Көзі ашық ұстаздың, шәкіртінің көкірегі ояу

Әлишер Науаидің «Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген сөзідерінен ғибрат алатын Шымкент қаласының «Жалын» жалпы білім беру мектебінің ұстаздары 2020 жылдың 30 қарашасы мен 5 желтоқсан аралығында қалалық көрме орталығында ұйымдастырылған рухани байлықтың бастауына арналған «Kitap fest – Shymkent 2020» кітап фестиваліне қатысып қайтты.
Көрме залында әлем әдебиеттерімен қазақ жазушыларының кітаптары қойылып, қала кітапханаларының мамандары қызмет етуге жұмылдырылған. Ұстаз болған соң әріптестерім мен ата-аналарды, шәкірттерімді бірінші күннен-ақ осы көрмеге келулерін үйымдастырдым.
Фестивалді өткізу мақсаты шәкірттерімізді кітап оқуға қызықтыру болды.
Карантин уақтысы болғандықтан, карантин шараларын саұтай отырып, балалармен жоспарлы түрде әркімнің өз еркіне сай кәтап мерекесәне қатыстық. Осы орайда, «ұстазының көзі ашық болса, шәкіртінің көкірегі ояу болады» дегендей, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 7 «б» сыныбының жетекшісі өз сыныбының оқушыларын ұйымдастырып, оқушылардың кітапқа деген құштарлығын арттыра түскендігі көз қуантарлық жәйт.

Оқушыларына риясыз сүйіспеншілікпен қарап, әрқайсысына оқуға әдебиеттер ұсынып, қойылымдарға қатыстырып, шәкірттерін бар мүмкіндігінше рухани бұлақтан сусындатуға тырысып бақты. Өзім де осы сыныпқа сабақ бергендіктен балалармен бірге бала боп, бірге мәз мейрам болдым.
Ең бастысы «Балаларға базарлық» атты қайырымдылық акциясына қатысып, балалар үйіндегі достарына кітап сыйлаған ақ жүрек сүйікті шәкірттеріме дән риза болдым.
Кітап құнды қазына оны ешқандай технология алмастыра алмайды.
Кітап оқу, оқыту арқылы рухани дүниемізді байытайық деген тілек білдіремін.

«Жалын» жалпы білім беру мектебінің
өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Жунисова Ақжан

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *