Машаға көмектесейік
Кабдулова Айгуль Жакслыковна
І санатты тәрбиеші
№ 43 «Арман» бөбекжай бақшасы
Атырау қаласы
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру
Тақырыбы: «Машаға көмектесейік»
Мақсаты: Балалардың жыл мезгілінің сипаты туралы түсінігін бекіту, «Көп», «Аз», «Біреу» ұғымдарын ажырату дағдысын жетілдіру, екі топтағы заттардың тең және тең еместігін анықтауға үйрету,заттың кеңістікте орналасу анықтау түсінігін жетілдіру. Геометриялық пішіндер туралы түсініктерін бекіту.Түйсіну,қимылдау машықтарын дамыту. Танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: дидактикалық ойын көрнекілігі, қорап, ыдыстар, үлестірмелі
құралдар, Маша кейіпкері
Әдіс тәсілі:Д/о: «Қашан болады?»
Ойын: «Машаға көмектесейік»
Д/о: «Ғажайып қорап»
Ойын «Не жоғалды»
Оқу қызметінің жүрісі:
Тәрбиеші балаларды ортаға шақырып, белсенді тақтаға назар аудартады
Дидактикалық ойын «Қашан болады?»
«Балалар, қараңдаршы, бұл не? деп сұрақ қою арқылы тақтадағы суретті анықтайды.
Балалар « Қар, аққала, мұз, боран, шана» деп жауап береді
« Дұрыс, бұлар қай жыл мезгілінің ерекшелігі?
«Қыс мезгілі»
«Ал қазір өтіп жатқан жылдың қай мезгілі?
«Қыс мезгілі»
Балалар қыс туралы тақпағық айтады
О, алақай қыс келді
Бізге қуаныш әкелді
Дала қарға оранды
Бала біткен қуанды
Ойын «Машаға көмектесейік» : Есік қағылады. Ішке ғажайып қорап ұстап, Маша келеді,
көмек сұрайды
Маша: Сәлем, балалар.
Маған көмектесіңдерші.
Аю досым қонаққа келемін деп еді, дастарханға не қоятынымды білмеймін.
Мына қорапқа керек нәрселерді салып әкелдім, дұрыспа?
Дидактикалық ойын «Ғажайып қорап» Қорапты ашады. Ішінен ыдыстар қітаптар, ойыншықтар шығарады. Оң- солкеңістігін анықтайды.
Балалар заттар ішінен, керекті және артық заттарды ажыратады.
Тәрбиеші Заттардың «көп, аз, біреу» ұғымын қайталайды
Балалар алдарындағы үлестірмелі құралдармен «Тең- тең емес» ұғымын үйренеді.
Ойын «Не жоғалды?» Балалар пішіндерді ажыратып, көздерін жұмады. Пішіндер ішінен жоғалған пішінді атайды, дұрыс тапқан бала сол пішінді алады.
Кабдулова Айгуль Жакслыковна
І санатты тәрбиеші
№ 43 «Арман» бөбекжай бақшасы
Атырау қаласы
«Батыр мамандықты игерген жандар» тәрбие сағаты
Мақсаты: Балаларды өрттен сақтану жолдарына үйрете отырып, қауіпсіздік шараларын түсіндіріп меңгерту. Өрт сөндіруші мамандығын құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Ойындар арқылы өрттен сақтану, өзін, айналадағыларды қорғаудың алғашқы шараларын орындауды машықтандыру. Үйренуге, білуге қызығушылығын дамыту.
Залға балалар келіп, орындарына отырады.
Жүргізуші: Отпенен сен ойнама,
Өрт шалады айнала.
Ол-«тілсіз жау» біліп қой,
Қызық көрем деп ойнама. – деп, балалар бүгінгі шарамызда өрттің жаман екенінтүсініп, өрттен сақтану жолдарымен таныс боласыңдар. Өрттен сақтану жолдарын қаламыздағы өрт сөндіру бекетінде қызмет атқаратын, батыр мамандықты игерген ағамызды қошеметпен қарсы алайық
Өрт сөндіруші келеді, арнайы даярланған орынға отырады.
Жүргізуші: Қош келдіңіз,
Ересек адамдар «Өртті тілсіз жау» дейді. Балаларға батыр мамандықты игерген жан ретінде өрттің жамандығын түсіндіріп беріңізші.
Өрт сөндіруші өрт туралы түсіндіреді.
Жүргізуші: Рахмет сізге.
Балалар, экранға назар аударайық та, өрт сөндірушінің қызметімен таныс болайық.
Бейнефильм «Өрт сөндіру кезінде» көрсету.
Жүргізуші: Міне батырлық қайсарлық мінезімен өртті сөндіріп, адамды үйді табиғатты аман сақтап қалатын батыр ағаларымыздың еңбегін құрметтеп, сыйлаймыз
Тақпақтар
Асылхан
От жақпа! Күйерсің!
Өртеніп жүрерсің.
Сіріңкені ұстасаң.
Бәлеге сен түсерсің.
Өрт деген – тілсіз жау,
Міндет оны болдырмау.
Қауіпсіздік шарасын,
Қажет екен ұмытпау.
Айкөркем Н
Не күтерін білмейміз, бізді алдан?
Кім құтқарар біздерді «тілсіз жаудан»?
«101»-ге қоңырау соғып көмек сұра,
Өрт сөндіруші, жүректі, батыл жаннан.
Маулен
Қорғап өрттен даламды,
Қорғап өрттен қаламды
Аман сақтап қаламын,
Өрт сөндіруші боламын.
АйкөркемЖ
Қорықпайтын батырлар .
Өртті лезде сөндіріп,
Өрт сөндіруші батырлар
Өрттен бізді қорғайды
Хор «Жас дәуірдің түлегіміз»
Жүргізуші: балаларға өрттен сақтану әрекеттері туралы әңгімелеп берсеңіз
Ойын «Өрт сөндіруге не керек?» құралдарды атау
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар осындай құралдарды пайдаланып өртті сөндіреді екен.
Ойын: «Не істейсің? Егер….» жағдаяттар айтылады, балалар түсінігін айтып береді, ал өрт сөндіруші дұрыс-бұрыс жауабын талқылайды
тақпақтар:
Томирис
Өрт пен түтін айнала.
Қарап тұрма жай ғана.
Тез хабар бер 101-ге.
Уақытты сен байлама.
Ару
Үтікпен киім басарда,
Сақтық керек саған да.
Мұқият бол қашанда.
Үйде жалғыз қалғанда.
Ойын «Болама – болмайма»
Жүргізуші: Балалар «Өрт – тілсіз жау» деп бекер айтылмаған.Өрт өте қауіпті. Одан әрдайымда сақтанып жүруіміз керек. Өрт жолындағы тұрған ештеңені қалдырмайды, бәрін өртеп күлге айналдырып жібереді. Өрт сөндіруші ағамыздың үйреткен өрттен сақ болу жолдарын ұмытпаймыз. Өзімізді, туыстарымызды, достарымызды өрттен қорғауды үйрендік.
Ән «Болайықшы осындай»
Жүргізуші өрт сөндірушіге ризашылығын білдіріп, жақсы тілек айтады
Қорықпайтын батырлар .
Өртті лезде сөндірер,
Бізді өрттен қорғайтын
Өрт сөндіруші батырлар