Абай Құнанбаев 175 жыл

Қызылорда облысының білім басқармасы Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі

Тарих пән оқытушысы: Рахманбаева Асылзат Абдимажитовна

Баяндама

Тақырыбы: «Абай Құнанбаев 175 жыл»

Мазмұны.

1. Кіріспе Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайдың 175 жылдық мерей тойына айтқан ойы
2. Абай Құнанбаевтың өмірі баяны
3. Абайдың атамыздың жасаған қызметтері
4. Абайдың шығармалары
5. Қорытынды

Абай Құнанбаев 175 жыл

Кіріспе Ардақты ұстаздар! Қадірлі меймандар және бүгінгі қатысушы студенттер! Биыл –ұлы мереке « Абай Құнанбаев 175 жылдық мерей тойы» Халқымыздың ең аяулы перзенті мен ең дана ұстазымыздың бірі ол- Абай. Яғни бүгін өз ойымызды айтуға келңп отырмыз. Мен өз сөзімді Елбасының сөзімен бастасам;
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайдың атамыздың 175 жылы мерей тойына айтқан ойы
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Абайдың 175 жылдық мерей тойына қажетті іс-шаралар әзірлеуді тапсырды.
“Ұлы Абайдың мұрасы “Рухани жаңғырудың” маңызды бағдарына айналуы қажет. Алдағы жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Осы айтулы күнді біз тұтас ел болып, мемлекеттік деңгейде атап өтеміз. Біз үшін бұл мерей тойдың маңызы ерекше. Тарихи күнді ақыл-парасатпен, салиқалы деңгейде өткізуге аса мән беру керек”, – деді президент.
Негізгі мақсат – дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдары кеңінен дәріптеу дей келе, мемлекет басшысы үкіметке Абайдың мерей тойына қажетті шаралар әзірлеуді тапсырды.
– дей келе енді Абай атамыздың өмірінен деректер айта кетсем;
Абай Құнанбаев – ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Абайдың өмірбаяны.
Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: “Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас”,—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы “Ескітам” деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол “Ескітам” медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің “Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз

бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмытылмаған” деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағ*ди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарам/сақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның даярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875-1878 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым – қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.”
Абай шығармашылығы.
Өлмейтұғын артына сөз калдырған…”-дейді. “Адам өлмес” дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге салды. Абай “Өлең сөздің патшасы” өлеңінде “сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел!” -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп қарауын, поэзияның жоғары қоғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қазақ өмірінің сол кездегі жағдайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы түсінді, мүны оның “Мен жазбаймын өлеңі ермек үшін” деген өлеңіндегі мына шумақтар толық дәлелдейді: …” Шу дегенде құлаган тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бұрын көрмей”.
Бұдан біз ақын өлең-жырларындағы жаңа, соны ой-пікірлерді жұртшылықтың қалай кабылдайтынына ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл қоятын адуымнан мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті. “Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей”. Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқтаушы болуға тиіс деп санаған. Абайдың өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. “Сегіз аяқ”, “Сен мені не етесің”, “Қан сонарда бүркітші шығады аңға”, “Қалың елім, қазағым, кайран жүргым”, “Жаз”, (Жаздыгүні шілде болғанда) “Желсіз түнде жарық ай”, “Болыс болдым, мінеки”, “Қызарып, сұрланып”, “Келдік талай жерге енді”, “Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?”, “Көк тұман – алдындағы келер заман” секілді өлендерінің кай-кайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бұларға қоса “Ем таба алмай”, “Ата-анаға көз куаныш”, “Сағаттың шықылдағы емес ермек”, “Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен”, “Ауру жүрек ақырын соғады жай”, “Өлсе өлер табиғат, адам өлмес”, аударма өлеңдерден “Жалғыз жалау жалтылдап”,
“Жолға шықтым біржым-жырт түнде жалғыз”, “Қанжар”, “Мен көрдім үзын қайың құлағанын” сияқты тағы сан алуан шығармаларды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбіне тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты немесе өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға ұмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлеңдер тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа терендеп бару кажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, коркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне ұқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні. Абайдың тіпті жылдың төрт мезгілін суреттейтін “Қыс”, (“Ақ киімді, денелі, ақ сақалды”), “Күз” (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан”), “Жаз” (“Жаздыгүн шілде болғанда”).”Жазғытұры” (“Жазғытұры қалмайды қыстың сызы”) секілді бір топқа, циклге жататын өлендерінің де әрқайсы мазмұн- мағынасы, суреттеу тәсілі, кұрылысы жағынан әр түрлі болып шыккан. Осындай бір-бірінс ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. ‘”Өлсе өлер табиғат, адам өлмес”. “Көк түман алдындағы келер заман”. “Сағаттың шықылдағы емес ермек” деген сияқты өлеңдерін окысанда Абай ойшыл акын екен деп танысак, “Жүрегім, нені сезесің”, “Не іздейсің. көңілім, не іздейсің”, “Жүрегім, ойбай, соқпа енді” секілді өлеңдерді оқығанда. Абай аскан сыршыл лирик акын-ау деп тамсанамыз. Ал “Қан сонарда бүркітші шығады аңға”. Жаздыгүн шілде болғанда”. “Желсіз түнде жарык, ай”.
“Жазғытұры қалмайды кыстың сызы” сияқты өлеңдерге назар салсақ. Абайдың өмір кұбылыстары сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден қоямыз.. “Сабырсыз, арсыз, еріншек”, “Бөтен елде бар болса”, тағы сондай туындыларға карап нағыз сыкақшыл. өткір мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар десек. “Мәз болады болысың” атты өлеңді еске түсіріп, әжуалапкелемеждеудің мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. Ғылым таппай мақтанба”, “Интернатта оқып жүр” атты өлендердің қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады. Ал “Сен мені не етесің, ‘Ем таба алмай”, “Қор болды жаным” секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілеріне екені айқын аңғарылады.. Абайдың әр өлеңінде оның осындай ақындық тұлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешілігі болады десек, олар іштей астасып жатқан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. “Сегіз аяқты” окығанда мұнда терең сыршылдық. ғиратты насихатшылық, бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге шеберлік те бәрі ұштасып келетіні анық көрінеді.Абайдың көркемдік ойлаү, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін. икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды, Осының өзі-ак оның поэзиясына жаңашылдык, сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілінің, қазақтың ауыз екі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетіллірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық -ритмикалык, байлығын терең ашып көрсетті, жаңа ырғакты, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалык мүмкіндіктерін жолықтырды. Қазақтың ақындық тілін әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіле калыптастырды. А.С. Пушкин. М.Ю. Лермонтов. т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің “Евгений Онегинінен” бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, “Татьянаның хаты”, “Ленскийдің сөзі” атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың “Ой”, “Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз”, “Қанжар”, “Теректің сыйы”, “Асау той, тентек жиын, опыр-топыр”, “Жартас”, “Өзіңе сенбе, жас ойшыл”, “Альбомға” өлеңдерін казақтың төл туындысынша сөйлетті. Бұл шығармалар Абайдың ой көрігнде кайта қорытылып жаңадан дүниеге келген туындылар еді. Мыс., Абайдың Лермонтов мәтінін казақша жеткізу әдістері әр түрлі.
Ал қалған жартысы еркін аудармалар. Мыс., “Ой”, “Теректің сыйы” сияқты елеңдер. Абай жеке сөздерді, сөйлемдерді аударғанда алшақ кеткен тұстары бар дегеңде, көбірек айтылатыны өлеңнің алғашқы шумағындағы: “Арыстанның жалындай бұйра толқын, Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып”, – деп келетін тармақтар. Бірақ осындағы “айдаһардай бүктеліп” дегенін еркіндікке жатқызсақ та, “арыстанның жалындай” дегені Лермонтовтың
баска бір шығармасындағы: “И Терек, прыгая как львица, Абайдың замандастары – Дүтбай Уандыкұлы, Ысқақ. Солтабайүлы және інісі Оспан Құнанбайұлы аударманың түп нұсқаға жақындық. дәрежесі ылғи бірдей емес. Бара-бар, дәлме-дәл аудармаларында Абай Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын лебізін, жаңа саласын казақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып, мол жеткізеді. Барлық жарастық сәнімен казақ тілінде қайтадан туғызады. Солардың катарына “Альбомға”, “Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз” сияқгы өлеңдерін жатқызуға болады.
Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің
денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.
Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.
Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай
ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.
Ақын шығармалары 19 ғасырда да Қазақстанда демократиялық қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды:
1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр;
2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары;
3) орыстың материалистік философиясы мен демократиялық мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік (ең алдымен Батыс Европаның) философиялық ойдың жетістіктері..
Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және философиялық озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған революционер демократтар идеясы ықпал етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының өткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстінде «орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста карастыратынының» методологиялық маңызы аса зор. (Әуезов М. Әр жылдардағы ойлары.-Алматы, 1961, 148-149 6.)
Өз заманының ғұламасы болған Абай көптеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың, В.Г.Белинскийдің, А.И.Герценнің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Доб-ролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс революционер-демократтарының озық ойы, оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті.

ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Абай Құнанбаев атамыз сияқты қазақ елін бүкіл әлемге танытатын, біздің жас жеткіншектеріміз көп болсын деп мына өлең шумағымен Өз сөзімді қорытындыласам:
Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де – бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалаң!
Тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Н. Назарбаев «Абай и наше время». Абай, наследники на перепутье»
Аламты, 1995г.
2. М. Әуезов. Абай Құнанбаев. Алматы: Санат 1995ж.
3. Е. И. Григорьев. «Прометей великой степи».Усть-Каменогорск, 2005 год.
4. Қ. Бітібаева. Абай шығармашыларын оқыту. Алматы: Атамұра, 2003.
5. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында. А, 2006ж.
6 Б. Майтанов. Абай. Тарих,тұлға, уақыт. Алматы: «Аруна» баспасы.2010.92 бет. « Шығыстың ұлылары. » топтамасы.
7 Абай әлемі сайты

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *