«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

Түркістан облысы

Кентау қаласы                                                                 

«Дәуір» бөбекжай-балабақша

Ересек топ «Ақ көгершін»

Джунусова Нурия Каргабаевна – тәрбиеші

 

 

«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

 

Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

 

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді.

 

Тәрбиеші; Құрметті «Дәуір» балабақша ұжымдары, ата-аналар, балабақша бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Жүргізуші:
28 жыл он ғасырдың жүгін арттық,
Ел болып еркіндіктің түгін тарттық.
Әнұраным,көкбайрағым қалықтады,
Қазақтың бар әлемге үнін қаттық.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

 

Атыңнан айналайын егемен ел

Жания                                   Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын тәуелсіздік

Ғасырдың тойы болып келе берер!

 

Он алтыншы желтоқсан

Медина                                       Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.

 

Нурдаулет запомнится каждому казаху,
декабристы оправдываются.
В
нашей библиотеке работает кружок по быстрому устному счету “ментальная арифметика”.

 

Сегодня в праздник дня,

Даурен-это дух предков.

Я сыновья азатной страны.

Төбем көкпенен сбалансированной.

 

А в семье благоденствия Али

Все его любители человечества,

Бүлдіршінмін сегодня и счастливый

Нет барана.

Бұның бәрі татулықтың арқасы.

Тәуелсіздік- елдігімнің бастауы

 

А.Амина                                    Әнді алысқа жеткіземіз

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз

Тәуелсіздік ұлы күнді

Көрініс:

Жүргізуші:    Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет.

Апа – ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз.

 

Би: Қазақ биі

Жүргізуші:    Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.

Өшпейді ғой, өлмейді ғой ұлы еңбек,
Елің барда мәңгі бақи еленбек.
Ел үшін атырам деп жарық таңды,
Сіңірдің жан аямай көп еңбек,-

Жүргізуші:    1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс — шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуіміз керек.

Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.

Даниал                            Тірлігіңе шырай берген кім десең,
Ол Нұрсұлтан бақжұлдызың,
Сол азамат болмағанда ағайын,
Бүгінгідей қуанбас ең, күлмес ең.

Марлен                            Мақсатына жету үшін алдағы,
Әу бастан-ақ, дұрыс жолды таңдады.
Сол азамат Нұрсұлтаның емес пе,
Орындаған бабалардың арманын

Ән:   Тәуелсіздік әні

Жүргізуші; Балалар Отан –деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Отан деген не?

-Отан деген біздің жеріміз,еліміз,бауырымыз!

-Біздің ұлтымыз кім?

-Ұлтымыз қазақ!

-Біз елімізді жақсы көреміз бе?

-Жақсы көреміз!

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Қазақстан тәуелсіз,көп ұлтты мемлекет!

-Ал сендер Отан туралы тақпақ білесіңдер ме?

І Али                              Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

 

Әсемай                           Отанның қасиетті тілін сүйем

Отанның қасиетті үнін сүйем

Родина, Родина, Родина

Оказалось, что, прежде всего, высокой

Я люблю его навсегда

 

Медет жердей Родной земли не

Перспективах развития исламского финансирования в

Тал –туған жер-родная земля

Потомок родной земли

Мы будем жас улан

 

Водитель;

– Кто является президентом Республики Казахстан?

– Касым Жомарт Токаев!

-Бас қаламыз қалай аталады?

-Нұрсұлтан!

-Қандай тақпақ білесіңдер Нұрсұлтан жайлы?

 

Алинұр                Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқым жетсін мұратқа,

Ей, бас қалам-Нұрсұлтан!

 

Ойын: Арқан тарту

Жүргізуші;

Республикамыздың рәміздерін білесіңдер ме?

-Әнұран,ту,Елтаңба .

-Ал ендеше әрбір азамат өз Отанын жанындай сүйіп,оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

 

 

Айару

Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның.
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
Астында оның қалықтаған,
Қыран құстың бейнесі.
Азат елдің шалқыған,
Көңілі де білерсің.

А Медина

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұнқар,
Шарықтаған таза күй.

Қара шаңырақ ел күні

Асқақтатып тұр мұңы

Елтаңбасы елдігім

Елдің тыныш тірлігі.

 

 

Алихан                    Ән ұраным – жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім- сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам –ән ұраным.

Би :ұлдар

Жүргізуші; Балалар ана тілін ұмытқан адам өз халқын өткенінде ,болашағында қол үзеді.Ана тілін үйрену –ұлы іс.Ең жақсы тіл ана тілі.

 

 

Амина

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

Нұраділ

Паш еткен даңқың атағын

Қазақстан Отаным

Нұрға бөлер еліңді

Ақ таңың боп атамын

 

Ведущая: Уважаемые собравшиеся, поздравляя вас с праздником Независимости, желаем нашему государству светлого будущего, поколения, благополучия.

Ведущий: Пусть в возвышенном крае,в прекрасной степи, в прекрасной степи,в пустыне,в пустыне,в пустыне, в пустыне, в светлом уютном крае, пусть в нашем народе царят мир, богатство за дастархан!

Хор: Казакстан-наш общий дом.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *