Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»
Хабиева Гулвира Еркиновна
Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»
Мақсаты: Елімізге еңсе тіктеп, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін таныту. Елін сүйген елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: Елбасы-Президент
Сөздік жұмыс: Елбасы, Отан, Тәуелсіздік
Әдіс-тәсіл: Көрсету , түсіндіру, сұрақ-жауап, қорытынды
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Балалардың іс әрекеті |
Мотиватциялық ізденіс
|
Шаттық шеңбері: Қуан шаттан алақай Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? -Қәне ай атауларын атайықшы? -Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? |
Балалар қуана шаттық шеңберін орындайды
-Күз -Үш ай бар -Кыркүйек Қазан Қараша -балалар жауап береді |
Іздену – Ұйымдастырушы
Рефлексті коррекциялаушы |
-Әнұран орындалады;
-Балалар сендер білесіңдерме, біздің Отанымыз қалай аталады? -Отан дегенді қалай түсінесіңдер? -Қазақстанның Елордасы қай қала? -Нұрсылтан өте әсем қала, Нұрсылтан қаласында үлкен ғимараттар орналасқан. -Біздің Тұңғыш Елбасымыз кім? -Еліміз егемендік алған соң біздің еліміз басқаратын басшы керек болды. Сондықтан қазақ елі 1991жылы 1-желтоқсан күні Елбасы сайлады. Осы күні тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев Елбасы болып сайланады. 10-желтоқсан күні Елбасы ұлықтау салтанаты өтті. Елбасы ант қабылдады. -Елбасы туралы кім тақпақтар айтып береді?
Жарайсыңдар балалар! Ендеше сергіту сәтін жасап алайық.
Сергіту сәті: Күн болып жанайық Мөлдір су болып ағайық Гүл болып жайнайық Терең дем алып Жүгіріп-жүгіріп алайық
-Балалар біздің Отанымыз Қазақстан . Отанымыздың дамуы үшін Елбасымыз көптеген жұмыстар атқарды. Әсем Нұрсылтан қаласын тұрғызады. Нұрсылтанда әсем ғимараттар мен биік-биік үйлер бар. Нұрсылтан қаласының мақтанышы ол Бәйтерек. Сонымен қатар ауыл, қала аудандарда жаңа мектептер , балабақшалар тұрғызды. Мұның бірден бір айғағы міне ауыл балалары осындай кең жайлы балабақшаға қол жеткіздік. Осылайша Отанымыз күнен күнге дами берді. -Отан туралы тақпақтар айтады балалар,
«Менің сүйікті қалам!» дидактикалық ойын Шарты: ойын бастаушы Сүйікті қалаңды ата деп допты бір балаға лақтырады. Бала жауап береді. Келесі балаға допты лақтырады. Сұақ-жауап арқылы оқу қызметін қорытындылайды. Балаларды мақтау, мадақтау |
-Хор
-Қазақстан -Балалар жауап береді -Нұрсылтан
-Н.Ә.Назарбаев
-Балалар мұхият тыңдайды.
Айбиби: Елбасымыз жолдайды. Халқа оны қолдайды. Ешқашанда орынсыз Шешімдері болмайды.
Алшын: Ел бағына туылған Ұлтқа ұран ту болған Халқы патша сайлаған Нұрлы Сұлтан-Нұрсұлтан
Раяна: Тәуелсіздік еліміз Мәңгі жасар жеріміз Тәуелсіздік жасаған Аға апаларымыз
-Балалар мұхият тыңдайды.
-Балалар қимылды сергіту сәтін орындайды.
-Балалар мұхият тыңдайды.
Алдияр: Күн беттеп бара жатыр көш бастап Елдің даңқы бар жақанға естіліп
Әрсен: Елбасын құрметтейтін ерекше Армысыздар ақ пейімді көпшілік
Балалардың жауаптары |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Өз еліміздің тәуелсіз егемен жеке мемлекет екенін біледі;
Болу керек: Өз Тұңғыш Елбасымыз, Нұрсылтан қаласы бар екенін айта алады;
Баланың қолынан келуі: Елбасы, Отан туралы тақпақ айтып бере алады.