Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты: шартсыз және шартты рефлекстер.
Сабақтың тақырыбы: Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты: шартсыз және шартты рефлекстер. | Мұғалімнің аты-жөні: Алғазина Назерке Серікқызы | ||||||||||||||||
Сынып: 7А,Б
|
Қатысқан оқушылар саны: 26
|
Қатыспаған оқушылар саны: | |||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 7.1.7.6 – мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру | ||||||||||||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Барлық оқушылар: «Рефлекс» түрін анықтай алады. Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбі: Шартты және шартсыз рефлекс түрлерін зерттей алады. Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Кейбір оқушылар: Адам үшін рефлекс маңызын анықтай алады. Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | ||||||||||||||||
Тілдік құзіреттілік | Лексика, терминология
Рефлекторлық табиғатын түсіндіре алады Пәндік лексика мен терминологиясы нейрон, импульс, рефлекторлық әрекет, еркін жауап беру, шартты және шартсыз рефлекстер, түшкіру, жыпылықтау, бағдарлау, жүре бара пайда болған, туа біткен. Диалог құруға / жазылымға қажетті сөз тіркестері Түшкіру ………………… рефлекске жатады. Шартсыз рефлекс ………………. және тұқым қуалайды. ……………….. өмір бойы қалыптасады. |
||||||||||||||||
Ресурстар | Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | ||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика, химия | ||||||||||||||||
Алдыңғы оқу | Жүйке жүйесінің әр түрлі түрлерін салыстыру . ОЖЖ.ШЖЖ. | ||||||||||||||||
Сабақтың жоспары | |||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері | |||||||||||||||
Басталуы
5 минут |
1.Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабаққа деген көңіл күйін анықтау, оқушылардың сабаққа зейінін шоғырландыру.
2.Үйге берілген тапсырманы «ПОПС» әдісі арқылы тексеру.Менің ойымша, себебі ,дәлелдеймін , қорытындылай келе.Осы сөйлемдер арқылы оқушылар үй тапсырмасын қорытындылайды. Оқушыларды суреттер арқылы 2 топқа бөлу. 1 топ «Шартты рефлекс» тобы, 2 топ «Шартсыз рефлекс» тобы.
|
Бағалау парақшалары таратылады.
Суреттер
|
|||||||||||||||
Жаңа білім
10 минут
|
Білу және түсінуҮстел үстінде кеседе шай тұрған еді. Сіз барып ұстап көріп едіңіз, ыссы болғасын бірден қолыңыздыалдыңыз. Сұрақ: сіз неге бірден ойланбастан қолыңызды алдыңыз? Оқушылар өз ойларын айтады. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Оқушыларға «Шартты және шартсыз рефлекстер» тақырыбында ақпараттық қағаздар таратылады. Берілген мәтіндерді оқушылар оқып алады.
«Кластер құру» әдісі Кластер құру арқылы оқушылардың не білетіндерін және жаңа идеяларын білуге болады Кластер құру ережесі: 1. Ойына келген пікірді жазуға тартынбау 2. Берілген уақыт аяқталғанша жұмысты жалғастыру, жазу. 3. Тақырыптың басқа қырларын ашуға ұмтылу 4. Мүмкіндігінше көп идеяларды жинақтауға тырысу. Оқушылар кластер құрып, жасаған жұмыстарын ортаға салып, талқылайды. Ортақ сұрақтар қойылады:Рефлекстерді жіктеу тәсілдері туралы айтыңдар. Шартты және шартсыз рефлекстер дегеніміз. №1 тапсырма.Оқушыларға берілген ақпараттарға сүйене отырып «Шартты рефлекс» және «Шартсыз рефлекс» тақырыбында постер құру беріледі. Топтық жұмыстың дескрипторы:
|
Ақпараттық парақшалар Оқулық.
А3 қағаздар, түрлі түсті маркерлер
|
|||||||||||||||
Ортасы
10 минут
|
Қолдану. Терминдермен жұмыс. Оқушыларға терминдер 3 тілде дұрыс оқылуы түсіндіріліп, терминдерге сипаттама беріледі.
Рефлекс – рефлекс – reflex Шартты рефлекс –условный рефлекс – condition reflex Шартсыз рефлекс – безусловный рефлекс- uncondition reflex №2 тапсырма «Кім жылдам?» жеке жұмыс 1.Берілген рефлекс түрін анықтап, сипаттама беріңіз? 2.Шартты және щартсыз рефлекс түрлеріне мысал келтіріңіз: ________________________________________________________________________________________________________ Дескрипторлар: «Рефлекс» түрін анықтай алады «Рефлекске» мысалдар келтіре алады Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. |
Жеке жұмыс парақтары
|
|||||||||||||||
Сергіту сәті
2 минут |
Оқушылар әртүрлі жағдайдағы ыссық стакан шайді, тікенекті абайсызда басып кеткенде, роза гүлінің тікенегін ұстап қалғандағы рефлекстік қимылдарды көрсетеді. | Оқушылар қимылдап сергіп қалады. | |||||||||||||||
Аяқталуы
Сабақты бекіту 10 минут |
Синтез
№3 тапсырма. «Ең үздік жұп» жұптық жұмысы. Оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша суреттер, сөздердің қиындыларын беру. Оқушылар мағынасына сәйкес қиындыларды рефлекс түрлеріне ажырата отырып, 2 топқа топтастырады. Ең жылдам, дұрыс орындаған жұптар анықталып, 3 шапалақ арқылы бағаланады. «Веер әдісі» Әр топ жаңа сабаққа байланысты әртүрлі деңгейіндегі сұрақтар ұйымдастырады. Ұйымдастырылған сұрақтар келесі топтарға қойылып, жауаптар алынады. Оқушылар бүгінгі сабақ мақсаттарына сәйкес сұрақтар қояды:1.Шартты рефлекстерге тән ерекшеліктерді атап, мысал келтіріңдер. 2.Неліктен шартты рефлекстер бекітпесе, жойылып кетеді? 3.Шартты және шартсыз рефлекстердің белгілерін талдаңдар. Қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар? 4.«Рефлекс түрлері» деген сызба сызыңдар. Оларды жіктеңдер. 5.Егер кірпішті қалай қалағанын көрсең, сен де кірпішті қалай алатын едің? 6.Шартты және шартсыз рефлекстердің ағзаның тіршілік етуіндегі рөлін бағалаңдар. 7.Шартты рефлекстердің адамның әдеттерінің қалыптасуындағы, үй жануарларын үйретудегі рөлін сипаттаңдар. |
Суреттер, сөздердің қиындылары
|
|||||||||||||||
Бағалау
3 минут
Кері байланыс |
Бағалау парақшасы
Бағалау парақшасы арқылы оқушылардың барлығы бағаланып, үйге тапсырма 41. «Шартты және шартсыз рефлекстер» тақырыбы, шартты рефлекстердің адамның әрекетінің қалыптасуындағы, үй жануарларын үйретудегі, тәрбиелеудегі рөлін сипаттайтын эссе жазу. Оқушылар бүгінгі сабақты қорытындылап,«Бутерброд» әдісі бойынша сабақтың 2 сәтті тұсын, сабақтың 1 дамытатын тұсын стикерлерге жазып, білім ағашына жабыстырады. |
Бағалау парақшалары
Стикерлер |