Абай Құнанбаев 175 жыл
Абай – қазақ поэзиясының биік шыңы, құдіретті ақыны. Абайдың жүрек шерімен жазған туындыларының тағылымы мәңгілік қымбат қазына. Абай жалғыз қазақ халқының ұлы емес, адамзаттың ұлы десек артық айтқандық болмас. Әлем халқы бас иген дара тұлғамызды қай жағынан да әспеттесек біздің елдік, халықтық парызымыз болып саналады. 175 жыл бұрын ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлы дүниеге келді. Оның шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани байлығы. Заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын, бұл мирас өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсуде.
Елбасының Абайға деген құрметі, ықылас-ілтипаты зор. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде басылған кітап негізіне Елбасының баяндамасы толықтай алынған. Кітаптың төте жазуындағы, сондай-ақ ұйғыр, қытай тілдеріндегі нұсқасын Шыңжаң жастар өрендірінің баспасы шығарған. Бұл басылым да Елбасы кітапханасының қорында сақтаулы тұр.