Абайдың толық адам концепциясы
Абайдың толық адам концепциясы
Осы күні адам адамға жаны ашудан қалды. Ол – ол ма? Адам өз-өзін түсінбейді. Ұстазым: «Адам айқайға басса, жүрек өледі» деуші еді. Ақпараттың көзге қызыл-жасыл болып үсті-үстіне беріліп жатқанын қайтейін, оны қорытып, зейін қойып тұшынып жатқан адам аз. «Пәленшенің жалғыз ұлы өмірден өтті» десе де селк етпейтін жұрек кеудемізде соғып жатыр. Расында шайпау сөйлеп, қарын шыққанша өлеу үшін тамақ ішіп емес, тамақ жеу үшін күнелтіп кеттік. Өсе келе адамның тілі де, ісі де шала болуының бірден бір себебі иман тұрақсыздығынан деймін. Абай адамның толыққанды болуы хақында алыстан ақыл арбалаған жоқ. Абайда адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар. Ол өзіне дейінгі өмір сүрген Жүсіп Баласағұнның кемел адам жайлы ой-пікірлерін әділет пен ақылдың сын таразысына салып, тұжырымдар жасады. Абай «Он жетінші» қара сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға келіп» жүгінеді. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: – Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ –менің ісім, – депті. Бірақ билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет, – депті. Осы үшеуінің бір кісідей менің айтқанымдай табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды.[1, 325-327б.], – деген қорытындыға келеді. Сонда адам өзі-жан болса, тәнін басқарудың өзі бүгінгі қоғамның ең үлкен дертіне айналды. Абай тең ұстаған үш қасиеттің қайсысын әмірші еткенімізге орай өмір сүрудеміз. Жүрек пен ақылдың дегенін жасауға қайрат жетпесе, ақыл мен қайрат бірігіп даңғаза пейілденіп құр мақтанса замнның «Бір кем дүниесі..» осы болғаны.
Хакім барлық iс-әрекетiн, ақыл-санасын, ғұмырын Жаратушыны ләззаттандыруға арнаған адам ғана кемелдiктiң шыңына жете алатынын айтты. Осылайша Абай толық адамның негізгі шартын береді. Ол шарт – Құдай тағаланың шексіз жолында жүруді өзіне шарт қылып қадам басу. Абай сопылық философиядан алынған «толық адам» түсiнiгiн осылай деп бередi. Тіптен биылғы мерейтой қарсаңында ғалымдар Абайдың «толық адам» іліміне ерекше көңіл бөле бастады. Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов «Бүкіл оқу орындарындағы тәлім-тәрбие беретін оқулықтар Абайдың «Толық адам» ілімі негізінде қайта жазылуы тиісті. Бұл рухани қажеттілік» – дейді. [2, г. Қазақ әдебиеті. 4.08.2017 ж.] Орынды айтылған. Бірақ бұл айтылғанды дұрыс қабылдап, дұрыс іске асыру үшін әуелі бұл мәселенің мәнін ұғынып алғанымыз жөн. Абай ілімі бойынша, әуелі «жарым адамнан» «адам» сатысына көтеріліп, сонан кейін ғана «Толық адам» деңгейіне жетуге болады. Бұл деңгей – көпшілік қауым көтеріле алмайтын, тек қана ұмтылатын меже, рухани жаңғырудың нысанасы ғана. Ерекше қасиеті бар адамдар ғана көтерілетін өте жоғары деңгей. Абайдың қай қара сөзін алып қарасаңыз да, қай өлеңін оқысаңыз да түбі «Толық адам» сипатына сай болуды дәріптейді. Мысалы, «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде «Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз! Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!» және «Жаман тату қазады өзіңе ор,Оған сенсең, бір күні боларсың қор. Ары бар, ұяты бар үлкенге сен, Өзі зордың болады иығы да зор.»-дейді. Қараңыз, толыққанды адам болудың шарты сондай қиын емес! Есікті ашып жапқанша зыр етер өмірде, ешкімге күндестік қылмай, ала жібін аттамай, өсек емес, өсиет айтып, қоғамға пайдалы, ар-абыройлы болсақ, екі қолға бір күрек алып, кәсіп қылсақ, жоба тауып, жастарға жол көрсетсек, құдайды танып, маңдайымыз адал ас ішіп терлесе… Болмай ма?
Алыстан орағытып отырған «Толық адам» ол-адамша өмір сүретін адам бәлки..? Біздің төртаяқтылардын айырмашылығымыз да осы.
Пайдаланылған дерек көздері:
1 – [1, «Абай шығармалар» 325-327б.];
2- [2, г. Қазақ әдебиеті. 4.08.2017 ж.]
былай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Пон