Диалогтік оқыту – оқыту үдерісіндегі белсенді әрекет қалыптастыратын оқытудың жаңа әдіс-тәсілі

«Мектеп жанында шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі» КММ

Тарих және география мұғалімі Құдас Бату Слямұлы

 

Тренинг

Тақырыбы: Диалогтік оқыту – оқыту үдерісіндегі белсенді әрекет қалыптастыратын оқытудың жаңа әдіс-тәсілі
Жалпы мақсаты: Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып диалогтің білім берудегі тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсіндіру. Диалогтік  тәілдердің түрлерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.
Оқу нәтижелері Мұғалімдер:

оқыту мен оқудағы  тілдің басты рөлін түсінуге;

білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыруға;

оқу үдерісіне диалогтік әдістерді енгізуге;

сыныптағы диалогтік әдістерді бағалауға;

диалогтік әдістердің  оқуға көмегін  түсіндіруге дайын болады.

Түйінді идеялар: Әңгімелесу – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына  үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен  идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі. Ойлаудың осы бағатына орай,  сұрау және топтық жұмыс сияқты диалогтік тәсілдің  балаларды оқыту сапасын арттыру үшін әлеуеті бар.
Жаттығулар: 1. Топ құру. (сурет қиындыларын құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді)

2. Топ мүшелері қызметтер бөліседі, міндеттері түсіндіріледі

3. Әр топ мүшелері ойша сурет салады да келесі топ мүшесімен алмастыра отырып, сұрақ қою арқылы бейнені табуы керек.

Дереккөздер арқылы таныстырылым   3 мин Зерттеу материалдарын  презентация арқылы түсіндіріп өту. 6 түрлі сұрақпен танысады және сурет бойынша ауызша диалог жүреді
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:  Таныстырылымды пысықтау үшін  алдарындағы парақшаға сұрақтың 6 түрін өздері кеңесе отырып орналастырады , дәлелдейді  (берілген сұрақтарды қиып, жапсырады)
Проблеманы шешу жолдарын анықтау тапсырмасы Мұғалімдерге топтық жұмыс бойынша «Табыс критерийін»  құруға бағыт беру.(интерактивтік тақтада тұрады). Шағын топтарда жұмыс істейтін мұғалімдерге сыныпта әңгімелесуді пайдаланған кезде оқушыда туындайтын қиындықтар мен  жауап  алуда  мұғалімнің жіберетін кемшіліктерін  қарастыруға арналған зерттеушілік сипаттағы постер жасау ұсынылады. Қорғайды.
Топтардың  өзара  ФБ жасауы  (стикер жапсыру)
Қорытынды Диалогты сабақ уақытында жүргізу  кезеңдері  туралы бейнеролик  (тәжірибеден)
Әр топ  мүшесі өзіне тән жақсы 3 мінезін жазып, бүктейді де екі топ жауаптары ауыстырылады. Бір-    бірінің  жазған жауаптарынан жауап иесін тауып алады
Кері байланыс Стикердің екінші бетіне 1 тілек, 2 ұсыныс.
Бағалау парағы Бағалау  парағы  толтырылады

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

комментария 2

  1. жибек:

    коучинг сабақты оқып шықтым, сізге шығармашылық табыс тілеймін”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *