«Алаш ұраны» атты тарих пен әдебиет пәнінен кіріктірілген сабақ
«Алаш ұраны» атты тарих пен әдебиет пәнінен кіріктірілген сабақ
Алаш деген атты ұранға қойып, жауға шапқанда
«Алаш, алаш!» деп шабыңдар, «Алаш» демегенді
әкең де болса, ұрып-жыға беріңдер!
Мәшhұр Жүсіп Көпеев
Сабақтың тақырыбы: «Алаш туы астында» атты Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған қалыптан тыс сабақ
Сабақтың түрі: Лекция, қойылым сабақ (Оқушылар қойылым қояды, ән айтады, өлең шығарады)
Білімділігі: Алған білімдеріне қорытынды жасау,
қосымша мәліметтер жинау, көрініс көрсете
білуге үйрету.
Мақсаты: Зиялылар ой-пікірлерімен жас ұрпақтарды сезіндіріп, зиялы қауымның идеясын ашу, еңбектерін есте сақтау, рольдерде ойнай білуге дағдыландыру, бала қиялын дамыту арқылы драмалық шығармаларға жол ашу. Тарихқа тағзым ету.
Әдісі: Топтастыру, мәнерлеп оқу, қойылымдар қою, баяндау, мәліметтер айту.
Тәрбиелігі: Әдебиет пен тарих сабағының өркендеуіне үлес қосу. Патриотты рухты тәрбиелеу. Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру. Өлең шығарып, ән айтуға баулу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сурет, слайдтар. Деректі фильмнен үзінді, сызбалар, үнтаспа.
Пәнаралық
байланыс: Тарих, Әдебиет, Ежелгі дәуір әдебиеті, Өнер.
Алаш ұраны
Қазақпын «қазақпын» деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш!» деген атты аламын,
Мен-қазақ, әкем-қазақ, шешем-қазақ
Мен, неге «қазақтықтан» сақтанамын!
Сұлтанмахмұт
Кіріспе
Тарихшы: Тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық тойында еліміздің төріне асқан Туымыздың желбіреуі – ел мерейі, алаштық абыройы. Тарих – тіршіліктің көшбасшысы. Рухты тұлға әр заманда өмірді мәнді – сәнді өткізуге тырысқан. Ә.Бөкейханов:“Осы күнде істеген ісіміз, тындырған жұмысымыз, мінез-құлқымыз тарих болып табылады. Кейінгілерге үлгі аларлық ой тастап, кейін алғыс, рахмет аламыз ба? Тарих түзу жолды үйретуші” – деді.
“Қазақтық”–қасиет ұлттық сезімнен, ұлтын сүйгендіктен пайда болған ұғым. Ата Заңымызда:“Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі”, – деген. Адам болып дүниеге келген адамның рухы жоғары, адамдық борышын ақтай алатын адамның қоғамдағы орны зор болмақ. Биыл Алаштың алғаш астанасы – Орынбордағы 1917ж. Жалпы қазақ Құрылтай съезіне – 95жыл. Алаш идеясы– өміршең. Съезд төрағасы Ә.Бөкейханов 5 бағытта іс қозғады. Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толып отыр. Қазақ қазақ болғалы өз бас бостандығын, өз еркіндігі мен егемендігін күшпен де, ашаршылық нәубеттен де, небір репрессиялық қуғын-сүргіннен де қорғаған.
Әдебиетші: «Ақыл көзімен зерделей білген адам ғана өмірді терең түсінеді», – деді Шәкерім. Адамдық өлшемнің кепілі – түсінік. Әрбір адамға өзінің рухын ұдайы көтеріп отыру – басты парыз. Зиялы азаматтар көп болуы қажет. Зиялылық деңгейін анықтайтын ұғым – адамдық. Адамдық – ар қуатының көзі. Ұлттың жанын ұғынып, рухын асқақтататын – зиялылар. Алаш зиялылары ұлт тарихының шындығын ұлт жауынан ұмыттырмау үшін Отандық тарих ғылымның дамуына ерекше мән береді. Елдік, мемлекетті даму жолы арқылы өзін өзгелерге мойындата алады.
«Дәулет» деген ұғыңдар!
Кеше бар да бүгін жоқ.
Тілің болса, үнің бар,
Тіл болмаса, түгің жоқ! – деді Қадыр Мырзаәлі
Тіл тағдыры – қоғамдық – саяси өмірдің ең өзекті саласы. Тілдің тіршілік етуіне жеке адамдар ғана емес, ұлт пен ұлттың, мемлекет пен мемлекеттің қатынасының маңызы зор. Күннен – күнге қазақ тілінің мәртебесі жоғарылай келеді. Қазақ тілінің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ғалымдар, қоғам қайраткерлері, философтар, алаш азаматтары қаншама!? Міне, туған тілдің мәртебесін кеңейту үшін кішкене де балса, іс тындырып жатқан ұстаздар бар. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруімен қоса, олардың өнерге деген талантын, ынтасын арттыру мақсатында қойылымдар қойғызып, оқыған шығармаларының мәнін терең ашу мақсатында «Алаш ұраны» атты тақырыпты тарих пен әдебиет пәні мұғалімдері ұсынып отырмыз.
Тарихшы: Алаш идеясы бүгінгі таңда қазақ тарихының күрделі де көкейкесті мәселелерінің қатарынан саналады. «Алаш» партиясын құру мен Алашорда үкіметін қалыптастыру жолында. «Алаш арыстарының» жанқиярлық еңбегі ерен. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Мемлекеттің мүддесін ойлаған қазақтардың тағдыры ауыр болды, қазақ зиялыларының азаматтық, адамгершілік, ұлтына деген ықыласы қазіргі заманмен үндесуде». Алаш зиялылары – тәуелсіз мемлекет дамуының өзіндік жолын көрсетіп кеткен ұлттық нағыз жанашырлары. Ұлттың жанын ұғынып, рухын асқақтататындар да – зиялылар.
Әдебиетші: М.Дулатов «Қазақ зиялылары» атты мақаласында қазақ зиялыларының қалыптасу ерекшелігін және рухани, іс барасындағы қызметінің мәнін түсіндірген еді. Тарих тағлымымен тәрбиеленген ұрпақ бойында ұлттық мінез қалыптасып, ұлттық тәрбиенің көзіне айналады. Мұның қайнар көзі – зиялылық. Оны Шәкерім Құдайбердіұлы да дәлелдеді:
«Рух» – деген дінсіз таза ақыл,
Мінсіздің ісі – мақұл…,
А. Байтұрсынов: «Рух үшін ең қымбат дүние – жұрт қамы, жұрт ісі», – деді.
Тарихшы: Қазақстан тәуелсіздік алуымен қатар, бір мезгілде бүкіл адамзаттық–демократиялық құндылықтарға сүйенетін зайырлы мемлекет құруға ұмтылатынын жариялады. Содан бері 20 жыл өтті. Қазақ қайда жүрмесін, бірін-бірі «алаштың азаматы ғой» деп құрметтеп, бір-біріне жанашырлық танытып жүреді. Биыл, 2012 жылы, Ұлыбританияның астанасы Лондонда барша әлем жұртшылығы асыға күткен ХХХ Жазғы олимпиаданың алауы жағылды. Қазақстан Ұлттық құрамасын бұл байрақты бәсекеге грек-рим күресінің шебері Нұрмахан Тінәлиев бастап барды. Ол мемлекетіміздің Туын ұстады. Елбасының қолынан алған Тудың жауапкершілігі қашан да жоғары. Ту тапсырылған соң: «Туды ұстап жеңіспен оралу – біздің ұлттық құрама үшін асқақ арман, биік мақсат», – деді ол.
Көрініс
С.Торайғыровтың аяқталмай қалған «Таныстыру» поэмасы мен өлеңдері жүйесінде құрылған көрініс.
Қатысушылар: (9–сынып оқушылары) Автор, қария, бала (жас ұрпақ) Әлихан Бөкейханов, Шәкерім, Бұхар жырау, Абылайхан, Д. Міржақып, Сұлтанмахмут, Халел Ғаббасов, Мағжан Жұмабаев.
Әдебиетші: Шәкерім рух туралы өлең жолын оқиды.
Тарихшы: Әрі қарай Абылайханға Бұхар жырау мен Абылай ханның, Міржақыптың жүйелі сөздері, Қазы Нурмуханбеттің атылуы, Нұрғали Құлжановтың қазасы туралы айтты. Қазаға қайғыру және ұлт зиялыларының ойы туралы мәлімет берді.
Әдебиетші: ХХ ғасыр басында ерекші орын алған ұлттық сананың оянуына ықпал еткен жазушы Сұлтанмахмұт «Таныстыру» атты поэмасында алаш азаматтарын көркем тілмен таныстырып, өлең өрнегімен халық ұлдарына ескерткіш соғып кеткен шығармасы негізінде жазылғаны туралы мәлімет берді.
Тарихшы: «Алаш ұраны» – 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін жазылған шығарма. Ол – рухы биік, мақсаты ізгі, бітімі ерекше туынды. Патша тақтан құлағанын естіген алаш азаматтары «Алаш ұлына» атты мақала жазып, азаттық таңы атқанын қуанышпен қарсы алды. С.Торайғыров өз қуанышын «Алаш ұраны» өлеңінде жазды. Сол ұран бойынша оқушылармен бірігіп қойған қойылым сабақ. Шәкерім – суреткер жазушы, атақты ақын. Ұлы Қазан төңкерісінің жеңімпаз туы аспандай желбіреп, бар елдің еңбекшілері ерен қуанышқа бөлінген кезеңді көрді. Осы тарихи кезеңнің талантты перзенті. Ол халқымыздың зиялы қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Омар Қорашев, Сұлтанмахмұт Торайғыровтармен тағдырлас.
Бала: Жол беріңіздер! Қазақ халқының басына төнген нәубәтті болжай білген, Бұхар жырау бабамыз келеді. (Бұхар жырау келеді, ол Абылайға қарап).
Бұхар: Күн батыста бір дұшпан,
Ақырда шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Бастығының аты боп,
Күншығысқа қарайды,
Шашын алмай тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ.
Жамандықта міні жоқ.
Абылай: «Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін,
Жат бойынан түңілсін,
Бәрің бір елден туғандай болсын!
Қария: – Иә, бірлік бар жерде, тірлік бар. Бір туғандай жауға
жұмыла аттанайық!
Бала: Асан қайғы атамыз желмаясына мініп алып, қазақ еліне
«Жерұйықты іздеп жүр».
Міржақып:
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған «атақ» ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де «Алаш» өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарына келгенін.
- Сұмдық–ай! Алаш милициясының бастығы Қази Нұрмұхамбетұлын атып кетіпті.
Бала: Солай қарай Міржақып, Жүсіпбек, Шәкерім аталарым
бара жатыр, ата бізде барайықшы.
Шәкерім: (халық алдында сөз сөйлеп тұр) Қази 22 жаста ғана еді. Алаш азаматы елі үшін құрбан болды.
- Әлеумет! Мынау жатқан кім, білесіңдер ме? Бұл – ұлты үшін шыбын жанын құрбан еткен алаш азаматының тұңғышы. Мұны өлді демеңдер! «Ұлтым!» деген азаматтар мына мен сияқты болып «ұлтым» дегендер,- деп, өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес, іспен көрсетсін! Марқұмның атасы – Қазы еді. «Қазы» – би деген сөз. Қазы билігін айтып кетті. Қазаққа Құдайдың шын ұл бергеніне көзім жетті. 60 жасқа жеткенде мынандай ұлт үшін құрбан болған азаматты көріп тұрмын. Енді бүгін өлсем де арманым жоқ. Қарағым, Қазыжан, қадіріңді біліп құрметтей алмасақ, кешу қыл. Қабірің нұрлы болсын!
- Алты алаштың көк туын қолыңа ал, ертеде еркін өткен күніңді ойыңа ал. Елді жерден, ерді еріктен айырған, дұшпаныңды табан тіреп жолыңа ал!
Біз де артыңнан елі қалмай ерерміз,
Өлімен ақыл, қолмен қуат берерміз.
Елге ерік, Жерге көрік әпермей,
Жүрек бірге, өлсек бірге өлерміз
деген өзінің алдындағы мақсатын білдірді.
Бала: Ата! Ата! Абайдың, Сұлтанмахмут, Мағжанның, Сәкеннің шығармалар жинағын бастырып шығарыпты. Бернияз атамыздың «Ұшқынға» атты өлеңінен үзінді оқып берейін бе?
Қорлығына бермейміз!
Жасасын, алаш, жасасын!…
(Өлеңді толық айтып шықты).
Мағжан Жұмабаев: Алаш – айбынды ұраны,
Қасиетті құраны,
Алаштың, олар, құрбаны.
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін, жастарға,
«Алаш» атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!…
Асхат Мұқажанұлы
«Алты алаш» туы астында,
«Күн» боп шығып, сөнбейміз!
«Тәуілсіздік» төрінде ,
Туды ешкімге бермейміз
Тәуелсіз қазақ еліне,
Жарқыраған «күн» болам!
Жаhандау кезінде,
Қазақша сайраған «үн» болам!
Ұлылардан үлгі алып,
Ел қамына «мұң» болам!
Шымыр болып шыныққан
Сапалы өсіп, шыңданған,
Қазақ ұлы, мен, болам!
Бала: – Ата, Ата! Асанқайғы атамыздың «Жерұйық» деп жар салған жері – біздің Отанымыз – Қазақстан екен. Көк туымыздың желбірегеніне 20 жыл.
«Көк тудың желбірегені» атты әнді тыңдайықшы. Жүріңіз, ата!
Қорытынды: Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстап, рәміздерімізді құрметтейік. Өміріміз мәнді, тұрмысымыз сәнді болсын!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718