Қан топтары және қан құю. Резус-фактор

Күні:  27.11.2020ж

Сынып: 8 «Ә»

Ақтөбе қаласы   №34 орта мектебі

Биология пән мұғалімі: Р.К.Алгазина

Сабақтың тақырыбы Қан топтары және қан құю. Резус-фактор
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.3.7 агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру
Сабақтың мақсаттары Тромбоциттердің құрылысы және олардың қан құюдағы рөлі туралы негізгі түсінік беру.

Адам тіршілігі үшін, ағзаның тірегі, тіршілік көзі қан  және қан жасушаларының белсенділігін, қан болмаса тіршілік болмайтындығын оқушыларға түсіндіру

Жетістік критерийлері 1.Қан топтары, қан құю тәсілдері, иммунитет жайлы мәліметтерді меңгереді

2.Қан топтары және резус-фактор туралы білімдерін толықтыру.

Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады

3.Қан топтарының түрлерін біледі, қан құю ерекшеліктерін талдай алады.

 

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс медицина, химия, экология, қазақ әдебиеті, күнделікті өмірмен, қоршаған ортамен.
АКТ қолдану дағдылары ZOOM  платформасы слайд-таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Бір адам қаны екінші адамның қанымен сәйкес келе бермейді 

қан топтары, қан құю ,резус-фактор (Rh-фактор) туралы

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

 

«Зымыран сұрақтар» стратегиясы  үй жұмысын тексеру

1.  Иммунитет дегеніміз не?

2. Қан жасушаларын ата?  (эротроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер)

3. Иммунитет ілімінің негізін қалаған кімдер?

4. Фагоцитоз дегеніміз не?

5.   Иммунитет нешеге бөлінеді?

6. Гемоглобин дегеніміз не? ( қанда оттегін тасымалдайды)

7. Иммунитет нешеге бөлінеді?

8. Антидене дегеніміз не?

9.Жасанды иммунитет дегеніміз не?

10.Табиғи иммунитет дегеніміз не ?

 

 

Сәттілік «Үш шапалақ»

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

«Кім біледі» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Барлық әскери адамдар мен онда жұмыс жасайтын дәрігерлердің, қауіп-қатерлі жерде жұмыс жасайтын адамдардың сырт киімінде мысалы А(II) Rh+  деп жазылып тұрады. Неліктен деп ойлайсыңдар.(Оқушылардың ойларын тыңдау)

Ағзадан қанның көп кетуі өте қауіпті. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы бұзылады, қын қысымы төмендеп, қанда гемоглобиннің мөлшері азаяды Қан кеткен адамның өмірін сақтап қалу үшін оған басқа сау адамның қанын құяды. Бұл кезде кез келген адамның қанын құюға болмайды. Бір адамның қаны екінші адамның қанымен сәйкес келе бермейтіні тек 1900 жылы анықталған. Қан құюдың сәтсіз болуы әр адамның қанында болатын өзіне тән химиялық ерекшеліктеріне байланысты. Қан беретін адам – донор мен қанды қабылдайтын адам – реципиенттің қан топтары сәйкес келуі керек.
Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: І, ІІ, ІІІ, ІV. Қан беретін адамды – донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент ( латынша «recipiens» – қабылдаушы) дейді.
Қан тобы Мынадай топқа қан беруге болады Мынадай топтағы қанды құюға болады .
Резус-фактор (Rh – фактор) – адам мен макака-резус маймылыныңқанында (эритроциттерінде) болатынерекшенәруыз. Оны еңалғаш 1940 жылыК.Ландштейнер макака-резус (macacusrhesus) маймылының (атауосыданалынған) қанынананықтаған. Топтық жұмыс. Терминдермен жұмыс

Қан арқылы нені анықтап біледі (суреттермен жұмыс)

Сәйкестендіру жұмысы

Биологиялық диктант тапсырмалары орындалады.

 

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Аяқталуы

 

 

 

Тест арқылы сабақты қорытындылау.

5 тест тапсырмасы беріледі.

Үйге тапсырма параграф 21, синтез 3

 

Оқулық, дәптерлер.

 

Сабақтың соңы

 

 

Рефлексия

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі  бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады.

 

 

Микрафон

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *