Түркі жазба ескерткіштері – ортақ мұра.
Сабақ: 3 Мектеп: №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі.
Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: Каримова Гульмира Сайлауовна
Күні: 17.08.20ж. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Бөлім/ тақырып: 1 Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Түркі жазба ескерткіштері – ортақ мұра.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.2.1. публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.
8.4.1.1. тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі –құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады:
Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы танып, тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі –құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Публицистикалық стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдарды анықтайды, тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі –құрама атауларды таба алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдарды қолданады, тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі –құрама атауларды орфография лық нормаға сай жазады, талдайды..
Бағалау критерийі 1. Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы табады;
2. Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі –құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.
Ойлау дағдылары-ның деңгейі Қолдану, талдау.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
Мәтінде көтерілген мәселені анықтай алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Түркі халықтары, Еуразия құрлығы, көне сақтар, ғұндар, тайпалар мен ғұндар, түркі халықтарының мифологиясы, археолог ғалымдар, қазба жәдігерлер, ежелгі түркілер, Орхон-Енисей жазуы, Руно жазуы, көне түркі тілі.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Түркі жазба ескерткішткерін неліктен түркі халықтарына ортақ мұра деп атаймыз?
2. Құпия таңбалар кілтін іздеудің қаншалықты маңызы бар?
Құндылықтар-ға баулу Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түркі халықтарының көне тілін, тарихын, рухани мәдениетін, дүниетанымын кеңейтеді, пікірлесу мәдениетін қалыптастырады.
Пәнаралық байланыс Тарих, география т.б.
Алдынғы оқу Құпия таңбалар кілті- ғылыми жаңалығы жайлы біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы
10 минут
Сабақтың ортасы
20 минут
Сабақтың соңы
10 минут Сәлемдесу, топтарға біріктіру.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру.
«Миға шабуыл» Тақырыпқа байланысты бірнеше суреттер ұсынамын. Сұрақтар беру арқылы мәтін мазмұнын анықтатамын.
1. Суреттен нені байқадыңыздар?
2. Мына суреттердің бүгінгі тақырыппен қандай байланысы бар?
Оқылым алды тапсырмасы:
1-тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқып, стилін анықтаңдар. Картадағы көне түркі ескерткіштері табылған жерлерді анықтаңдар.
1. «Тайпа» мен «ұлт», сондай-ақ «бауырлас халық» және «көрші халық» ұғымдарын синоним ретінде қолдануға бола ма?
2. Түркі жазуы күнін белгілеудің қаншалықты маңызы бар?
Дескриптор
1. Мәтіндерді түсініп оқып, стиль түрлерін анықтайды.
2. Көне түркі ескерткіштері табылған жерлерді картадан табады.
ҚБ «Екі жұлдыз бір ұсыныс»
2 –тапсырма
«Кезбе тілші» тәсілі
(Тілші, суретші, таспаға түсіруші) бір оқушы оқушыларды аралап жүріп бүгінгі жаңа сабаққа қатысты сұрақтар қояды.
1. Көне түркі жазба ескерткіштері қай жерден табылды?
2. 18 мамыр – Түркі жазуы күнінде қандай шаралар ұйымдастырар едіңдер?
Дескриптор
1. Бір-бірімен еркін пікірлесе алады;
2. Сұраққа толыққанды жауап бере алады;
ҚБ. Оқушылар өзін –өзі бағалайды.
2.Жұптық жұмыс
Мәтінді оқып, кестені толтырыңдар.
Мәтін стилі Стильге тән тілдік құралдар Бас әріппен жазылған тіркесті жалқы есімдер
Дескриптор
1. Стильдің тілдік құралдарын ажыратады.
2. Бас әріппен жазылатын тіркесті жалқы есімдерді табады.
ҚБ. Мұғалімнің марапаттауы.
3. Жазылым тапсырмасы
“Өз миыңды зертте” кесте бойынша жұмыс
Бас әріппен жазылатын күрделі атауларға мысал жазыңдар.
Мемлекеттердің қысқарған атауы
Мемлекеттік мекемелердің, жоғарғы ұйымдардың күрделі атаулары
Агенттіктердің, радио, телекомпаниялардың атауы
Қосалқы анықтауыштары бар мекеме, ұйымы атаулары
Бас әріппен жазылатын біріккен жалқы есімдер.
Дескриптор
1. Бас әріппен жазылатын күрделі атауларға мысал келтіреді.
2. Күрделі атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.
ҚБ: Мұғалімнің кері байланысы.
Сабақты қорытындылау
«ҚҚҚ» тәсілі арқылы
Қызық Қиын Құнды
АКТ
А4 парағы, маркер т.б.