Отбасы тәрбиесі – қоғам негізінің бастауы
Отбасы тәрбиесі-қоғам негізінің бастауы
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Бала өсіп өне келе, тәлім-тәрбие алуға мектеп табалдырығын аттайды. Мектеп пен ата-ана арасында тығыз байланыс орнайды. Дәл осындай мақсатта біздің мектепте «Отбасы клубы» ұйымдастырылған, бұл клубтың негізгі мақсаты – ата аналар мен мектеп арасында ынтымақтастық педагогиканы дамыта отырып, әр баланың өмірінде қолайлы жағдайды жасап, тәрбие мен білімді қатар алып жүру.
Еліміздегі эпидемиялық жағдайға қарамастан, жылдың басында мектепте Отбасы клубының жоспары құрылды, осы жоспарға сәйкес тәрбие сініің меңгерушісімен бірге педагогикалық және психологиялық қолдау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, қыркүйек айынан бастап онлайн ата – аналар жиналыстары өткізілді, ол жерде психолог маман ретінде біздің оқушыларымыз қашықтықта оқыту барысында өзін-өзі ұйымдастыру мен оқыту сапасын тиімді жүргізу үшін ұсыныстар беріліп, жадыналамар таратылды.
Отбасы- қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Қазақстанда 13 қыркүйек Отбасы күні болып саналғандықтан, біздің мектепте осы күнге орай арнайы апталық жүргізілді, оның негізгі жұмысына оқушылармен өзін – өзі тану бойынша онлайн сабақтар өткізілді, бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналар арасында «Менің отбасым» атты суреттер конкурсы жарияланды, конкурса қатысқан ата-аналар арнайы мадақтама қағаздарымен марапатталды. 9 – 11 сынып ата – аналарымен онлайн дөңгелек үстелдер өткізілді, тақырыптары: «Менің балам жасөспірім», «Қыз тәрбиесі – ұлтымыздың болашағы», ««Менің отбасымның бағы – елімнің мәртебесі». Осы тақырыптарды ата – аналармен талқылай отырып, сауалнама өткізілді. Сауалнама қорытындысында ата-ананың 80%-ы оқушылардың сапалы білім алуы ата-ананың баланың сабағын үнемі қадағалауына байланысты екенін, баласының жақсы оқитынына сенім білдіре алатынын, мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы жұмсақ, жайлы, достық қатынаста болса деп көрсеткен. Сынып жетекшімен баласы туралы жиі пікір алмасып отыратындықтарын, мектептегі білімге көңілдері толатындығын, сонымен қатар, ата-ана мектеппен тығыз байланыста болу керек екенін айқындап берді.
Отбасы адамдық құндылықтардың, мәдениет, адамгершіліктің қорғаушысы, ұрпақтардың тарихи сабақтастығы, қоғамдағы тұрақтылықтың факторы болған да, бола береді де. Оның дәлелі ретінде біздің мектепте арнайы «Мен өмірді сүйемін» атты қалалық марафон өткізіліп жатыр, оның белсенділер қатарына ата – аналар да жатады, себебі қазіргі таңда жасалып жатқан әр бір іс-әрекет тығыз әрі үздіксіз ата – аналармен байланысты. Іс – шаралар қатарына ата – аналар өз балаларымен «Біз өмірді сүйеміз, себебі…» деген тақырыпта шағын бейнебаян түсіру керек болатын, бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысушы болды, бейнебаянды интернет платформаларға жүктедік.
«Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» дейді қазақ, қанша жыл отасса да бірлігі мен берекесі таймаған, күннің шуағындай жылылығымен баурайтын отбасылары, осындай берері мол тәрбиелік мәні зор мерекелік шарада, өз көрген-білгендерімен бөлісіп, көрермендерге, соның ішінде жас отбасыларға ерекше әсер беріп, ой салғанына сенімдіміз. Өйткені, тәрбиенің алғашқы әліппесін отбасында алып, адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Осы «Отбасы клубының» арқасында біз педагог – психологтар мектеп пен ата – аналармен бірлесе жұмыс істеу арқасында әр баланың бойында өз елін сүйетін, адамгершілік қасиеттері мол, болашақта өзінің Мен бейнесі жарқын болатынына сенеміз.
Рудный қаласы әкімдігінің «№13 орта мектебі» КММ
педагог – психологі Сражатова Н.Д