Инклюзивті білім беру-өмір қажеттілігі.
Амирбаева Айнаш Сабырахиновна
«Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала сондай бола алады»
(В.Сухомлинский)
Инклюзив – сөзі латын тілінен аударғанда «өзіңді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағананы білдіреді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.
Инклюзивті білім берудің мазмұны: Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:
- жалпы мектептерге арналған типтік бағдарлама
- мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалар.
- мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері:
- Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
- Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
- Әрбір адам қарым – қатынасқа құқылы.
- Барлық адам бір – біріне қажет.
- Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
- Барлық адам құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
- Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мұмкіндігіне қарай орындай алатын әркетін жүзге асыру.
- Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті білім берудің негізгі артықшылықтары:
- Өз-өзіне сенімді болу
- Құрдастарымен қарым-қатынаста болу
- Толыққанды білім алу.
- Қоғам өміріне бейімдеу және кіріктіру
- Мүгедек емес балалардың қайырымдылық және түсінушілік қасиеттерін тәрбиелеу.
- Қоғамның мүгедектік мәселелерін түсінуі
Әлеуметтік-бейімдеу бағыты:
- баланың қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау;
- баланы шығармашылыққа тәрбиелеу;
- баланы мерекелік іс-шараларға қатыстыру;
- баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету;
- қоғамдық орталарда өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету.
Әдістемелік- ұйымдастырушылық бағыт:
Бұл бағытта жұмыс консилиумға дайындық, іс-шараларға дайындық,баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:
- ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау;
- оқушыға портфолио құрастыру.
Қорыта айтқанда, қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие, сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.
«Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім-барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймыз.