Ауыл мен қала

Алматы қаласы Алмалы ауданы №34 гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі

Жумадилова Жанаргул Бакытбековна

 

Сабақ тақырыбы: Ауыл мен қала
Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

6.О1.Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру.

6.Ж4.Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау.

6.ТБ2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.

Дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша шағын мәтіндерді  сипаттау арқылы ақпараттық-танымдық құзіреттілігін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлемдер негізінде оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
 

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі:қазақша ауыл мен қалаға қатысты ақпарат бере алады.
Оқушының орташа жетістігі:қазақ тілінде қарапайым сөйлемдер арқылы ауыл мен қаланы сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі:тақырып аясында өз бетімен жұмыс жасайды,қарапайым үлгілер арқылы сыныптастарымен тілдесімге келеді.
 

 

Жаңа сөздер:

u ауыл – село

u   қала – город

u   кептеліс – пробка

u  айырмашылық – разница

u  зәулім – высокий

u  мәдениет үйі – дом культуры

Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивтітақта,слайд,видеоролик,А4парағы,маркерлер,А3парағы,тақырыпқа қатысты смайликтер, сырсандық, бағдаршам бағалау парағы.
 

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, түсіндіру,постер,талдау, сұрақ-жауап, «Жағымды сөздер», «Шаттық шеңбер» тренингтері, «Жеке әңгіме» техникасы,топтық жұмыстар.
Дереккөздер: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
 

 

Оқушыларға психология-лық ахуал туғызу

1.Оқушылармен сәлемдеседі.

-Қазір қандай жыл мезгілі?

-Қазір қай ай?

-Бүгін қырқүйектің нешесі?

-Аптаның қай күні?

 

2.Оқушыларды «Джигсо» әдісі арқылы топқа бөледі.

 

 

 

3.Мұғалім«Шаттық шеңберін»  оқушыларға сәттілік тілектерін айтқызады.

 

1.Мұғаліммен сәлемдеседі.

 

 

2.Ауыл, қала суреттері арқылы топқа бөлінеді.Әр топтың атауы сурет арқылы тақтаға ілінеді.Стикерлер арқылы бағаланады.

 

1-топ.Ауыл

2-топ.Қала

 

3.Оқушылар бір-біріне қолдарын қою арқылы жақсы тілектер,жағымды сөздер айтады.

-Мен саған сәттілік тілеймін!

-Денсаулық тілеймін!

-Еліміз тыныш болсын!

Өткен сабақты тексеру  Оқушыларға«Сырсандық»      әдісі арқылы сұрақтар қояды. Оқушылар«Сырсандық»әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді
 

І. Қызығушы-лықты ояту

1.Мұғалім тақырыпты болжау мақсатында  интерактивті тақтадан шағын суреттер көрсетеді.

2.Мұғалім оқушыларға слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіреді.

 

Оқушылар шағын суреттер арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.

Оқушылар мұқият тыңдайды.

 

 

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құратады. Тыңдалым. Оқылым.Жазылым.

Жаңасөздерді тыңдайды, қайталайды,сөздік дәптерлеріне жазып алады.

(стикерлер арқылы бағаланады)

  1-тапсырма. Сөйлемдерді  оқып, ақпараттың ауылға немесе қалаға тән екенін анықтаңдар. Кестені толтырыңдар. Оқылым.Жазылым.Айтылым.

Оқушылар ақпараттың ауылға немесе қалаға тән екенін анықтайды. Кестені толтырады.

(стикерлер арқылы бағаланады)

  2-тапсырма. Мәтінді оқып, ат қойыңдар.Не туралы айтылған?

Биыл жазда атам мен әжемнің ауылына демалуға бардық. Ауылда біз кеткелі көп өзгерістер болыпты. Жаңа мектеп,үлкен аурухана, зәулім мәдениет үйі салыныпты. Көшелері түп-түзу, тас төселіп, гүл егілген. Ағаштар да тым жи отырғызылған. Ауылдағы кітапхананың қоры бай.

Ауылдың шетінде көл бар. Көл аса терең емес. Күндіз суға шомылып, күнге қыздырынамыз. Кеш бата балалармен асық ойнап,доп тебеміз. Ауылда өте жақсы демалдық.

 

Айтылым

Оқушылар мәтінді оқиды,аударады және мәтінге ат қояды.

(стикерлер арқылы бағаланады)

 

  3-тапсырма.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.
Тыңдалым. Жазылым.Айтылым

Оқушылар мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

  3-тапсырма.

Қазақстан қалалары туралы не     білесіңдер?Сөзжұмбақты шешіңдер?

Тақтадағы сөзжұмбақты шешеді,жауабын тақтаға жазады.
 

ІІІ.  Бекіту

Айтылым.Тыңдалым. Оқылым. Жазылым дағдылары бойынша балалар тапсырмаларды орындады. Фотоколлаж арқылы ауыл мен қаланың айырмашылығын айтып шығады. Оқушылар жасаған Фотоколлаждарын топпен қорғайды

 

 

ІV. Бағалау

 Мұғалім тапсырманы стикер арқылы бағалайды Мұғалім әр топтың стикерлерін өздеріне санатып,қай топ жеңімпаз екенін айтады
V.  Үйге тапсырма Жаңа сөздерді жаттау.

22 бет, 7-тапсырма.

Үй тапсырмасын  күнделіктеріне жазып алады.
 

VІ . Рефлексия

Мұғалім «Бағдаршам» әдісі  арқылы бағалайды, өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін «Бағдаршам»әдісі  арқылы көрсетеді

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *