1 – желтоқсан Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Президенті күні
Педагогтің аты-жөні Какенова А.К.
Күні: 30.11.2020 ж
Сынып: 3 Қатысушылар саны: 17 Қатыспағандар саны: 0
Сабақтың тақырыбы «Елбасы елімен бірге»
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары – білім алушылардың Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі, оның Қазақстанның дамуына қосқан зор үлесі туралы білімін кеңейту және тереңдету;
– білім алушыларда Елбасы үлгісінде отансүйгіштікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
Сабақтың барысы.
Сабақтың кезең
уақыт Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Басы Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті балалар! 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпаны, еліміздің көреген көсемі, сарабдал саясаткер, ел үшін аянбай тер төккен тұңғыш Президентіміздің өмір жолы туралы мағлұмат аламыз.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Елбасы елімен бірге».
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Оқушылармен сабақтың мақсатын талқылау.
1) Сәлемдесу.
– Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады. Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)
2) «Миға шабуыл» (блиц-сауал)
1. Қазақстан халқының мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)
2.Қазақстан Республикасының рәміздері?(елтаңба, ту, әнұран)
3.Қазақстан халқының ұлттық валютасы? (теңге)
4.Қазақстанның бас қаласы? (Нұр-Сұлтан)
5.Әнұран қалай айтылады? (қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтылады)
6.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
7.Мерекелерде, спорттық жарыстарда рәміздің қай түрі жоғары көтеріледі? (Ту)
8.Әнұранның авторлары? (Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
9.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
Әнұранды айту және жаңа сабаққа назар аудару.
Оқушылар сұраққа жауап береді.
ҚБ: «Шапалақ» әдісі арқылы
бір-бірін бағалау.
Блиц-сауал
Ортасы Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елбасы елімен бірге» атты ашық сынып сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.
-Н.Ә.Назарбаев кім? Балалар ол туралы не білеміз?
(Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны туралы мәліметтер айтылады)
Мұғалім: Президент күні – мемлекет мерейі. Оның үстіне мемлекетті қалыптастырудың бастауында тұрған тұлғаны ұлықтау, егемен елдің іргетасын қалаған тұлғаны ардақтау әрбіріміз үшін парыз.
1-тапсырма.
Елбасы жайлы шағын бейнебаян көрсетіледі. Оқушылар «Түртіп алу» әдісі арқылы маңызды ақпараттарды белгілеп отырады.
1. Бейнебаян не жайлы екен? Өздеріңе қандай мәліметтерді түртіп алдыңдар?
2. Қай жылдан бастап елімізде Тұңғыш Президент күні аталып өтіледі? (2012 ж, 1 желтоқсанынан бастап)
3. Қай жылы Н.Назарбаев ҚР Президенті болып сайланды? (1991 ж, 1 желтоқсан)
Балалар, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа арналған өлең шумақтарын кім біледі?
(7 оқушы тақпақтарын айтады)
Қызықты деректер
1. Нұрсұлтан – ата-ананың тілеуімен туған бала. Анасы Әлжан Әбішке тұрмысқа шыққаннан кейін бес жылға дейін құрсақ көтермей, Алладан бала тілеумен болады. Шын тілекті Алла берсе керек, көп ұзамай, Әлжан ана түс көреді. Түсінде теңіз түбінен мылтық тауып алып, оны күйеуі Әбішті қуантайын деп асынып алғанын көреді. Ояна келе ет жақын ағайындарына жорытқанда, олар «Түсің жақсы екен. Құдай сендерге ұл берер» дейді. Көп ұзамай дүниеге Нұрсұлтандай ұл келеді.
2.Туған жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6- шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған ауылында туылды.
3. Елбасының әкесі Әбіш бағбан болған Әбіш – бір ағаш пен екіншісін будандастарып түрлі жеміс ала беретін бау-бақшаның нағыз білгірі болған. Әкесі туралы Нұрекеңнің өзі: «Жұрт біздің баққа келіп, керемет өсіп тұрған таңғажайып жемістерді немесе бір жағында кәдімгі апорт алмасы, екінші жағында уылжыған алмұрт пісіп тұрған ағашты тамашалайтын. Әкем өсірген ондай жемістерді кейін еш жерде көрген емеспін. Өзінің сүйікті сортты алмасы – апортты ол келесі көктемге дейін бұзбай сақтайтын», – деп жазады өз естелігінде.
4. Елбасымыз музыканы бала кезінен жақсы көрген. Кішкентай кезінен мандолин, баянда ойнай білген, домбыра тартқан. Әнді де жақсы айтады, қоңыр дауысы бар.
5. Әлжан – дұғасы қабыл болған ана. Ислам дінінде ата-ананың балаға жасаған дұғасы Алла тарапынан сөзсіз қабыл болатын дұғалар қатарына жатады. Тұңғышының тілеуін тілеген ана Нұрсұлтанның кішкентай кезінде «Жарығыма ғұмыр бер!» деп тілеп отырса, кейін Теміртауға кеткенінде: «Ей, Алла! Сұлтаныма амандық, саулық бере гөр! Жұлдызын жарық қыла гөр! Өзіңе тапсырдым, Алла» деп дұға етпей ұйықтамайды екен.
6. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
7.Елбасы – ақын. Оның суырып салатын қасиеті бар. Ал өлеңдерімен тек жақындары ғана таныс болса керек. Халық назарына әлі ұсыныла қойған жоқ. Жұрт тек «Елім менің», «Үш қоңыр» секілді әнге айналған өлеңдерін біледі.
8. Елбасы – құралайды көзге атқан мерген. Елбасымыз аң аулағанды, саят құрғанды жақсы көреді. Әрі оның мергендігі туралы түрлі аңыздар бар. Бірге оқыған досы, белгілі заңгер, Мақсұт Нәрікбаев ол туралы:сұхбатында «Бір жолы атқан оғының жарты шақырым қашықтықта тұрған жануардың жүрек тұсынан дәл тигендігін көрдім. Тек хас мерген ғана осылай ата алады ғой», – деген
9. Елбасы – шебер шаңғышы. Бала кезінен шаңғыны жақсы көрген Нұрсұлтан Үшқоңырдың биігінен, небір қиын жолсыз жерлермен сырғанағанда алдына жан салмаған екен
10. Назарбаев – альпинист. Ол тау баласы болғаннан кейін бе, альпинизмге қатты құмартқан. Кішкентай күнінде Үшқоңырдың тау-тасын жиі аралап кетеді екен. Кейін Президент болғаннан соң да кәсіби альпинистерге ілесіп, бірнеше шыңды бағындырған. Соның ішінде теңіз деңгейінен 4010 м биіктіктегі Абай шыңының орны ерекше. Бүгінде Алматы маңында Нұрсұлтан шыңы бар.
11. Елбасы – гольф шебері. Елбасымыз Хайнань аралдарындағы демалыстарының бірінде гольф ойнау шеберлігімен жергілікті халықты қатты таңғалдырыпты. Гольф допшасын бастау алаңшадан көмбе алаңшадағы шұңқырға бір ұрғаннан кіргізген. Таңдайларын қаққан қытай мамандары сол жерге ескерткіш те орнатпақ болған көрінеді.
12. Мәдинада үш ай жаумаған жаңбыр, біздің Елбасымыз барған уақытта жауған. Арабтар мұны ерекше жағдайға балап, оған өзгеше құрмет көрсетіп, алтын тысты Құран сыйға тартқан. Тіпті есіміндегі «Нұр», «Сұлтан» сөздерінің араб тілінен алынғанына назар аударып, риза болысқан.
Керемет, Елбасымыз туралы қаншама қызықты деректермен таныстық.
2-тапсырма.
1-қатар: Кестені толтыру. Елбасы туралы не білесің?
Кестені толтыр
Кім?
Қашан?
Қайда?
Қалай?
Қандай?
Кестені толтыр
Кім? Н. Ә Назарбаев
Қашан? 1940жылы 6- шілде
Қайда?Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген
Қалай? Еңбекқорлығымен, Отансүйгіштігімен, халқына деген өрен сүйіспеншілігімен еңбек етіп келе жатыр
Қандай? Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласында металлург болып бастаған. 1969-1989 ж.ж. аралығында лауазымды жұмыстарды атқарған. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті. 1991 жылы 1 желтоқсан ҚР-ның президенті. Біздің тұңғыш президентіміз, көшбасшымыз.
2-қатар: Елбасы тұлғасына суреттеме
3-қатар: Саяси кезең. Жылдар бойынша елеулі оқиғаларды айту
– Тамаша, жарайсыңдар! Келесі кезекті өлең жолдарына берейік. (7 оқушы тақпақтарын айтады)
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Оқушылар бейнероликтен көрген ақпаратты негізге ала отырып, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар өздерінің дайындаған деректерімен бөліседі.
Оқушылар қатар бойынша өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.
Форматив
ті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
ҚБ: «Шапалақ» әдісі арқылы
бір-бірін бағалау.
Айтылым
Оқылым
Постер
Соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Шығармашылық жұмыс
І қатар – «Елбасы жолы – ұрпаққа өнеге» тақырыбында қысқаша эссе жазу;
ІІ қатар – Елбасы туралы ән айту;
ІІІ қатар – Елбасыға арнап өлең шығару.
Мұғалім: 20 наурыз, 2019жылы Қазақстанды 30 жылға жуық уақыт басқарған 78 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдемесінде ” Бүгін баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының президенті ретіндегі өкілетімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым деп Назарбаев “сайлау кезінде сенген” халыққа алғыс айтты. Ол “Нұр Отан” партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін айтты. Біздің қазіргі жаңа президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев
Хор: «Туған елім!»
Берілген тапсырмаларды орындайды.
ҚБ: «Шапалақ» әдісі арқылы
бір-бірін бағалау.
Қатар тапсырма
лары.
Кері байланыс «Мен Президент болсам немесе менің тілегім!»
Тақтаға «Күн» суреті ілінеді. Өз тілектері мен құттықтауларын күн сәулелеріне жазып, күннің айналасына орналастырады. (Алғашқы жазып болған бірнеше оқушының жауаптарын оқыту)
Кері байланыс.
Бүгінгі сабақтан қандай ақпарат алдың?
Бүгінгі сабақтан не ерекше есіңде қалды? Неліктен? Сабақтан алған әсерлеріне кері байланыс береді. «Мен Президент болсам немесе менің тілегім!» Күн суреті
Бағалау Формативті бағалау.
Үйге тапсырма: «Тәуелсіздік-тұғырым!» тақырыбында эссе жазу