” Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы “
Сабақтың тақырыбы: «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы»
Сабақтың мақстаты: Оқушыларды Елбасы мен Елбасы ұстанымын дәріптеуге, Отанына, халқына қызмет етуге, Отансүйгіштікке, Ел рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қабырға газеті, бүктемелер, өлең жолдары, Елбасы суреттері, рәміздер.
Сабақтың өтілу түрі: ауызша журнал
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А)Ортаға жиналып тілектері айтқызу.
ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
ІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім сөзі; Елімізде жыл сайын 1 желтоқсан тұңғыш Президент күні аталып өтіледі. Елбасының тәуелсіз жылдар ішіндегі еңбектері тарихқа алтын әріптермен жазылары анық. Алғашқы жылдардан – ақ салдарлы саясатымен елдің өсіп- өркендеу бағытын айқындап, әр жылы халыққа жолдаған Жолдауларымен жол көрсетіп, дем берген Елбасымыз сол бағыттан күні бүгінге дейін танбай, елді өрге сүйреп келеді. Сондықтан да біз егемендікпен қатар Елбасы есімін қатар айтамыз.Тұңғыш Президент күні қарсаңында елмен етене Елбасымыздың еселі еңбектерін дәріптеу барысында мектепішілік «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы» атты Жаратылыстану –география апталығы аясындағы 9 «а» сыныбымыздағы «Елі сүйген,Елін сүйген Елбасы » атты интелектуалды –танымдық сабақты бастаймыз.
Барысы
Видио «Елбасыны өмір дерегі»
Журналымыздың бірінші беті. « Халықпен жүрегіміз бірге! »
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келеді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан кезде, ең қажетті нәрселер жетіспеді. Адамдар үнемі ашқұрсақ жүрді. Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп жеңе білді, жақсы білім алып «от жалынды» мамандықты игеріп азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады.
Журналымыздың екінші беті «Көпшілік назарында»
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жыл Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарғанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960 – 1969 жж. – Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969 – 1973 жж. – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия – комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973 – 1977 жж. – Қарметкомбинаттың парткомхатшысы.
1977 -1979 жж. – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-хатшысы.
1979 – 1984 жж. – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984 – 1989 жж. – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің рөрағасы.
1989 – 1991 жж. – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы.
1990 ж. Сәуірінен – Қазақ КСР бірінші хатшысы.
1991 ж. Желтоқсанның 1 – інде тұңғыш Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті. 1995 ж сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.назарбаевтың өкілеттілігі 2000жылға дейін ұзартылды.
1999 жылы қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде 79,78% дауыс жинап, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 жылы желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5% дауысын алып Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Үшінші бет «Даналықтың ақ маржаны» деген бетте Нұрсұлтан \Назарбаевтың ғылыми еңбектері, кітаптары, өлеңдері, әндері мен дәйексөздерімен таныс боламыз.
- Әділеттің ақ жолы. 1991ж
- Ғасырлар тоғысында. 1996ж.
- Тарих толқынында. 1997ж.
- Бейбітшілік кіндігі. 2002ж.
- Сындарлы он жыл. 2002ж.
- Тәуелсіздік белестері. 2003ж.
- Еуразия жүрегінде. 2005ж.
Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары шолу жасау : «Қазақстан жолы» – Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді. (Жібек Жолы, 2012)
«Тарих тағылымдары және қазіргі заман» – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің бес жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасалған баяндама. (Қазақстан, 1997) «Жүз жылға татитын он жыл» – Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі. (Атамұра, 2001) «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. 10 жыл» – Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы. (Елорда, 2005) «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» – Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз асқақ армансыз өмір сүретін адамдарды ұсақ, тоғышарлық мүдде, бір сәттік жеке бастың материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтып соның салдарынан өоғамдық азғындау басталады. Бүгінде әркімге біздің қозғалысымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты тұжырымдамасы, міне, соңдықтан да қажет. (Дәуір, 1992)
«Сындарлы он жыл» – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. (Атамұра, 2003) «Тарих толқынында» – Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады. (Атамұра, 1999) «Тәуелсіздік белестері» – Қадірлі халайық! Мeн сіздeргe, Қазақстан халқына, қoғамымыздың бoлашағы мeн мeмлeкeтіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жoлдап oтырмын. Мeн Сіздeргe oсынау бoлашаққа қoл жeткізіп, өз мұратымызды іскe асыруға жәрдeмдeсe алады-ау дeгeн сeнім ұялататын стратeгияны ұсынғым кeлeді. (Жібек Жолы, 2012) «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітабы оның «Постиндустриялық қоғамды қалыптастыру стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» атты алдыңғы басылымында бастау алған қоғамның постиндустриялық даму мәселелерін ғылыми зерттеуінің жалғасы болып табылады. (Жібек Жолы, 2012)
«Ғасырлар тоғысында» – Бұл кітап өз көзімізбен көргенімізді, өз басымыздан кешкенімізді, жүздес-сұхбаттас болған тұлғалардың мінездемелерін қамтығанымен, мемуар жанрына жатпайды. Егер бізге салса, бұл шығарманың жанрын «болашақ жайлы естелік» деп санаған орынды сияқты. Әрине, бір-біріне көпе-көрінеу кереғар ұғымдардан тұратын бұл сөз тізбегіне біз атымен басқаша мағына беріп отырмыз. Адамдар, әдетте, өткеннің мәніне ертеңнің тұрғысынан үңіліп түсінеді. Біз оқырмандарымыздың мәселенің байыбына басқаша тұрғыдан зер салғанын қалар едік. Өйткені сөз болатын гәптер белгілі бір нақты кезеңде, сол кезеңнің ағымдағы саясатының арнасында, белгілі бір ретпен жүзеге асқандығы даусыз. Бұл кітаптың мақсаты – расында да, болмыстарынан бедерлі жаратылған саяси ықпалдастарымыздың бейнелерін жарқыратып сомдап шығу емес. Біздің көздегеніміз – кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына оқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу.
(Атамұра, 2003) «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы – тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар» – Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясындағы баяндама, Ақмола, 1997 жылғы 6 маусым. (Қазақстан, 1999) Елбасымыздың бұдан басқа «Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзекжарды ойлар», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім – тірегім», «Қазақстан-Ресей қатынастары», «Қалың елім, қазағым», «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы – тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар», «Тәуелсіздігіміздің бас жылы», «Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы – жаңарған Қазақстанға», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Әділеттің ақ жолы» және тағы да басқа кітаптары жарық көрген.
Төртінші бет «Ерекше тұлғалық болмысы» деп аталады. Осы жерде біз Елбасы Н.Ә.Назарбае- втың еңбек жолы барысындағы лауазымдық мәртебесі, марапаттары және наградалары жөнінде сөз қозғаймыз.
Бесінші бетті « Пікірлер » деп атадық.
Бұл бетте әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХІ ғ. Соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекетте тарихындағы ең табыстылардың бірі болып саналады.
«Елбасыға тілек…» тілек жазу
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.
Қорытындылау. Тарих үшін қас – қағым сәт – бар болғаны 28 жылда ұшқыр қиял ғана жететін асулардан асып, ғасыр жүгін арқалаудың сыры неде, құпиясы қайсы? Оған бір сөзбен жауап берсек, ЕР мен Елдің тарихи ұлы жеңісі – көрегендік пен көл – көсір еңбек жемісі дер едік. Ал оған қуат берген қайнар бұлақ қайда, ол қандай құдірет десек, алтын діңгек – БІРЛІК дер едік.
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап
Аспан қалай ашылмақ ! -деп Мағжан Жұмабаев айтқандай от болып жанып тұруымыз керек. Ұла адамдардан өнеге ала отырып өзіміз де аянбай тер төгіп еңбектену керек. Ғибрат сөздеріне құлақ салып, ертеңгі ұрпағымызға үлгі болатындай із қалтыруымыз керек. Ата анаңның ғана баласы болмай, бар халықтың баласы болып өсейік демепін.Жарқын болашаққа көпір салынды, әрі қарай биікке самңау өздеріңіздің қолдарыңызда . Қазақстанның жарқын болашағы мына жастардың қолында. Ендеше аянып қалмайық, еңбектенейік ағайын!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718