Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғырудың негізі
Бижанова Нагима Каппасовн
Елбасы Н.Ә.Назарабаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Жаңғыруатаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», – деген терең тағылымды ойлары ұлт қамын ойлап, ұрпақ тәрбиелеуде басшылыққа алатын маңызды мақсат екені айқын.
Қазіргі ғаламдық жаһандану жағдайындағы орын алып отырған экономикалық өзгерістер мен технологиялық жетістіктер қоғам дамуының қозғаушы күші болып табылатын білім жүйесіне орасан зор ықпалын тигізуде. Әлемдік қауымдастықтың біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуі – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттігін алға тартты. Демек, жеке тұлғаның рухани жан-жақты дамуының қайнар көзі білім мен ғылымды қоғам талабына сай дамыта отырып, ұлттық тәрбие негізінде жас ұрпақ бойында имандылық, адамгершілік қасиеттерді, көркемдікті, әсемдікті, эстетикалық талғампаздықты, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуді қалыптастыру басты міндет болып есептелінеді. Ұлттық тәрбие бастаулары тарихи дәуірлерде заман талаптары мен құбылыстарының өзгерістеріне қарай өзінің даму және қалыптасу генезисінің ерекшеліктерімен сипатталып отырылды.
Жаһандану жағдайында ұлттық тәрбие құндылықтарын әлемдік өркениетті озық мәдениетпен кіріктіре іске асырудың жолдарын қарастыру, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеу барысында адамның рухани-адамгершілік қасиеттерін сапаландырып, ар-намысын шыңдау, әсіресе, адамның бойында құндылықты, отаншылдықты, ұлтжандылықты қалыптастыру міндеті тұр. Осыған орай, мектебімізде мектеп-интернат директоры Р.Е.Сексенованың басшылығымен Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай және ұлттық тіл» тақырыбында өткізілген іс-шаралар, «Ұлы дала даналығы» бағдарламасының жасалуы, «Ділмар», шешендік байқауы, «Абай» олимпиадасы, «Абай ізімен» таңғы жиын, Қазақстандық патриотизм, азаматтық және саяси мәдениетті қалыптастыру бағытында «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ», «Тәуелсіздік – байлығым», «Біздің Елбасы», «Тіл – ұлттың жаны», «Қазақстан – болашақ бейнесі», «Ел қорғаған батырлар ұрпаққа мұра», , «Бірлік – ынтымақ кепілі». Рухани адамгершілік, ұлтаралық қарым-қатынасын ұйымдастыру бағытында «Ұстазым менің ұстазым», «Отбасы – өмір аясы», «Дос және достық», «Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман саумысың», «Әке – жауапты лауазым», «Бар ізгілік бір өзіңнен тарайды». Құқықтық, кәсіби бағдар беру және экономикалық мәдениетті қалыптастыру бағытында «Айбары Асқақ Ата заң», «Заңды білу – заман талабы», «Конститутция – болашақ кепілі», «Өз құқығыңды білесің бе?», «Мәңгілік елдің болашағы – рухы мықты ұрпақ», Талғам мәдениетін қалыптастыру бағытында «Әнім сен едің» (Ш.Қалдаяқов 90 жылдығы), «Дара тұлға» (С.Бегалиннің 125 жылдығы), «Мәңгілік елдің Абайы». Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру бағытында «Денсаулық -зор байлық», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ». Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында «Табиғатым – байлығым», «Табиғат – тіршілік нәрі» атты тәрбие сағаттары, қазіргі замандағы көрнекті тұлғалармен сыр-сұхбат, кездесулер ұйымдастырылды. Бұл атқарылған жұмыстар бай рухани ұлттық құндылықтарын тал бойына дарытқан озық өнегелі дәстүрінен, ұрпақтар сабақтастығынан айқын елес берері анық.
Ұлттық құндылықтарымызды сақтау, оны әлемдік жетістіктермен ұштастыру арқылы еліміздің білім беру саясатының ұлттық-руханият дамуына, білім жүйесінің жетілуіне, қоғамда өзіне лайық орын алатын білімді болашақты тәрбиелеуге озық қоғам құруға қол жеткізуге болады.
Қорыта айтқанда, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбилеуде құндылықтар, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімді насихаттаудың маңызы зор. Жалпыадамзаттық құндылықтар арасында ұлттық құндылықтар шегерілмейді. Керісінше, осы ұлттық құндылықтар арқылы көрінеді. Алғашқыда осы ұлттық формада көзге түскен қайталанбас жетістіктер уақыт өте келе адамзаттық құндылықтарға өтеді. Мысал ретінде, жақын уақыттың өзінде қазақтың халық әнін құдіретін әлемге мойындатқан Димаш Құдайбердиев пен қазақ домбырасын жетекші күй аспабы ретінде танытқан «Ұлытау» триосының Голливуд жеңімпазы аталып, бүкіл әлемге танылуын келтіруге болады. Қоғамдағы азаматтық, гуманистік құндылықтардың бекуі тұлғаны қалыптастыруда ұлттық құндылықтарды түсіне тануға және құрметтеуге алып келеді.
Тәрбиенің негізі болып саналатын жалпыадамзаттық құндылықтардың бірі – тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамдарды сүйе білу қажеттілігі болып табылады. Философиялық тұрғыда рухани құндылық, соның ішінде патриотизм, рухани сұраныстарды қанағаттандыратын және тұлғаны рухани әлемін байытуды көздейді.
Ұлттық құндылықтар – жалпыадамзаттық құндылықтардың құрамдас бөлігі ретінде әр ұлттың қоршаған табиғат ерекшеліктеріне сай өмір салты негізінде ғасырлар бойы жинақталған тұрмыстық және рухани мұрасы.