Қансорғыш бунақденелілер. Мал шаруашылығының зиянкестері.

Готман Динара Карловна

Қос қанатты қан сорғышта құрамына қансорғыш масалар, шіркейлер, құмытылар, үнсіз масалар, соналар, күйдіргі шыбындар кіреді. Арктика және Антарктиданы есептемегенде барлық жерлерде кездеседі. Әдетте, тундра мен ормандарда. Қан сорғыш насекомдар бірігулерінің кешені түрлердің географиялық орналасуына, мерзімге, тәулік уақытына қарай өзгереді. Жәндік шоғырларында тек ұрғашылары ғана болады. Жануарлардың немесе адамның қан капиллярын тұмсығымен тесіп жәндіктер қанға сілекейін енгізеді, сол канның ұюына кедергі жасайды, жергілікті және жалпы ағзада аллергиялық реакция туғызады.. Жұқпалы аурулар қоздырушыларын тасымалдайды. Адамды қаг сорғыштар шаққан жері қышып ауыртады, өнімділігі төмендейді, үй және жабайы жануарларды арықтатады.

Қансорғыш масалар (Culicidae) – қосқанаттылар тұқымдасына жататын жәндіктер. Дүние жүзінде кең тараған 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда 100-ге жуық түрі бар. Денесінің ұзындығы 8 мм-дей. Денесі, кейде қанаттары да қабыршақпен қапталған. Ауыз қуысы соруға бейімделген, мөлшері басының ұзындығынан бірнеше есе артық болады. Аналықтары омыртқалы жануарлардың қанымен қоректенеді. Дернәсілдері негізінен суда және ағаштың жарықтарында дамиды, араларында планктондары да бар. Қансорғыш масалар – зиянды жәндіктер, олар көптеген жұқпалы ауру таратушы болып саналады; қараңыз Безгек масасы.[1]Ұрғашы масалар омыртқалы жануарлардың қанымен қоректенеді. Дернәсілдері тоғам суларда, су толған ағаш қуыстарында, қыста суға толған үй подвалдарында дамиды. Олардың кейбір түрлері жыртқыштар, немесе сүзгіштер, кейбіреулері өсімдік, басқа да судағы заттардың бетіндегі қарапайымдыларды қырып, қоректенеді. Қ.м. көптеген ауру қоздырушыларын тасымалдайды. Орманды аймақтарда масаның ең қалың түрлері Aedes туысына жатады. ТМД кеңістігінде олардың 5 түрі белгілі.

Ауыл шаруашылығы зиянкестері — қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақымдайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Оларға омыртқасыз жануарлардан жұмыр құрттар, өсімдік қоректі кенелер, жәндіктер, жалаңаш шырындар және ұлулар, ал омыртқалы жануарлардан — құстар мен сүт қоректілердің кейбір түрлері (кеміргіштер) жатады. Зиянды жәндіктер мен кенелер қоректік заттарына байланысты монофагтар, олигофагтар және полифагтар болып 3 топқа бөлінеді. Монофагтар өсімдіктердің бір ғана түрімен немесе бір-біріне ұқсас бірнеше түрлерімен (бұршақтың дәнек қоңызы, таңқурай кенесі), олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген түрлерімен (орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоныздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары, дәннің сұр көбелегі), полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен (шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) коректенетінеді. Жәндіктер өсімдіктің ұлпасын, жапырақтарын, тамырын, жемістерін кеміріп немесе сорып бүлдіреді. Зақымдалған өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді, өсуі, қор жинауы тежеледі немесе солып қалады. Көптеген зиянкес жәндіктер өсімдік ауруларын таратады. Кенелер ауыл шаруашылығы дақылдарын сорып зақымдайды және қоймаларда астық, дән, ұн, кепкен жеміс, көкөніс өнімдерімен қоректенеді. Кенелердің кейбір түрлері індет таратады. Жұмыр құрттар, негізінен өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Солардың ішінде бүлдірген, қызылша, картоп нематодасы көп зиян келтіреді. Зиянкес кеміргіштер Қазақстанда өте көп таралған. Олар астық дақылдарын, көкөністер мен жеміс-жидектерді зақымдайды, қоймада сақталатын азық-түлік қорына шығын келтіреді, сондай-ақ жұқпалы аурулар таратады. Ауыл шаруашылығы өнімдері шығынының 20%-ы зиянкес кеміргіштер кесірінен болады. Ауыл шаруашылығы ззиянкестерімен күресу мәдени өсімдіктердің зиянкестерге төзімді сорттарын шығару, ауыспалы егісті қолдану, зиянкестерге қарсы биологиялық тәсілдерді (трихограмма, афелинус т.б.), микробиологиялық препараттарды, химиялық заттарды (акарицидтер, инсектицидтер, зооцидтер т.б.) қолдану арқылы жүргізіледі.[1]

Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі жәндіктердің түрлері Brachicera – қысқамұрттылар отряд тармағына, Acrididae – нағыз шегірткелер тұқымдасына, Dolichocera – ұзынмұрттылар отряд тармағына, Tettigoniidae – шекшек тұқымдасына, Gryllidae – шырылдауық шілділіктер тұқымдасына жатады.

Зиянды шегірткелер. Қазақстанның солтүстігінде таралғандары: итальяндық прус – Calliptamus italicus italikus L. кресті кішкене саяқ шегіртке – Dociosturus breviocolis, ақ жолақты – Chortippus albomarginatus D.G. және басқалар. Азиялық шегірткенің тұрақты қоныстары Қазақстанның оңтүстік жартысындағы ну қамысты жерлер, осы жерлерден олар басқа алыс өңірлерге тарала алады. Мароккалық шегіртке – Dociostaurus maroccanus Thunb. Қазақстанның оңтүстігінде таралған.(Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары). Азиялық, мароккалық, итальяндық шегірткелер, анда-санда тұрандық және шөл далалық шегірткелер кезеңдік өзгерістерге ұшырайды. Барлық шегірткелердің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауыздары, қатты дамыған алдыңғы кеудесі, жіңішке үстінгі қанаты, жалпақ, желдеткішке ұқсас жиналатын қанаттары болады. Жылына бір ұрпақ береді. Ұрғашы шегіртткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде тың жерлерде, жайылымдарда, құмдардың шетінде және т.б. жерлерде жұмыртқа күйінде қыстайды. Шегірткелер жұмыртқалардан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас боп туады. Дернәсіл 30-40 күн дамиды. Даму кезеңінде дернәсіл 4-5 рет түлеп, 4-5 жас өтеді. Дернәсілдер және ересек шегірткелер әр түрлі өсімдітерді зақымдайды: дәнді дақылдарды, майлық дақылдарды, көкөністерді, жайылымдар мен шабындықтарды. Олар құрғақшылық кезінде, табиғи өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауіпті. Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді, олардың жер бетіндегі биомасса бөліктерін құртып жібереді. Шегірткелердің көп жылдық динамикасында циклдік байқалады – қатты көбеюлері мен депрессиялық жайлар кезектесіп отырады.

Күресу шаралары. Шегірткелерге қарсы күресу шараларын олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап пайдаланады. Алдын алу шараларының маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды біз тұмсықты немесе дискілі тырмалармен, ал көп жылдық шөптерді тісті немесе бізтұмсықты тырмалармен өңдеу. Сонымен бірге танап аралықтарын, танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін жерлерді де өңдеу қажет. Егін алқаптарында жою шаралары инсектицидтермен саяқ шегірткелерге қарсы 8-10 дернәсіл/м2 , үйірлі шегірткелерге қарсы 5 және оданда көп дернәсіл/м2 болғанда жүргізіледі. Дернәсілдерді есепке алу жұмыстарын таңертелікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100 метр сайын әрқайсысы 1м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбәр секірген шегірткені есептеп, кейін 1м2 қанша болатындықтарын анықтайды. Егер бір станцияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса, жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектицидтерді пайдаланған дұрыс. Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе, тиімділігі жоғары болады. әрбір нақты жағдайға байланысты жаппай, бөгеу және локальді өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бөгеу мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің жалпақтығы 40-100 м шамасында болуы керек.

Бұзаубастар. Жердің астында тіршілік етеді. Орта жастағы дернәсілдері және ересек жәндіктері жердің астында 1м дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. өмір сүру циклі 1 жылдан көп уақытқа созылады. Мамырдың аяғында – маусым айында ұрғашылары 10-20 см тереңдікте, арнаулы ұяларға 150-300 данадан жұмыртқа салады. Бұзаубастар алдыңғы аяқтарының көмегімен топырақтың үстіңгі қабатында жолдар салады, 50-ден аса өсімдіктің тамырын, сабақтарының жер асты бөлігін, өскіндерін және тұқымдарын жеп зиян келтіреді. Олар ылғалды, суармалы жерлерді, негізінен көкөніс алқаптарын мекендейді. Жылы жайларда темекінің, көкөністердің және т.б. өсімдіктердің көшеттеріне өте көп зиян тигізеді. Көп тараған түрлері – кәдімгі (Gryllotalpa) және бір тікенекті (Gryllotalpa unispina Sauss.) бұзаубастар.

Шекшектер. Құрғақшылық жылдары сандары өте көп болғанда егінге, көкөніс дақылдарына, майлық дақылдарға және жеміс ағаштарына зиян келтіреді. Антеналары денелерінен ұзын үлкен жәндіктер. Жылына бір рет ұрпақ береді. Топырақта, өсімдіктерде және олардың ұлпаларында жұмыртқалары қыстайды.

Шілделіктер. Орташа және үлкен, жалрақ денелі жәндіктер. Түнде тіршілік етеді. Топырақ түйірлерінің астында, жарықтарда нимфалар (ақырғы жастағы дернәсілдер) қыстайды. Ылғалды, суармалы жерлерде көкөністердің, майлық дақылдардың, дәнді дақылдардың, бүлдіргеннің жапырақтары мен сабақтарының төменгі бөліктерін жейді. Күресу шаралары. Ерте күзде сүдігер жырту және отамалы өсімдіктердің қатар аралықтарын өңдеу арқылы бұзаубастардың, шекшектердің және шілделіктердің көбейуіне жол бермеуге болады. Көкөніс өсірушілер бұзаубастармен күресу үшін арнаулы жырашықтарды пайдаланады.

Қатты қанаттылар (Coleoptera) отрядына жататын көп қоректі зянды жәндіктер Әртүрлі өсімдіктермен қоректенетін қоңыздардың ең қауіпті және көп тараған түлері Coleoptera – отряды, Poliphaga – отряд тармағы, Elateridae – шыртылдақ қоңыздар, Tenebrionidae – қараденелілер, Scarabalidae – тақта мұртты қоңыздар тұқымдастарына жатады. Шыртылдақ қоңыздар. Ұзындығы 5 – 15 мм. Алдыңғы кеудесі қозғалғанда шырылдаған дыбыс шығарады. 2-4 апта өмір сүреді. Қоңыздың зияндылығы жоқ. Жұмыртқасын топыраққа салат. Бір қоңыздың салатын жұмыртқасынын мөлшері 30 -500 дана. Дернәсілдері қыстайды. Дернәсіл 13 бөліктен тұрады. Сыртқы қатты қабығы болғандықтан және пішініне қарап оларды сымға ұқсатады. Басы, үш жұп аяқтары жақсы дамыған, түсі сары қоңыр. Дернәсіл 3-4 жыл өмір сүреді. Егістіктерде ошақ-ошақ болып кездеседі. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің қсіп келе жатқан тұқымымен, олардың тамырларымен қоректенеді. Топырақ құрғап кеткенде өсімдіктердің етті бөліктеріне кіріп алып қоректенеді. Қараденелілер. Баяу жүретін, тустері қара, ірілі –кішілі қоңыздар. Көп түрлері өанаттары бірігіп кеткендіктен ұша алмайды. Дернәсілдерінің алдыңғы жұп аяқтары үлкен, бастары доға тәрізді. Дернәсілдері жылдам өсіп жетіледі. Далалық және кең кеуделі шабан қоңыздары мен жүгерінің қара денелілерінің дернәсілдері өсімдіктердің жер астындағы мүшелерін, тұқымды зақымдайды. Құмның шабан қоңызы зиянды, олар отамалы өсімдіктердің өскіндері мен көкөніс өсімдіктерінің көшеттерін зақымдайды. Тақтамұрттылар. Денелері ұзын, қысқа. Мұрттары жалпақ. Дернәсілдері жуан, етті. Түркістандық жүгері қонызы көп өсімдіктердің тамырларының етті ұлпаларын зақымдайды, ал түйнек тамыр жемістілер үшін өте қауіпті. Дернәсілдері өсіп келе жатқан тұқыммен қоректенеді. Қортық қоңыздың өзі ғана зиянды. Негізінен өскіннің жер үстіндегі бөлігімен қоректенеді. Батыстық мамыр қоңызы, жетісулық мәрмәр қоңыз,маусым қоңызы отамалы, көкөніс және жеміс-жидек өсімдіктерінің негізгі зиянкестері. Олардың дернәсілдері топырақта 2-3 жыл өмір сүріп өсімдіктердің жер астындағы мүшелермен қоректенеді. Күресу тәсілдері. Күзде терең сүдігер жырту,тыңайтқыш салу, жазда отамалы өсімдіктердің қатар аралықтарын бірнеше рет өңдеу, арамшөптермен күресу,үстеп қоректендіру арқылы барлық көп қоректі қатты қанаттылардың санын азайтуға болады. Дернәсілдердің саны 1 м2 5-10 дана болғанда отамалы өсімдіктерді отырғызуға болмайды. Олардың орнына аз зақымдалатын бұршақ тұұымдастарды, қарақұмықты өсіреді. Қара денелі қоңыздардың саны 1 м2 2-3 дана және одан жоғары болғанда инсектицидттермен улайды.

Қабыршақ қанаттылар отрядына жататын көп қоректі зиянды жәндіктер Қауіпті полифагтарға әр түрлі қанаттылар Frenata – отряд тармағының Noctuidae – түнгі көбелектер немесе үкі көбелектер және Pyralidae – қан көбелектер тұқымдастырынын түрлері жатады. Түн көбелектер. Көбелектер орташа мөршерлі, жайылған қанаттары – 20-45 мм. Толық денелі. Көп түрлерінің түстері сұрғылт қоңыр. Алдыңғы қанаттарында өздеріне тән суреттері бар. Суреттердің пішіндеріне қарап үкі көбелектердің түрлерін анықтауға болады. Көбелектер негізінен ымырт түсе және түнде ұшады. Құрттары ұзынша жолақтары бар сұрғылт қоңыр немесе жасыл түсті болады. Үш жұп кеуде аяқтарынан басқа 3-5 жұп құрсақ аяқтары болады. Тіршілік етулеріне, тамақтану жолдарына байланысты кеміргіш және жапырақ кеміргіш көбелектер болып бөлінеді. Кеміргіш көбелектер топырақтың жоғарғы қабатында жасырын өмір сүреді. Олар қоректеніп топыраө денгейінде күздік, жаздық астық дақылдары, жүгері, қызылша, картоп, мақта, темекі, көкөніс, бақша т.б. дақылдарының мөлшерін кеміріп зақымдайжы. Түн көбелектердің жұлдыз құртттары соңғы жастарында топырақ астында қыстайды. Жұлдызқұрттарынын 6 жастық кезені болады. Көктемде олар қуыршақтанады. Ересек жәндіктері жұмыртқалары сабақтың негізне, төменгі жапырағына, топырак бетіндегі өсімдік қалдықтарына салады. Жылына 3-4 рет ұрпақ береді. Жұлдызқұрттар топырақ денгейіндегі сабақтарды, тұқымын, жас өскінін кеміреді, тамыр жемістерде, түйнектерде кеміріп, қуыс жасайды. Жерүстілік түнгі көбелектер өсімдіктердің жапырағымен, сабақтарымен, генеративті мүшелерімен қореқтенеді. Көбінесе жоңышқаны, ноқатты, темекіні, қызанақты, жүгеріні және басқада дақылдарды зақымдайды. Бұл топқа мынадай түрлері жатады: мақта (Helicoverpa armigera Hbst.) гамма (Autographa gamma L.), беде (Discestra trifolii Hufn.), кіші жерүстілік немесе карадрина (Spodoptera exigua Hb.). Макта көбелегінің куыршағы топыракта кыстайды. Көбелек жумырткасын (1-3тен) жапырақтарға, шанақтарға және гүлдеріне салады. Жұлдызкұрттың бірінші ұрпағы арамшөптерде, жоңышқада, ноқатта, темекіде, қызанақта, арамшөптерде қореқтенеді. Мақтаның шанақтану және гүлдену кезеңінде келесі ұрпақтар жұмыртқа салады. Жылына 3-4 ұрпақ дамиды. Мақтаның генеративтік мүшелерін, жүгерінің собығы мен дәнін, темекі тұқымдарын қатты зақымдайды. Қан көбелектер. Шалғын көбелек ауыл шаруашылық дақылдарының ең қауіпті зиянкестерінің бірі. Жазғы мезгілде оның саны құбылмалы және қолайлы жағдайлар болғанда өсімталдығы өте жоғары. Жұмыртқаларын өсімдік жапырағының төменгі беткі қабатына салады. Жұлдыз құрттары 5жас өседі. Олар комағай болып көп қоректенеді. Қант қызылшасын,күнбағысты, бір және көп жылдык бұршақ(үрме бұршактан басқа),жүгеріні, тарыны және басқа да өсімдіктерді катты зақымдайды. Олар өсімдіктердің жерүстілік генеративті және вегетативті мүшелерін кеміріп жейді.Закымданған өсімдік мүшесін жұлдызқұрттар өрмекпен шырмалайды. Бидай көбінесе шалғын көбелектің негізгі азықтық өсімдіктері жетіспегеннен соң зақымданады.2-3 ұрпақ беріп дамиды.Ересек жұлдызқұрттар топырақтың жоғарғы қабатында қыстап шығады. Сабақ немесе жүгері көбелегі (Ostrinia nubilalis Hb.).Ересек жәндіктерде жыныстық диморфизм анық байқалады.Жұлдызқұрттың түсі сұрғылт жасыл,денесін бойлаған күңгірт жолақтары бар. Дене ұзындығы-25мм-ге дейн.Жұлдызқұрт өсімдік сабағында қыстайды. Тіршілік кезеңінде 2 ұрпақ дамиды.Мәдени және жабайы өсімдіктер зақымданады.Көп зиян жүгері мен күнбағысқа келтіреді. Өсімдік сабағының ішінде жұлдызқұрттар кеміріп,жолдармен қуыс жасайды. Кемірудің әсерінен тесіктерден сыртқа үгітілген ұлпа шашылады. Кейн сабақ сынады. Зиянкестің дамуына ылғал өте қолайлы. Куресу шаралары.Едәуір зақым кеміргіш тән көбелектердің картоп дақылында саны-5-10,астық дақылдарында 2-3,қызылша,жүгері,мақтада 0,5-2 жұлдызқұрт/м2 астам болса байкалады.Жерүстілік түн кобелектердің зиян тигізетін экономикалық шегі,карадринаның 1-3 жұлдызқұрт болса, шалғын көбелек 10-20 жұлдызқұрт/м2, сабақ көбелектің 10 өсімдікте 5 жұмыртқа топтары табылса,Егер зиянкестердің саны ЭЗШ деңгейінен жоғары болса,жұлдызқұрттарды төменгі жастарында химиялық не болмаса биологиялық препараттармен жою керек. Қабыршақ қанаттарының көбеюінің алдын алу, жұлдызұұрттарының санын азайту үшін арамшөптермен жүйелі түрде күресу,топырақты ерте терең сыдыра жырту,отамалы дақылдардың қатар аралықтарын қопсыту қажет. Маусым кезеңінде өсімдіктерді суарған жағдайларда да кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттарының саны азаяды. Сабақ көбелектермен күресу үшін өсімдіктерді төмен шабу қажет (10 см жоғары емес).Жұлдызқұрттар қыстайтын жүгері, картоп,тарының өсімдік қалдықтарын, арамшөптерді танаптан танаптан шығарып жояды. Маусымды колонизация әдісімен трихограмма (Тrichogrammatidae-тұқымдасы) көбелек құрттарының ішкі паразитін есебімен 60-80 мың дара/га 2 мезгіл қолдану тиімді болады.

Бұршақ дәнді дақылдарының зиянды жәндіктері.  Бұршақ бітесі – бітенің денесі біршама жуандау, денесінің ұзындығы – 4,5-5 мм. Қанатсыз аналықтарының денесінің түсі жасыл, кейде қоңыр қоңыр қызыл болып келеді. Ұрықтанған жұмыртқа көпжылдық бұршақ өсімдігінің сабақтарының тамыр бөлігінде және жерге түскен бұршақта қыстайды. Біте осы жұмыртқадан дернәсілдік сатыдан өткеннен кейін аналық – негізге айналады. Партеногенетикалық жолмен көбейіп, колониялар түзеді. Мұнан ары қарай аналық – орналастырушылар пайда болады. Қанатты аналық – орналастырушылар бір жылдық бұршақ дақылдарына қонып, сол жерде жаңа колониялар құрады. Бір жылда 10-ға жуық ұрпақ беріп дамиды. Бітелер өсімдіктердің жас ұлпаларында және гүл шоғырына қоныстанады. Колонияның өсуі жоғарғы бөліктен басталады. Олар көп жылдық бұршақ дақылдарына ұшып келеді де, содан соң бұл жерге аталық пен аналық шағылысқаннан кейін қыстайтын жұмыртқа салады. Бұршақ бітесі бұршаққа, сиыр жоңышқаға, жоңышқаға, жасымыққа зиян келтіреді. Дернәсіл мен имаго шырынды сорып, жапырақты ширатады, дамуды тоқтатады, зақымданған мүшенің түрін өзгертіп, егіннің түсімін тқмендетеді. Бітенің жаппай көбеюі ауа райының қолайлы (жылы –жаңбырлы ) жағдайларында байқалады. Күресу шаралары. Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдарын ббұршақ бітеден қорғау үшін кеңістікті оңашалаудың үлкен маңызы бар. Бұршақ дәнділерді қайталап отырғызуға болмайды. Жерге түскен дән өскіндерінің пайда болуына жол бермеу керек. Көп жылдық бұршақты төмен кесінді жасап жинау қажет. Егер энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу жасаған кезде 25-30 дара біте түссе немесе 20%өсімдік залалданған болса, онда инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Бұршақ қоңызы. Қоңыздарының бүйірінің алдыңғы арқасында және жамбастың төменгі жағында тісшелер орналасқан. Қанаттың үстінде ақ дақтар, ал құрсағының астында екі ірі қара дақтары бар. Денесінің ұзындығы – 4,5-5мм ақшыл түптермен қапталған. Дернәсілі сопақ, ақшыл сары, ұзындығы – 5-6 мм. Қоңыздар тазалау, сақтау және егінді жинаған жерлерде бұршақтың ішінде қыстайды. Дернәсілдің ересек жәндәкке айналуы, қыстап шығуы құрғақ тұқымның ішінде өтеді. Жұмыртқаны бұршақтың жармасына салады. Дернәсілдер бұршақтың ішінде қоректенеді. Күресу шаралары. Егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Аңыздарды сыдыра жырту, топырақты терең өңдеу қоңыздар мен дернәсілдердің едәуір жойылуына әкеледі. Қойма орындарында тұқымдарға тұқымдарға газбен өңдеу және салқындату жұмыстарын жүргізу қажет. Егер шанақтану кезінде энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу жасағанда 15-20 қоңыз табылса, онда бұршақ қоңыздарын жою үшін инсектицидпен өңдейді.

Кенелер – өрмекшітектестерге жататын ұсақ жәндіктер. Олар топырақта, орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, індерде, өсімдіктерде, тұщы суларда, теңіздерде тіршілік етеді. Сондай-ақ паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Бұлардың тұрқы 0,05–13 мм шамасынан аспайды. Тек қанға тойған кене мөлшерінің 30 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Көпшілік кенелердің медициналық және малдәрігерлік салада мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды жануарлардан адамға тасымалдауға бейімделген. Сондықтан адам мен үй хайуанаттарын ауруға шалдықтырады.

Астық және ұн қорын ысырап етіп, бүлдіретін де кенелер тобы бар. Кейбір кенелердің паразиттік тіршілік ету әсерінен мәдени өсімдіктердің түсімі кемиді. Тіпті өсе алмай қалады. Дегенмен қураған өсімдік қалдықтарын шіріту арқылы топырақ құнарлылығын арттыратын да кенелер болады. Кенелердің сан алуан топтары бар: жайылым кенесі, су кенесі, астық кенесі, қамба кенесі, өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене.

Кенелер – дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей туып көбейеді. Кененің дамуы басқа өрмекшітектестерден ерекше. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфаға айналады. Нимфадан ересек кене шала түрленіп дамиды.Нимфа гректің «нимфе» деген сөзіне негізделеді. Қуыршақ сатысынан өтпей, шала түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі. Мысалы, кенелердің дернәсілі қуыршақсыз түрленіп, ересек кенеге біртіндеп ауысады.

Жайылым кенелері адам терісінде, жабайы жануарлар мен ауыл шаруашылық малдарында паразиттік тіршілік етеді. Кене және оның дернәсілі даму барысында әр түрлі жануарларды иеленеді. Соған байланысты бір иелі, екі иелі және үш иелі кенелер болады. Дернәсіл ересек кене болғанға дейін бір жануарды иемденсе – бір иелі; ал дернәсіл мен нимфа бір жануарда, ересек кене басқа жануарда паразиттік етсе – екі иелі; дернәсіл кезінде бір жануарда, нимфаға айналған соң екінші жануарда және ересек кенеге айналған соң үшінші жануарда паразиттік етсе – үш иелі кенелер тобына жатады. Мысалы, ит кенесі – үш иелі жәндік. Оның дернәсілі қанға тойып алып, жерге түседі, түлейді де нимфаға айналады. Нимфа қорегін басқа жануардан табады. Бұдан соң нимфа ол иесінде тіршілігін тоқтатып, жерге түседі. Жыныстық жүйесі жетіліп, ересек кенеге айналады. Ересек кене тағы бір жануарға жабысады. Сөйтіп кене даму барысында үш жануарды иемденеді.

Тайга кенесі адамға ең қауіпті ауру – энцефалитті (ми ауруы) жұқтырады. Табиғатта тайга кенесі әр түрлі жануарлардың денесінде орнығады. Сорған қаны арқылы бір жануардан екінші жануарға энцефалит қоздырғышын таратады. Бірақ бұдан жануар ауырмайды. Осылай табиғатта ауру қордасы пайда болады. Кене энцефалитінің вирусы – тасымалдаушы жәндік арқылы таралатын қоздырғыш. Кене дернәсілі, нимфасы және ересек түрі белгілі бір аумақта бір жануарлардан екінші жануарларға ұзақ уақыт айналымда болады. Жұқпа қоздырғышы сақталатын осындай аумақ қандай болса да, бір аурудың табиғи қордасы деп аталады.

Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны академик Евгений Никанорович Павловский және оның шәкірттері жасады. Қазақстанда бұл салада академик Илларион Григорьевич Галузо (және профессор М. М. Ременцова) көп үлес қосты.Адам үшін қышыма кене – өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2–0,5 миллиметрден аспайды. Сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады. Бұл құбылыс оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттарының денеге сіңуінен болады. Қышыма кене мал денесін де жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әрекетінен денеде қотыр пайда болады.

Ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері. Кенелер азық-түлік қорын бүлдіріп, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кенелер (қамба, сүтсірне кенесі) азық-түлікті орынсыз ысырапқа ұшыратады. Әсіресе қамба кенесінің зияны қисапсыз. Ол қамба ылғалданған да өте тез көбейеді. Сөйтіп астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа айналдырады.

 

Қайнар көзі:

  1. http://itest.kz/lekciya_v_tarau_keneler_auyl_sharuashylyhynyng_ziyankesteri
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  3. https://kk.wikipedia.org

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *