“Ұлы Жібек жолы” ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Ұлы Жібек жолы»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың «Ұлы Жібек жолы» атауының мән-мағынасын түсініп алуларына мүмкіндіктер беру. Мұнда бұл жолдар арнайы емес, ежелгі дәуірден-ақ қазіргі Қазақстан аймағын мекендеген сақ, үйсін, қаңлы тәрізді тайпалардың өзара және басқа елдермен қарым-қатынастарында қалыптасқан байырғы соқпақтар негізінде жасалғанын, кейініректе Қытай тәрізді алып империяның алыстағы алдыңғы Азия елдерімен сауда-саттық және мәдени байланыстарының арта түсуінің осы жолды дамыта түсуге тікелей ықпал жасағанын, біртіндеп бұл жолдың көптеген елдер тағдырында шешуші рөл атқарғанын түсіндіру.

2.Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, еске сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

3.Тәрбиелік: Ұлы Жібек жолы бойындағы материалдық және рухани қазыналарымызбен таныстыру арқылы жас ұрпақты ата-бабаларымыздың еңбекқорлық дәстүр салтына тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, шағын топпен жұмыс, ойталқы, оқулықпен жұмыс, тестік тапсырмалармен жұмыс, іздену, пікірталас.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті, математика, әдеп.

Сабақтың көрнекілігі:

1.Ұлы Жібек жолы туралы диск.

2.Тест тапсырмалары.

3.Тапсырмалар жазылған қағаздар.

4.Сызба қағаздары.

5.Баға рейтингісі.

 

 

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеп, олардың оқу құралдарын тексеру, сынып іші тазалығын қадағалау. Сыныпты үш топқа бөліп отырғызу. Әр топтың топ басшысы сайланады. Топ басшылары өз тобының мүшелерін бағалау парағына бағалап отырады, ал мұғалім жалпы топтарды бағалап тұрады.

 

 

 

   1) Қыран тобы                                2) Тұлпар тобы                           3) Тапқырлар тобы

 

 

 

 

 

 

Қыран құс аспанда,                   Тұлпар ат жасыл жер                 Тапқырлар үшін жауапсыз

көкте ұшады, сондықтан        ана үстінде жүреді,сондықтан   сұрақ болмайды, сондық-

 осы топ мүшелері                    осы  топ мүшелері                         тан топ мүшелері

 интерактивті тақтада көк   инт. тақтада жасыл түспен      тақтада қызыл түспен      

көк түспен жұмыс жасайды  жұмыс жасайды.                           жұмыс жасайды.

 

  1. «Ой қозғау».

Үй тапсырмасын тексеру, өткен тақырыптарды қайталау.

Сұрақ – жауап (үш топқа сұрақтар беріледі, топ мүшелері қолын көтеру арқылы жауап береді. Осындай ретпен жылдам әрі, дұрыс жауап бере отырып, өздеріне және топтарына балл жинайды).

  1. Қыпшақтардың этникалық құрамына қандай тайпалар кірген?
  2. Қыпшақтар қандай жерлерді өздеріне қаратты?
  3. Қоғамдық құрылысы туралы не айтуға болады?
  4. Қыпшақтар Орта Азияда қандай елмен саяси қатынас жасады?
  5. Қыпшақтар қандай шаруашылықпен айналысқан?

 

 

Баллдық жүйе бойынша оқушылардың білімін бағалау рейтингісі.

(Топ басшысы бағалайды)

 

Оқушының

аты-жөні

Ой қозғау Миға шабуыл Кім жылдам Ойлан тап Есте сақта Жылдам тап Қорытынды балл
1                
2                
3                
4                
5                
6                
7                
8                

 

 

Баллдық жүйе бойынша оқушылардың білімін бағалау рейтингісі.

(Мұғалім бағалайды)

 

Топтың аты Ой қозғау Миға шабуыл Кім жылдам Ойлан тап Есте сақта Жылдам тап Қорытынды балл
Қыран

тобы

             
Тұлпар тобы              
Тапқырлар

тобы

             

 

Жаңа сабақ.

Мұғалім қысқаша түсініктеме береді және Ұлы Жібек жолы туралы диск көрсетіледі.

  1. «Миға шабуыл».

Үш топқа түрлі тақырыпшалар дайындалуға беріледі. Ойларын ортаға салады.

1-топ. «Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері».

2-топ. «Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы».

3-топ. «Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы».

  1. «Кім жылдам».

Тақтада тапсырма беріледі. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою қажет. Жауап әрі дұрыс, әрі жылдам болуы керек. Орнында отырып орындап, қол көтеру арқылы жауаптарын тақтаға жазады.

ТАПСЫРМА:

  1. Жібек жолының басы . . . жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталады.
  2. Жібек жолының Жапонияның сілемесі – ертедегі астанасы . . . (Нарға) қаласында жібек сататын орындар болған.
  3. Жібек жолындағы мәдени байланыс, әсіресе . . . (музыка) саласында ерекше байқалады.
  4. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Ұлы Жібек жолының бойындағы кейбір қалалар . . . , . . . , Испиджаб сияқты қалалардан мешіт-медреселердің орындары табылған.
  5. Сауда жолына байланысты дипломатиялық қарым-қатынасты 568 жылғы Түрік қағанаты мен . . . мемлекетінің арасында болған келісімдерден толық байқауға болады.

 

  1. «Ойлан тап».

Үш топқа тест тапсырмалары таратылады. Белгілі уақыттан кейін тапсырмалар жиналып алынады. Тестті қарама-қарсы топ мүшелері тексереді. Тексеруге қарсы топтарға мұғалім дұрыс жауаптарды береді.

Тест тапсырмалары.

  1. Ұлы Жібек жолының басы Қытай жерінің қай жерінен басталады?

а) Хуанхэ өзені           б) Қытай қорғаны         с) Шығыс Түркістан

  1. Жібек өндіру б.з. алғашқы кезінде қай елдерінде игеріле бастады?

а) Византия, Кавказ    б) Византия, Соғды     с) Иран, Үндістан

  1. Ұлы Жібек жолының бойындағы қала тұрғындары немен айналыса бастады?

а) егін шаруашылығымен  б) мал шаруашылығымен

с) отырықшылықпен

 

  1. «Есте сақта».

Тақтаға тарихи сөздер шығады. Бірнеше уақыт ішінде оқушылар сөздерді есте сақтап қалулары керек, сонан кейін ойларында қалған сөздерді қағазға түсіреді. Қай топ мүшелері көп сөз жазса, олар көп балл жинайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жылдам тап.

14, 15 тақырыптар бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі. Олар сұраққа алдарындағы А4 қағазына жауабын әрі дұрыс, әрі жылдам жазып көрсетулері қажет.

  1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қай жылы алды?
  2. Қазақстан Республикасы туының авторы?
  3. Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасы теңге қай жылы айналымға енгізілді?
  4. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін сайлау қай жылы

өткізілді?

  1. Қандай Отан, ел, жер, білім туралы нақыл сөздер немесе мақал-мәтелдерді білесіңдер?

Үйге тапсырма беру.

14, 15 тақырыптарды оқу, сұрақтарға дайындалып келу.

 

Қорытындылау кезеңі.

Төмендегі берілген сөздер бойынша әр топ мүшелері өз ойларын тақтаға жазады. Дұрыс әрі, жылдам жазған топ мүшелері өздеріне балл жинайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабаққа араласуына байланысты бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау және қай топтың жеңімпаз болғанын айту.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *