«Абай – әлемдік тұлға».

Өмірдің, көңілдің, күнделікті күйбең тірліктің кез келген көрінісінде тіл ұшына Абай оралады. Қуансаң да, көңілің түссе де, бір мәселенің шешімін іздесең де Абайдың өлеңі, қара сөздері, Абай аузынан шыққан  есті әңгімелері көкейіңді түрткілей береді. Алаштың айтулы ақыны Мағжан Жұмабаев, Абайға: «Шын хәкім, сөзің асыл – баға жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес»,-деп баға беріп кеткен. Абайдың барлық шығармашылығы еліне деген сүйіспеншіліктен туындаған. Абайдың негізгі ұраны «қайран елім, қазағым, қайран жұртым». Осы жұртты қалай ел қыламын қазағым, халқымды қалай төрге жетелеймін деп өмір сүрді. Абай – қазақ қоғамын бір сатыға, бір сапаға, бір белеске, бір биікке алып шыққан тұлға.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *