендіретін бҧлар-мен қоса- ілім-білім деген дана
кӛзқарасын білдіреді. Абайша айтқанда, ақыл мен сҧлулық – синонимдес ҧғым. Ӛзгеден
сҧрап, біліп алған білім аздық етеді, ал ең сенімді, ең ақылды, ешкімге жалтақтамайтын білім
кӛзі, ғылым кӛзі- кітап деген дана ҧғымы бар ақынның. Сол себептен де Абай «ғылымсыз
бҧл дҥниеде де, о дҥниеде де жақсылық жоқ» деген пікір айтады. Абай-дың педагогикалық
кӛзқарастарын айқын-дайтын бҥгінгі оқу жҥйесімен ҥндес тӛмендегідей дидактикалық
пікірлерін атауға болады:
1. Оқытудың жеңілден ауырға қарай бағытталуы. Кҥшпен, ерекше талап қойып оқыту
нәтиже бермейді. Баланың қабылда-нуына, қызығушылығына, білгенінен біл-мегеніне
негізделіп оқыту қажеттілігін айтады.
2. Абай ҧлы ойшылдар Пифагор мен Аристотельдің пікірлерін толығымен қол-дап,
баланы кҥш кӛрсетіп, ҧрып-соғу арқы-лы оқытуға қарсы болады. Оқытудың мҧндай
антипедагогикалық тҥрі, бірінші-ден, баланың ілім-білім игеруге деген талабын,
қызығушылығын жойып, екін-шіден, жалған сӛйлеуге, қорыққанынан сыйлауға мәжбҥр
болатынын айтады.
3. Оқытудың кӛрнекілігіне ерекше мән береді. «Жас бала анадан туғанда екі тҥрлі
мінезбен туады: біреуі-ішсем, жесем, ҧйықтасам деген тән қҧмары, екіншісі- не кӛрсе соған
талпынып, жалт-жҧлт еткенге қызығып, аузына салып, дәмін татып, бетіне басып қарап, «ол
7
немене?», «бҧл немене?», «ол неге ҥйтеді?», «бҧл неге бҥйтеді?» деп, кӛзі кӛріп, қҧлағы
естігеннің бәрін сҧрап, білсем екен, кӛрсем екен, ҥйренсем екен деген жан қҧмары» делінген
жетінші қара сӛзінде. Олай болса, жас жеткіншектің осындай тән, жан ерек-шелігін ескеруҧстаздардың қолында.
4. Балалардың жас және психо-логиялық ерекшелігін ескеру керектігін айтады. Балаға
берілетен тапсырма деңгейі балаға тҥсінікті, қабілетіне сай, қабыл-дауына сәйкес болуы
керек.
Кемеңгер ақын, ҧлы данышпан Абай ӛз педагогикалық кӛзқарасында жастарды ақыл-ой
тәрбиесіне, ілім-білімге ҥндей отырып, болашақтың тҧтқасына ие бола-тын жастар білімді,
зерек, кӛкірегі ояу бол-маса, ешқандай нәтиже болмайтынын баса айтады. Ақынның бҧл
педагогикалық ғҧла-ма ойының оптимистік сипаты бар екенін ӛмірдің ӛзі дәлелдеп отыр.
Ал отыз сегізінші қара сӛзінде: «Кҥллі адам баласын қор қылатын ҥш нәрсе бар.
Содан қашпақ керек. Әуелі–надандық, екінші-еріншектік, ҥшінші- залымдық»-дейді. Адам
бойындағы ең бір жағымсыз әдет- екіжҥзділік.
Бір кӛрмеге жап-жақсы
Қазаны мен қалбаңы
Дӛң айналмай ант атты
Бықсып-бүксіп ар жағы, – дейді ақын. Мҧндай әдет – сол заманнан кҥні бҥгінге дейін
қанымызға сіңіп кеткен жаман әдет.
Абайдың педагогикалық пайымдауы-нша, адамгершілік қасиеттің ең басты тірегі –
бірлік, достық, ынтымақ. Аталған қасиеттер болмаған жерде адами қасиет те сезілмейді.
Достық, қастық, бар қызық- жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл- күзетшісі.
Ар мен ұят сынбаса, ӛзге қылық,
Арын, алқын- бҧл кҥннің мәртебесі.-деп, нағыз достыққа ерекше баға бере білді. Абай
достық пен жолдастықтың аражігін ажырата айтады. Дос-ол жалғыз, жолдас- кӛп. Досыңмен
ғана қуанышыңды да, қайғыңды да бӛлісіп, ішкі сырыңды айта аласың. Достық жақсы
жолдастықтан ғана туады.
Аямай жанын дос ертер,
Жолдастықты ақтаса – дейді ақын.
«Жаман дос, – дейді Абай, – кӛлеңке. Басыңды кҥн шалса, қашып қҧтыла алмайсың,
басыңды бҧлт алса, іздеп таба алмайсың» деген пікірінің де тәрбиелік мәні ерекше.
Адамгершііктің бір сипаты- ар-ҧят. Абайдың педагогикалық кӛзқарасы ар-ҧят бар жерде ғана
шындық бар дейді. Ар-ҧят пен шындық бірінен бірі туындайды, бҧл тамаша ҧғымдарадамдық-тың белгісі. «Анық ҧяла білген адам ӛзін-ӛзі меңгере алмай, кӛзінен аққан жас пен
мҧрнынан кеткен суды сҥртуге шамасы келмей, қҧлағы естімей, кӛзі кӛрмей, меңіреу болып
қалады. Ондай кҥйде тҧрған адамды одан әрі ҧялту- иттік» дейді Абай. Ақын ҧяла білген
адамның психологиясын, жан кҥйзелісін шеберлікпен осылайша бейнелейді.
Шыншылдық, әділдік- Абай ҧстана-тын игі адамгершілік қасиеттердің бірі. Абайдың
ӛзі осы шыншыл, әділ қасиетінің арқасында «мыңмен жалғыз алысып ӛткен». Ӛз заманында
ӛзі де әділ болып, маңайы-нан да соны талап етті. Абайдың баласы Тҧрағҧл Қҧнанбаев
«Әкем Абай туралы» деген естелік кітабында былай дейді: «Жалпы ҧрылар айтады:
«Абайдың алдына ӛтірікпен бара алмаймыз, жанымыз қалса, шын сӛзіміздің арқасынада
қалады». Осының ӛзінен Абайдың шындықты ту етіп ҧстағанын байқаймыз. Ар-ҧят пен
шындық екеуін ҥнемі байланыстыра қарап отырады.
Ойшыл ақын ӛз педагогикалық кӛз-қарасында еңбек тәрбиесіне ерекше кӛңіл бӛледі.
Қазақ ҧлтының еңбекке кӛзқарасын басқа ҧлт ӛкілдерімен салыстыра сипат-тайды. «… Әуелі
қҧдайға сиынып, екінші, ӛз қайратыңа сҥйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де
береді, қҧр тастамайды», – дейді Абай ӛзінің тӛртінші қара сӛзінде. Ақын ӛз заманындағы
қазақ жастарының еңбекке деген қҧлшынысын сынай біледі. Оған себепкер болған тағы бір
жай – Семейге жер айдалып келген Долгополовтың Абай балаларына айтқан сыны.
«Ғылымға ет ауыртып, еңбек қыл-маса, қолға тҥспейді. Балаларың сенің аулыңнан тӛбесі
8
кӛрінбестей алысқа кетсе, сонда адам болады», – депті Абайдың досы. Абайдың еңбекке
деген оң кӛзқарасы әке тәрбиесінен басталады. Себебі әкесі Қҧнан-бай болашағынан зор ҥміт
кҥткен баласын ерте уақыттан-ақ ел басқару ісіне ара-ластыра бастайды. Абай ӛз
шығармасында:
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас
Қардың суы секілді тез суалар, – деп, еңбектің адалынан келеріне ерекше мән береді.
Немесе:
Тамағы тоқтық, киімі кӛктік
Аздырар адам баласын, – деген жолдарында да оптимистік, педагогикалық ойы
білінеді. Абайдың кӛреген ойы бҥгінгі заманымыздағы жастар арасындағы жҧмыссыздық, соның салдарынан болатын келеңсіздікті айтып тҧрғандай. Жҧмыстың ешқандай
арлығы жоқ. Маңдай теріңмен еткен еңбектің бәрі де таза. Абай ӛзінің шығармаларында
жастарды еңбекке тек ҥндеп, шақырып қана қоймайды, ойшыл педагог ретінде ӛзіндік
педагогикалық такт пен шеберлік таныта біледі. Еңбекке ҥндеуде әр адамның психологиялық
ерек-шелігіне де кӛңіл аудару қажеттігін айтады. Ақын ӛзінің әр шығармасында еңбекке
тәрбиелеудің әрбір компонентін ар мен ҧят тҥсініктерімен байланыстырып отырады. Сол
себептен де:
Ҥш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нҧрлы ақыл, жылы жҥрек, – дейді. Сонымен, Абайдың еңбекке деген
педагогико – психологиялық кӛз-қарасын тӛмендегіше айқындауға болады:
1. Ҧлы ағартушы жастарда еңбекке баулу тәрбиесіне материалистік тҧрғыда
педагогикалық кӛзқарас таныта біледі.
2. Кӛшпелі қазақ халқының ӛмірінде еңбек тәрбиесін қалыптастыруда баға жетпес
ҥлес қосты.
3. Ойшылдар арасында алғашқы болып еңбек тәрбиесін жан-жақты тәрбие деп
бағалады. Себебі еңбек тәрбиесі арқылы ғана адам бойындағы басқа да адамгершілік
қасиеттер қалыптасада деген педагогикалық пікір айтады.
4. Еңбектің әлеуметтік сипатына ерекше кӛңіл аударып, мән бере білді.
5. Абай алдыңғы қатарлы ойшыл-педагог ретінде еңбек басқа халықтардың
экономикалық және мәдени ӛмірімен байланыста болудың басты шарты екенін
педагогикалық тҧрғыдан дәлелдеп берді.
Сонымен қатар, Абай әйелдің бас бостандығын, жастардың сҥйгеніне қосылып
махаббатты ӛмір сҥруін қорғаушы болды. Ҧлы ақын Абайдың педагогикалық
кӛзқарасындағы басты нысана ―Атаның баласы болма, адамның баласы бол… жақсы кӛпке
ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін‖ деген гуманистік ой-пікірді қуаттауы еді. Оның
жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық кӛзқарастары дҥниежҥзілік педагогика классиктері
Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант т.б., орыстың ойшыл ҧлы педагогтары: Л.Н.Толстойдың,
К.Д.Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлерімен терең қабысып жатыр. Абай ҧрығын сепкен
оқу, ӛнер-білім, адамгершілік, әдеп, мораль мәселелері бҥгінде қазақ халқының рухани
азығына айналып отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Абай (2 томдық ӛлеңдер жинағы). – Алматы: «Ғылым», 1997.310б.
2. Абай қара сӛздері. – Алматы, 1982., 189б.
3. Жиреншин А. Абай және оның орыс достары. – Алматы: «Ғылым», 1959., 123б.
4. Қҧнанбаев Т. Әкем Абай туралы. – «Ана-тілі»баспасы, 1993.
5. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ ағартушылары жастар тәрбиесі жӛнінде. – Алматы: «Білім», 1995,
230б.
6. Ерсәлімов Б. Қҧнанбайдың қуғын кӛрген ҧрпақтары. – Семей: «Ғалам-шар», 2005.
7. Ӛміралиев Қ. Абай афоризімі. – Алматы: «Кітап», 1993., 127б.
8. Ысқақова М. Ҧлы Абайға адалдық. – Семей: «Ғалам-шар», 2005., 78б.
9
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Егенисова А.Қ., п.ғ.к., профессор, Қосханова А., магистрант
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті,
Ақтау қаласы
Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесінің ӛзектілігінің
артуы мектептегі оқу-тәрбие процесіне жаңаша тҧрғыда қарап, оны оқушының білім, білік,
дағдыны меңгеру ғана емес, танымдық-шығармашылық іс-әрекет және интеллектуалдық,
шығармашылық процесс ретінде қарастыруды міндеттейді
Педагогикалық процесс мҧғалім мен оқушылардың ынтымақтастық қарым-қатынас
негізінде әр жеке тҧлғаның шығармашылық қабілеттері мен дара мҥмкіндіктерін есепке ала
отырып ҧйымдастырылуы тиіс.
Сондықтан қазіргі заман мектептерінің басты міндеттерінің бірі – оқу-тәрбие
жҧмыстарын бірегей жҥзеге асыру ҥрдісінде оқушылардың интеллектуалдық –
шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, әлемдік ӛркениет пен ҧлттық мәдениеттің ҥздік
ҥлгілері арқылы шығармашыл жеке тҧлға қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жҥйесінің жеке
адамды дамытуға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап кӛрсетілсе, осы
заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру
стандартында кӛздеген деңгейден тӛмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге,
жеке шығармашылық қабілеттерінің кӛрінісін, дамуы ҥшін жағдай жасауға міндетті», –
делінген.
ТМД, Ресей ғалымдарының еңбектерін талдауда шығармашылық қабілет, креативтілік,
қабілеттілық мәселелерінің психологиялық ерекшеліктері (С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский,
А.М.Матюшкин, А.В.Берушлинский т.б.) шығармашылық іс-әрекеттің мотивациялық
сипаты (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев, А.Маслоу, Ж.Пиаже т.б.) жӛнінде
зерттеулері орындалған.
Жеке тҧлға қабілеттілығы сипаты кӛптеген психологиялық зерттеулердің тақырыбы
болып табылады. Оның қалыптасу жолдарын Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, Л. С.
Выготский, А. Н. Леонтьев, А. В. Петровский, Д. Б. Эльконин т.б. зерделеген.
Психологтардың тҥрліше еңбектерінде тҧлғалық ерекшеліктердің басқаша психологиялық
таңғажайыптардың дамуына айтарлықтай ықпалын тигізетіні туралы мәселелер айтылады.
Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі болып табылады. Танымдық ісәрекетті ҧйымдастыру мәселесі бойынша зерттеу жҧмыстарын ғалымдар А.Әбілхасымова,
Р.Омарова, С.Смаилов, Ж.Қараев,С.Бегалиева, М.Қҧдайқҧлов, Т.Сабыров т.б. жҥргізгені
белгілі.
Оқушылардың оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде
шығармашылық қабілетін дамыту – ӛскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі кҥрделі
психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың
интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу ҥрдісін тиімді
ҧйымдастырудың, іс-әрекеттің субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің,
сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және шығармашылық
тапсырмаларды ҧтымды қолданудың мәні зор.
Ӛйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен
байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, ӛндірісті дамытатын бҥгінгі мектеп
оқушылары. Сондықтан мектеп оқушыларынан ҥлкен жауапкершілік пен білімдарлықты
қажет етеді.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жҥйесінен бір дағдарыс кезеңдерін кӛруге болады.
Мҧның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп ӛмірін басқаша
ҧйымдастыру емес. Бҥгінгі кҥннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бҥтіндей бейнесін
10
қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай
алатын шығармашылық адамға айналдыру.
Балаларға әлемнің кӛп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай
алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық
қабілетті) ҧрпақты тәрбиелеп оқыту, педагогикалық психологияның маңызды мәселелерінің
бірі деп білеміз. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы оқу
барысын дҧрыс ҧйымдастырумен байланысты. Мектеп мҧғалімдері кӛп жағдайда
оқушылардың пәнге байланысты жаңа материалды дҧрыс меңгеріп, сабақ ҥлгерімінің жақсы
кӛрсеткіштеріне қанағаттанып қояды да, олардың айрықша, стандартты емес шешім
қабылдауына, шығармашылық белсенділігіне жағдай жасай бермейді.
Бала ӛзінің анатомиялық-физиологиялық айырмашылықтарымен бір-бірінен
ерекшеленеді, бірақ психологиялық зерттеулер баланың тҧқым қуалаушылық қабілетін
жартылай ғана анықтайтындығын кӛрсетеді. Барлық жағдайда қабілеттің дамуында оқутәрбиенің алатын орын ҥлкен.
Адам дайын қабілеттермен туылмайды, ӛмірге қабілеттіліктің анатомиялықфизиологиялық алғы шартымен ғана келеді. Ал қабілеттілік сол алғы шарттар негізінде
қоршаған әлеммен қатынас жасау процесінде оқу мен тәрбие әсерінен дамиды.
Әрқандай іс-әрекетке байланысты бала қандай қызметті орындауы қажет және сол
істің тиімді нәтижемен қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мҧндай
дара психологиялық ерекшеліктер міндетті тҥрде бір жағынан, ӛзіндік психикалық
табиғатына ие болудан, екіншіден – әркімде ӛз алдына, қайталанбас кӛрінісінен жеке адам
қабілеті деп аталады. Адамның барлығы тік жҥру, сӛйлеу мҥмкіндіктеріне ие, бірақ
бҧлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі біріншісі-психологиялық қҧбылыс
емес, екіншісі-баршада бірдей кӛрінетін әрекет. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам ісәрекетті тез меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет ӛз ішіне әртҥрлі
психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке
тҧлғаның барша даму деңгейін қамтыған, әрі оларға тәуелді кҥрделі жҥйе. Адамның
психологиялық сипаты білім, ептілік, дағды әрекеттерінде кӛрінгенімен, қабілет табиғаты ісәрекеттен бӛлек. Мысалы, тҧлға техникалық және білім жағынан кҥшті бола тҧрып,
қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, ҥйренбей-ақ кҥрделі қызметтерді
атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.
Қабілетті балалардың ерекшеліктері олардың жас ерекшеліктеріне байланысты
болады. Сондықтан да баланың психикалық дамуын кезеңдерге бӛлуде оның жеке тҧлға
ретінде даму ҥрдісімен бірлікте болуын ҧстап тҧру да кҥрделі мәселе екені белгілі. Жас және
педагогикалық психология дамуының психикалық кезеңдерін ғылыми негіздеп, адамның
психикалық ӛмірін кезеңдерге бӛлуде жас ерекшеліктерін ескерудің маңызына назар
аударады. Негізінде психикалық дамудың ӛзегі – қызметтің қалыптасу процесі болып
табылады.
Психикалық дамудың кезеңдерге бӛлінуінің тҥп негізінде жатқан қҧбылыс – қызметті
ӛзгерту мақсаты болады, ӛйткені сол қызмет динамикасы арқылы ғана адам санасы, ақыл-ой
қызметі қалыптасады. Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов
негіздеген балалықты кезеңдерге бӛлу кестесінде ғалымдар әр жас кезеңінің ерекшеліктеріне
сай жетекші қызмет тҥрі болады деген идея алдыңғы орын алады.
В.В.Давыдовтың айтуынша, психикалық даму дегеніміз – жеке адамның тарихи тҥрде
қалыптасқан қызмет типтерін игеру барасында жҥзеге асыратын қабілеттерді қайта
жасақтауы.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқуға недәуір мҥмкіншілігі бар, себебі
олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін Ж.Пиаженің
пікірі дҧрыс болғанымен қазір мәдени-тарихи теорияны жақтаушылардың
(Л.С.Выготскийдің) пікірі бойынша оқымай келген бала оқуға кірген соң, ойы мен
интеллектісі ҥлкен ӛзгеріске ҧшырайды. Бала қарапайым, яғни табиғи ойдан мәдени ҧғым
арқылы ойлауға кӛшеді деген пікір басшылыққа алынады.
11
Оқушылардың бірте-бірте ой-ӛрісінің қалыптасуымен заттарды тиісті ҧғымдарға
жатқыза білу қабілеті қҧрбылары арасында ойын дәлелдеуге ҥйретеді. Ол не болса соған
кӛнбейді, ӛзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Ол ҥшін бала тиісті жҥйелерге логикалық
негіздерге сҥйенеді. Сонымен қатар ӛзінің пікіріне не ісіне талдау жасап, сын кӛзбен
қарайды, мҧны рефлексияның қарапайым тҥрі деп атауға болмайды. Ал рефлексия оқымаған
Африка т.б. елдердің 15-16 жастағы балаларында кездеспейді деп АҚШ психологы Дж.
Брунер пікір таратты. Оның бҧл пікірі не қосылмаймыз, себебі рефлексияға ие болу ойдың
шартты рефлексі бола тҧрып, оқу процесінде 7-11 жастағы балаларда қалыптаса бастайды
және осы жастағы балалардың ақыл-ойының едәуір қалыптасып қалғандығына дәлел бола
алады.
Балалардың оқу материалын жҥйелі және мәніне қарай ҧғынуында салыстыру ой
операциясы негізгі рӛлді атқарады. Салыстыру бір нәрсенің ӛзге нәрседен айырмашылығын
немесе екеуінің де ҧқсас жақтарын айыру болғандықтан, ой процестерінің ерекше тҥрі
болып саналады. Оқу мазмҧнын салыстыруда ой операциясының бірнеше тҥрі кездеседі.
Сондықтан оны баланың оқуға деген ынтасын арттыру ҥшін пайдаланамыз.
Жапонияда оқыту мен тәрбиелеу негізгілерінің бірі ретінде баланың идеяларын
қолдау арқылы оның барлық кезде міндетті тҥрде ӛзімен-ӛзін салыстырып отыру қажет
дейді. Оларда: «Маратқа қара, ол тапсырманы қалай шешеді, немесе ол қалай жақсы оқиды»
– деп айтпайды, «Кешегіге қарағанда бҥгін сен тапсырманы жақсы орындадың», «сенің
қабілетің жетеді» т.б. осындай мақтауларды пайдаланады. Бҧл оқушының ішкі танымдық ісәрекеттерімен сыртқы даулы жағдайларды шешуге кӛмектесетін оқу-тәрбие принципі.
Оқыту процесінде ӛзіне мақсат қойып, оны орындауға тырысады.
Жоғарыда атап ӛткендей, оқыту процесі екі жақты әрекет болғандықтан, оқытушы
психикалық ерекшеліктердің барлығын ескере отырып, дҧрыс бағалауы керек.
Н.Ф.Талызина: «Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетін
қалыптастыру» атты еңбегінде екі тәжірибелі мҧғалім бала жауабын екі тҥрлі бағалауы
мҥмкін деп кӛрсеткен. Оған мысал ретінде, Мәскеу бастауыш мектептерінің бірінде
математика сабағында жҥргізген тәжірибесінде оқушы ҥшбҧрыштың перпендикуляр
қабырғалары тең болатынын теория жҥзінде айтып бергенде мҧғалім жауапты «беске»
бағалады. Бірақ оқушыдан ҥшбҧрышты сызық бҧрыштарын латын алфавитімен белгілеп,
дәлелдеп беруін сҧрағанда тапсырманы орындай алмады.
Кейбір зерттеушілер дәлелдегеніндей қабілетті балалардың арасында психикалықжҥйке қуаты жоғары балалар жиірек кездеседі, бҧл бір жағынан, олардың ауқымды
танымдық қабылдаулары мен мҥмкіндіктерін қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан,
қызбалықтың, шамадан тыс белсенділік пен кҥйгелектіктің негізінде жатады, бҧлар
қоздырушы-жағдаяттарға жоғары әсершілдікті туындатып, ӛткір кӛңіл-кҥй ауандарын, мінезқҧлқының бҧзылуын, кҥйгелектік және соматикалық ауытқушылықтарын қоздырады.
Демек, қабілеттіліктер қабілетті бала тҧлғасының ҥлкен сезімталдығымен байланысты.
Қабілетті оқушыларда ҧшырасатын әлеуметтік мәселелерді жіктей отырып, біз
мынадай тҧжырымға келдік: ең алдымен, әлеуметтік тӛңірегіне айтарлықтай кҥшті
сезімталдығымен ерекшеленетін қабілетті балалардың ―Мен – тҧжырымдамасының‖
қорғанышсыздығын бӛліп кӛрсеткен дҧрыс. Қабілетті бӛбектердің әсершілдігінің мейлінше
тӛмен шекті деңгейі, бҧлардың ӛзгерістердің бәрін де ӛз есептеріне қабылдауына апарып
соқтырады. Ондай ӛзімшілдік кӛбінесе бҧларды ештеңеге айыптамаған кҥннің ӛзінде,
кінәрат сезімінің пайда болуына апарады.
Қабілетті бала ҥшін, әсіресе, мҧғалімнің тапсырмасын дҧрыс орындауға ҧмтылыс,
оның сауалдарына дҧрыс әрі басқаларынан тезірек жауап қайтару – жәй ақыл ойыны, ӛзінше
бір бәйге және ол ӛзгелерінен бҧрын қолдарын кӛтеруі маңызды деп санайды. Мҧғалімдердің
кӛпшілігінің қабілетті балаға қамқорлық жасауға уақыты жете бермейді, кейде тіпті,
таңқаларлық білімді, әрі ақыл-ой белсенділігі әрқашан тҥсінікті бола бермейтін оқушылар
оларға бӛгет жасайды. Мҧндай балалармен жҧмысқа мҧғалімдердің психологиялық
дайындығының жетімсіздігі, ӛздерінің шәкірттерін бағалай отырып, ҧстаздардың бҧлардың
12
бойынан, ең алдымен, ӛзін-ӛзі кӛрсетушілікті, бәрін ӛз қалауымен жасайтынын,
кҥйгелектігін, жалпы қабылданған ҥлгілерді қаламайтынын, кейде, тіпті, қабылдай
алмайтынын және т.т. атап айтуына апарып соқтырады. Бҧл жерде айта кеткеніміз жӛн,
ондай бағалаушылық – мҧғалімдердің қабілетті оқушылардың тҧлғалық ерекшеліктері мен
даму заңдылықтарын дҧрыс тҥсінбеуінің салдары болып табылады.
Барлық балалар ҥшін шығармашылық оқытудың тиімділігін айтпай кетуге болмайды.
Мҧны балалар ҥшін шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі белсенді болып саналған,
оқытудың қазіргі заманғы мәселелерін талдау кезінде анықтаған болатынбыз. Ҥйренудің осы
алғашқы формасы – шығармашылық оқытудың формасы болып табылады. Дәл осы жайды
Фрэнсис Бэкон: «Ғылым патшалығына ену ҥшін біз кішкене бала кейпіне енуіміз керек»-
дейді. Әрбір дені сау бала ҥшін зерттеу мен білімге ҧмтылу, жаңалыққа қҧштарлық – туа
біткен қасиет екендігі таңқаларлық жайт. Мектеп жасында осы қасиеттердің тез
жеңілдікпен жойылатындығы одан да таңқаларлық. XVII ғ. байқаған осы жағдай
философтар мен педагог – психологтарды оқытудың ең негізгі мәселесі етіп, баланың
шығармашылық және зерттеу қабілеттерін сақтап қалу екендігін кӛрсетеді.
ХХ1 ғасырдың кӛкжиегінде ӛтіп жатқан білім беру жҥйесінің қайта жаңартылуы,
баланың шығармашылық қабілетті тануға және болжам жасауға жаңа кӛзқарасты талап
етуде. Қабілетті балаларды тану – нақтылы бір баланың дамуын талдаумен байланысты ҧзақ
процесс. Қайсыбір әдістің кӛмегімен зеректіліктің айқындалуы мҥмкін емес. Шығармашыл
оқушыларды қабілетті анықтаған кезде кешенді кӛзқарас танытқан маңыздырақ. Сонымен
бірге сан алуан әдістердің кең ауқымын қолдануға болады:
– балаларды бақылау әдістерінің сан алуан жолдары (табиғи және лаборатория
жағдайларында, мектептен тысқары қызметінде);
– белгілі бір шығармашылық қабілеттілық жағдайын талдау міндетіне орай, тҥрлі
әдістемелерді қолдана отырып, психодиагностикалық зерттеулер жҥргізу;
– ҧжымдық шығармашылық істерді даярлау барысында балалардың рӛлдік ойындарға,
«ми шабуылына» атсалысуы;
– балалардың шығармашылық қызметінің нақтылы ӛнімдерін кәсіби шебер
мамандардың талдап, бағалауы (суреттер, ӛлеңдер, техникалық ҥлгілер және т.б.);
– сан алуан зейіндік және пәндік олимпиадаларды, конференцияларды, спорт
жарыстарын, шығармашылық бәйгелерін, байқауларды, фестивальдарды ҧйымдастыру және
т.б.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. – М., 1977.
2. Матюшкин А.М. Развитие творческой активности школьников. – М: Педагогика, 2001. –
155 с.
3. Лейтес Н.С. Об умственной одаренности. –М., 1980. -214 с.
4. Ананьев Б.Г. О таланте и способностях. – М.: Просвещение, 1991 –216 с.
5. Божович Л.И. Проблема развития мотивационной сферы ребенка // Изучение
мотивационного поведения детей и подростков. – М., 1992.
ҚОРҚЫНЫШТЫ ФИЛЬМНІҢ АДАМ ПСИХИКАСЫНА ӘСЕРІ
Едилова Н.И., магистрант
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
Университетінің магистранты, Ақтау қаласы
Ғылыми жетекші: Егенисова А.Қ.
Қорқыныш адамдарда ғана болатын сезім емес, ол-жер бетіндегі әрбір тіршілік
иелерінде болатын сезім. Қорқынышты ғылыми тҥрде фобия деп атаймыз. Қорқу ӛзінен
13
кҥштіден немесе жалғыздықтан және де тағы басқа да нәрселерден туындайды. Жалпы
қорқынышты сезу – бҧл әр адамзат ҥшін қалыпты нәрсе. Бірақ, қорқыныш сезімі тым шектен
шығып, қорқу объектісі адам психикасына қатты қысым кӛрсете бастаса, онда, ол қарапайым
қорқыныш емес, кҥрделі ауру – фобия. Фобия адамда ғана емес басқа да тіршілік иелерінде
болады. Сол фобиясы бар тіршілік иелеріне қарай отырып бҧл аурудан тез арада емделу
қажет. [1]
Себебі фобия кҥшейіп кетсе, айықпас дертке әкеп соқтыруы мҥмкін.
Фобияның 2-тҥрі бар. Олар: иррационалдық және бақыланбайтын қорқыныш. Фобия бір
нәрсеге жағымсыз қатынасты білдіреді, ал қорқыныштың ӛзі бҧл жағдайда әсер сияқты
бҥркемелі тҥрде қатысып, тек осы жарамсыздықты білдіру қҧралы болып келеді. [2]
Қорқыныш – индивидтің биологиялық не әлеуметтік тіршілігіне қатерлі жағдаяттарда
туындайтын қауіп қолайсыз эмоция. Қатердің сипатына байланысты қорқыныш сезімінің қар
қҧндылығы мен тән сипаты ерешілігі алуан тҥрлі болады (қауіптену, қорқу, шошу, ҥрей).
Егер қауіп негізі анық емес не ҧғынылмаған болса, ондай кҥй алаңдау деп аталады.
Функциялық тҧрғыдан қорқыныш субъектіге алдағы қауіп туралы ескерту болады. [3]
Фобия (гр. phobos -қорқыныш) – небір жағдайларда қайта қайта пайда болатын
қоркыныш, бҧл невроздың ығыр қылатын тҥрінің кӛрінісі. Белгілі бір жағдайда немесе
белгілі бір заттың алдында кетпейтін ҥрей мен мазасыздануды байқайды, ауырулар ӛздерінің
ҥрейлерінің ерсіз және дәлелсіз екенің жақсы сезеді, бірақ бҧл кҥшті олар жеңе алмайды.
Фобиялар субъектіні белгілі бір (фобиялық) жағдайда билеп алатын вегетациялық
дисфункциялардың астасатын (жҥректің атқақтауы, ағыл-тегіл терлеу және т.б) нақты
мазмҧндағы барабар емес жабыспа қорқыныш сезімдері.
Фобиялар невроздар, психоздар және мидың органикалық аурулары кезінде болады.
Нервоздық фобиялар кезінде аурулар, әдетте, ӛз қорқыныштарын негізі жоқ екенін ҧғынады,
оларға ӛзін қинайтын субъективтік, бақылай алмайтын кінәраттар деп қарайды.
Фобиялардың: мозофобиялар, сотцо-фобиялар (жҧрт алдында сӛйлеуден қорқу, қызарып
кетуден қорқу және т.б), кеңістіктен қорқу (клаустрофобия – жабық ҥй-жайда болудан
қорқу, агарофобия – ашық кеңістіктен қорқу) және т.б. тҥрлері бар. Егер емделуші ӛз
қорқыныштарының негізсіздігін, ақылға сыймайтынын сыни тҧрғыдан анық ҧғынбайтын
болса, онда мҧның ӛзі кӛбіне фобиялар емес, патологиялық кҥмәндар (қауіптенулер),
сандырақ болып шығады. Невроздық фобиялар бейнелі ойлауға бейім, жан-дҥниесі енжар,
вегетациялық орнықтылығы кем адамдарда кӛбірек байқалады. Білікті психотерапевтік
шаралар арқылы мҧндай кінәраттардан кӛбіне арылтуға болады.[2]
Кинотерапиямен айналысатын психолог Бирджит Вольцтің айтуынша, әдетте
фильмдер идеяны адамдарға логикалық тҥрде баяндап бермей, эмоция арқылы
жеткізетіндіктен, инстинктерді бейтараптандырып, сезімдерімізді басады да, эмоцияның
шығуына мҥмкіндік жасайды. Эмоцияны тудыратын фильмдерді кӛру миыңыздағы осыған
дейін мҥмкін болмаған ӛзге есіктерді аша алады. Сол себепті, киноға бармас бҧрын, сіз
кӛргелі отырған фильмнің сіздің психикаңыз бен денеңізге қалай әсер ететінін біліп
алғаныңыз жӛн. Психологиясы қалыпты адам қорқынышты фильмнен қорқу керек, ауытқу
болып бҧзыла бастағандар қорықпай кӛреді.
Қорқынышты фильмдерді ҧнататындарды ӛз ӛмірін қауіпке тігіп, парашюттан
секіретін, шыңдарға шығатын экстремалдармен салыстыруға болады. Осы жанрдың
фанаттары қорқынышты фильмнен шынайы ӛмірде оңайшылықпен бола қоймайтын әсерді
алады. Ғалымдардың зерттеуінше, қорқыныштан барынша ләззат алу ҥшін бір-екі шарт
орындалуы тиіс екен: қауіпсіз орта және қорқыныштың аяқталатыны туралы сенімділік.
Яғни қорқынышты кино кӛре отырып, сіз ӛзіңіз отырған диванды қауіпсіздіктің кепілі деп
қабылдайсыз. Бернард Шоу: «Қорқыныштың қҧлы болу – қҧлдықтың ең сорақы тҥрі» деген.
Осындай сәттерде соны естен шығармаңыз. Бір кӛрген кинодан сабақ алыңыз және
қорқынышты фильм кӛруді қайталамауға тырысыңыз. Ең бастысы, қай істе де, қандай
жағдайда да ӛзіңе-ӛзің сенімді болыңыз. Себебі, адамның ең сезімтал ағзаларының бірі –
14
жҥйке жҥйесі. Ӛмір тәжірибесі кӛрсеткеніндей қорқынышты фильмдерді кӛп кӛргендер тҥрлі
жҥйке ауруларына, психикалық сырқатқа душар болады. [1]
Мҧндай фильмдер ағзамызда жҥрек соғысы мен қан қысымын кҥшейтетін және тердің
пайда болуына әкелетін химиялық заттарды ӛндіреді. Жҥйкесі әлсіз адамдардың жҥйке
жҥйесіне қатты әсер ету мҥмкін. Кинода кӛрген қорқынышты роликтерден қорқып, кейін ол
тҥсіне кіріп, шошынып оянып, жҥйке жҥйесі әлсіреп, соның салдарынан қараңғылықтан да
қорқып, денесі дір-дір етіп, ауруға ҧшырауы да мҥмкін.
Психолог Григорий Гуляев та осы тҧжырымды қуаттайды: «Адамдар тіс дәрігерінің
алдына келгенде тістерінің ауырғанын сезбей қалатынын байқадыңыз ба? Мҧның негізгі
себебі – қорқыныш. Дҧрысын айтқанда, қорқыныш әсерінен ағзамызда тиісті гормондар
ӛндіріледі. Біздің қҧрылысымыздың ерекшелігі сол, қауіпті жағдай туындаған жағдайда
бездеріміз ағзамызға табиғи есірткі (опиум мен морфийдің қҧрамдас заттары) шашады».
Олар сергектік беріп, эйфория жағдайына апарып қана қоймай, кейбір аурулармен кҥресуге
қабілетті.
Алайда мҧндай фильмдердің бір ҧтымсыз тҧсы бар: оларды кӛру сіз ҥшін жағымсыз
кейбір оқиғалар туралы естеліктер ойыңызға оралуы мҥмкін. Бҧл идеяны Нью-Йорктағы
Рокфеллер Университетінің нейроэндокринологы профессор Брюс МакИвен қуаттайды. Сол
себепті, егер сізде жасырылған қорқыныштар болса және сіз оларды оятқыңыз келмесе, онда
қорқынышты фильмдерді кӛрмегеніңіз жӛн.[4]
Қорқынышты фильм туралы адамдардың пікірі.
Қорқынышты фильмдердің адам психологиясына әсері. Оны кӛргенде адам
психологиясы бҧзылады ма?
1.Жҥйкесі әлсіз адамдардың жҥйке жҥйесіне қатты әсер етуі мҥмкін. Кинода кӛрген
қорқынышты роликтерден қорқып, кейін ол тҥсіне кіріп, шошынып оянып, жҧйке жҥйесі
әлсіреп, соның салдарынан қараңғылықтан да қорқып, денесі дір-дір етіп, ауруға ҧшырауыда
мҥмкін.
2. Иә, қатты кері әсерін тигізеді. Қорқынышты фильмдер кӛргенде адамда ӛзгерістер
болып жатады.
3. Қорқынышты фильм кӛргенде адреналин кӛп мӛлшерде бӛлінеді, ал адреналиннің
кӛп бӛлініп кетуі зиян. Адреналин сіздің кҥшіңіз жетпейтін кезде кҥшіңіздің жетіп кетуіне
қажет. Мысалы, адам қатты қорқып қашқанда, адреналиннің кӛп бӛлінуі нәтижесінде, аттай
алмайтын жерден аттап кетеді. Адреналиндеріңізді қҧртпай сақтап жҥріңіздер.
4. Адамды тасжҥрек етеді. Кӛп нәрсені кӛргенде сізде реакция болмайды. Мысалы
адамға жаныңыз ашуы қиындайды.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Дайырбеков О.Д., Алтынбеков Б.Е., Торғауытов Б.К., Кенесариев У.И., Хайдарова Т.С.
Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық
сӛздік.Шымкент. «Ғасыр-Ш», 2012.
2. Жантану атауларының тҥсіндірме сӛздігі. – Алматы: «Сӛздік-Словарь», 2011. – 384 бет.
3. Орысша-қазақша тҥсіндірме сӛздік: Педагогика /О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д.,
профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӚФ. 2011ж.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНДЕ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Байсеркешов Багдат Мамбеткаримович
№68 ЖББОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі
Ақтӛбе қаласы
Салауатты ӛмір салтын насихаттауда, салауатты ӛмір сҥру мәдениетін қалыптастыру
мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, ӛскелең
15
ҧрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ҧстанатын білім де қажет. Мектеп
оқушыларының салауатты ӛмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ
азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Мектеп оқушыларының салауатты ӛмір сҥру мәдениетін қалыптастыру дегеніміз:
І. Жеке тҧлғаның ӛзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты ҥйлесім
тауып, ӛз ғҧмырын Отаны, елі, отбасы және ӛзі ҥшін барынша пайдалы ӛткізу дағдысын
қалыптастыру;
ІІ. Салауатты ӛмір салты – ол денсаулықтың ҥйлесімді дамып, сақталуы мен
орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды
жҥргізу.
Салауатты ӛмір салтын қалыптастыру ҥшін қандай жағдайларға назар аудару керек?
Ӛмір салты дегеніміз не?
Бҧл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мҥмкіндіктерін қалыптастыру.
Біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты
ӛмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
– белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе
спортпен шҧғылдану;
– физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жҥзеге асыру;
– жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жҥзеге асыру;
– қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
– дҧрыс жыныстық тәрбие алу;
– зиянды әдеттерден аулақ болу.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен
мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі
кҥшін атап кӛрсетті. Оның бірі – жер ҥстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі
мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда кӛптеген ерекшеліктері бар.
Мҧнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де
оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы
ҧйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге
қызығушылықтарын арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты спорт тҥрлерінің шығу
тарихын, спорт тҥрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар
ӛмірін алуға болады.
Сол себептен мҧғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ҧштастыруында
жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бҧл мҧғалім мен
оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен
белсенді жҧмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы ҥшін қолайлы жақсы ойлар
туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру тиіс. Барлық оқушылар ӛз
қабілетін ең тӛменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды, оларды міндетті тҥрде
толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі кҥрделі деңгейдегі жаттығуларды орындауға
кӛшіп отырады. Бҧл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және әр оқушының ӛз қабілетіне,
қызметіне сәйкес жоғары деңгейге кӛтерілуіне толық жағдай жасалады.
Жаңаша әдістерді сабақтарда ҥнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың
ҧштасуына мән бергенде ғана жҧмыстың мазмҧндылығы кӛріне алады. Осы бағыттарда сын
тҧрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді әдістерін дене
шынықтыру пәнінде қолдануды ҧсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –
деген сҧраққа:» Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру.
Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік
стандарттық бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді
береді.
Дене тәрбиесі сабағында сын тҧрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалануға да
болады. Осы технологияның шығармашылық бӛлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау
16
жасауға болады (мысалы, дене шынықтыру сабағын ойын тҥрінде ҧйымдастыру), сол
арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады.
Кҥтілетін нәтиже – дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтарының артуы. Оқушы
шығармашылығы, ӛзін-ӛзі басқаруы, қҧрметі, эстетикалық талғамы да артып келеді.
Мысалы, дене шынықтыру сабағында 3-4 сыныптарына сергіту сәтін алатын болсақ, ӛз
тәжірибемде 4-сыныптарға ӛткізген «Эстафеталық жарыстар» атты сабағымда, алдымен
оқушыларға ой толғау жасау мақсатында, қазақтың ҧлттық ойын тҥрлеріне тоқталдым,
ҧлттық ойындар туралы ӛз тҥсініктерін сҧрай отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды
жоспарладым. Міне, осы арқылы оқушылар сабақтың жарыс тҥрінде топтық ойын әдісінде
болатына кӛз жеткізеді. Ойлау қабілетін дамыту тҧрғысында 4 сыныптар арасында «Кӛңілді
мәре» сайысы оқушылардың ой-қабілетін, жылдамдық ерекшелігін, тез шешім қабылдауына
және топтық әрекет жасауына пәндерді байланыстыра отыра кіріктірілген сабақ
кӛрермендердің кӛңілінен шықты. Сабақты қызықты ӛткізу ҥшін мультимедиалық проектор
арқылы қазақтың ҧлттық ойындарының тарихын таныстырып ӛтіп, жасырылған сҧрақтарды
табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ҧпай сандарына қарай бағалап отырдым. Кейін
сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бӛлімі деп алып, бҧл бӛлімінде оқушылар белгіленген жерге
дейін эстафеталық таяқшамен жҥгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып
берілген есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып келу талабы қойылды.
Оқушылардың бҧл бӛлімде сабаққа деген қызығушылығының артуымен бірге машықтанады,
логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды. Тәңертеңгілік бой
жазу және сергіту жаттығулары мен бірге мектебімізде ҧл

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *