Қазақтың   қанатты  сөздері

Жанакова Гульнара Ерболатовна

Қазақтың   қанатты  сөздері

Аз сөзбен көп мағна беретін қаңатты, нақыл сөздер болады.  Нақыл сөздер  белгілі   ерте  заманнан бастап осы кезге дейн айтылып келеді. Қаңатты сөздердің түп негізі тілдің  даму эвалюциясымен тікелей байланысты.  Нақыл сөздер мен афоризмдердің тағы бір тобы: өнер білімге жетілу, туған елді сүюшілік , адамдарымыздың  арасындағы достық, жолдастық қарым-қатынас, адамшылық қасиеттер, махаббат, бала тәрбиелеу,оны еңбекке баулу тақырыптарына арналған.

Халықтың асыл қоры- қанатты сөздер.

«Тіл өнері дертпен тең.»       Абай  тіл өнеріне де осылай жоғары баға берген. Ол Лермонтов өлендерін: « Өзіңе сенбе,жас ойшыл, тіл өнері дертпен тең.Көңілдің  жүгін қиял қыл, Ызаға тұтқын бой мең-зең …» –  деп, сөз асылын тере отырып аударған.

« Балта шапқанша – дөңбек жал табат та»    Бұл афоризм, істеймін деп жүргенде, біреу істеп қоймасын деген мағна береді.

«Басшы әділ болмаса жұртқа әділдік орнай ма?»  Бұл, ел басқарған адамың  адал, әділ болсын деген сөз.

«Берекені көктен тілеме, еткен еңбекпен тіле», « Биік мансам-  биік жартас, ерінбей еңбекпен жылан да шығады. Екпіндеп ұшып қыран да шығады.»

« Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз.

Өсек,өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ- Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап,еңбек, терең ой,Қанағат, рақым ойлап қой- Бес асыл іс көнсеңіз»-  Абай  айтқан  бұл нақыл, ел арасында ,зиянды нәрседен аулақ бол, пайдалы нәрсеге жақын бол деп тақпақтай айту үшін қолданылады деген.

« Баланың  жақсысы- қызық, жаманы- күйік»  Осы сөзбен ата-ана жақсы мінезді перзентіне  сүйінгенде, жаман мінезді баласына күйінгенде мақалайды.

« Әр құстың өз алдына жемі бар, әркімнің алдына теңі бар.»

Бұл салыстырмалы кұрмалыс сөйлеммен халық жалпылама айтылған сөзге қарсы әркімнің өзіне  лайықтысы бар   дегенді білдіреді.

« Әкесі ұрысса  балаға, ол да  достық, баласы ұрысса әкеге,жараса  ма?»

Бұл нақыл  сөз  баланы  әдептілікке,кішіпейлділікке тәрбиелеу үшін қолданылады.

«  Ашулы    адамның сөзі  аз болса, ыза  қуаты артында болғаны..»

«Ашушаң болсаң сол қолың  оң қолынды ұстасын.» Бұл сөз ашуың келгенде  сабырлы бол, өзіңді  өзің ұстай біл деген мағнаны білдіреді.

« Адамның адамшылығы істі бастағанынан білін еді»,  « Адасқанның алды жөн,арты соқпақ.», « Адамның ішкі сезімінің айнасы- көз.»  Адамның ішкі дүниесінің алуан түрлі психологиялық өзгерістерін сыртқа ең  алдымен  жеткізетін көз ғой. Бұл афоризм осы бір құбылысты  бейнелейді.

« Адал дос бірін бірі алдамайды.» мұны дос-жарандар арасында бір-біріне сенімсіздік көрсеткен жағдайда нақыл ретінде қолданады.

« Ғылым таппай мақтан ба, орын таппай баптан ба.»  Абайдын осы  -аналар  оқушы балаларына өсиет ретінде: өнер-білімге жетілмей тұрып мақтан ба, өз орныңды сайлап алмай тұрып баптап ба деу үшін колданады.

«Өмір  озады, ажар тозады.» Бұл сөзді халық өмір,тұрмыс өзгеріп отырады деп диалектикалық   байлам жасау үшін айтады.

« Өнер- білім бәрі де оқуменен  табылған.» Бұл  қазақ жастарына өнер- білімнің , қайнар бұлағы, оқуда екенін айтыңдер деп ,оқындар , ғылым, жетіліңдер деп үгіттеді.

« Сыр түйіні ақиқат,ақиқат  шындық көпке ортақ.»  Халық бұл сөзді қандай болмасын әрбір сырдың негізі, шегі,түйіні шындыққа барады. Шындық  болса ол көпке ортақ деген мағнада айтады.

« Талай жан бар, аузымен айды алады. Қолымен қосаяқ соға алмайды!» Бұл сөзде ісінде берекесі жоқ,көп сөйлейтін, қолынан түк келмейтіндерге қолданады.

Май  орта  мектеп

Педагог –психолог

Гульнара Ерболатовна Жанакова

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *