ҰЛЫТАУ АТАЛУЫНЫҢ ӨЗІНДІК ТАРИХИ МӘНІ БАР
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлытауда сөйлеген сөзінде Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойын Жошы ханның есімін ұлықтау туралы бастамасы бүгінгі күні өз шешімдерін табуда. Алайда зертеуші ғалымдарымыз мұрағат деректерін қайта қарстыра отырып Жер-жерде, өңір-өңірлерде жиындар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, Алтын Орда тарихын сөз етіп ұлықтауды одан әрі жалғасуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұлытау жеріндегі сұқпатына назар аудырсақ: «Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар, Орталыққа келсең – қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы деген жылды жарияладық. Дүние жүзінен – Қытайдан, Ираннан қазақ тарихының жазба жәдігерлерін жинадық. Қазақтың көп дүниелері атадан балаға ауызекі түрде беріліп келген».-деген еді. Елбасының сөзі орынды Қазақ жері ұлылардың мекені ол туралы әліде көптеп тарихымыздың сан қырлы тарихы жазылары сөзсіз.
Ал енді зерттеулерге назар аударсақ, Монғол шапқыншылығы Орта Азия жеріне үлкен зардаптар әкелгендігі тарихтан белгілі. Жергілікті елді мекен халалық аймақтарға әлеуметтік-экономикалық және мәдени саяси мәдени байланыстарын үзіп, шаруашылығын күйретті. Түркі халықтарының оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы отырықшы, қала мәдениеті мен егіншілігі гүлденген аудандары тапталды. Ұлы Жібек жолы бойындағы Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент сияқты ірі орталықтар қиратылып, Жетісу бойындағы қалалар құрып кетті. Зерттеушілер монғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын екі жүз жылға кешеуілдетті деп есептейді.
Әрине, кез-келген сырттан таңылған әскери іс-қимыл басқыншылық (агрессивті) соғыс болып саналады. Оны еш сылтаумен ақтауға болмайды. Шыңғысханның батысқа жорықтары да ғылымда өзінің тиісті бағасын алған. Солай бола тұра, тарихтан белгілі мына бір жағдайларды да естен шығармағанымыз жөн. Империялар тарихына шолу мынаны дәлелдеп отыр. Қарудың күшімен құрылған мемлекет жергілікті халықтың топтасуын жеделдетіп, оның өз тәуелсіздігі үшін толассыз күрес жүргізіп, міндетті түрде, ерте ме, кеш пе өз мемлекетін құруына алып келеді. Империя саясаты осыған итермелейді. Шыңғыс хан негізін қалап, ұрпақтары жүзеге асырған Монғол империясының «Алтын Орда» тағдыры да осылай аяқталды. Соның бір көрінісі Қазақстан аумағындағы XІΥ-XΥ ғғ. құрылған феодалдық мемлекеттер «Шыңғыс хан ұрпақтарының құрған мемлекеттері», Қазақ этносының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының құрылуы болды.
Дегенменде деректерге назар аударсақ, Шыңғыс хан бөліп берген ұлыстардың ішінде Жошы ұлысына назар аударсақ. Шыңғысхан 1227 жылдың ақпанында әкесінен 6-ай бұрын қайтыс болған өзінің ұлы Жошыға Ертістің батысындағы жазықты берді. Қазіргі Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Адаж және Хорезм, Хиуа аймақтары еді. Сондықтанда Шыңғыс хан қайтыс боларының алдында бұл жерлерді Жошының балаларына қалдырды. Соның ішінде жердің үлкен бөлігін екінші ұлы Батуға берді.
Батудың көпке таныла бермейтін бауырының бірі Орда Ежен отбасының үлкені болды. Оның еншісіне Қазақстанның қазіргі жері тиді. Оның жерінің оңтүстігіне Сырдарияның оң жағалауы, Қаратау етегіндегі Сығанақ қаласынан бастап Арал теңізі жағалауларына өзен-тауларындағы жерлер берілді. Оның ішінде Амудариядан Атырауға дейін созылған сол жағалауларындағы алқабын, яғни Арал теңізінің шығыс бөлігінің барлығын да десекте болады. Ал солтүстікті аймағы Сарсу өзенінің Торғайдан бөліп жатқан Ұлытау сілемі Орда Ежен тарихы Алтын Орда, Ақ Орда атауларымен енді.
Жазба деректерде Рашид-ад-диннің жазуына қарағанда ордасы Ертіс өзеннің бойында болған. Кейбір деректерге қарағанда сарысу өзеннің бойында. Ал археологиялық зерттеулерге қарағанда, Жошы ханның күмбезі Сарысуға құяатын Қаракеңгір өзенінің бойында жерленген.
Бату хан 1241 жылғы Венгер жорығындағы көзге түскен бір бауыры – Шайбани жер бөлісі кезінде орданың солтүстігіндегі жерлерге қол жеткізді. Оңтүстік Оралдың оңтүстік шығысы мен қазіргі Торғай мен Ақтөбе облыстарының үлкен бөлігі оның жазғы лагері – Орал тауы мен Ілек Орынбурктің оңтүстігі Орал тармағы және Ырғыз өзенінің орталығына орналасты. Қыста ол Орда Ежен ұлысына жақын отырды. Кейіннен шайбаниттер өз иеліктерін Батыс Сібір иеліктерінен кеңейтіп алды.
Бату хан 1236-1240 жылы Жеңіс жорығынан кейін өз иелігіне барлық Ежелгі Қыпшақ елін барлық ежелгі Волгар аймақтарын қосып алды. Тіптен Орыс княздықтарында протекторат айтпағанның өзінде кең байтақ Дешті-Қыпшақ жеріне жасалған Түркілік Монғолдар жорығының нәтижелері кезінде және олар мен көршілес жатқан облыстармен бірігіп үлкен мемлекет құруы Шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп аталады. Бату хан 1242 жылы Венгер жорығынан келісімен Монғол империясының ішінен автономиялық мемлекет ретінде Алтын Орданың негізін қалады.
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов
1- курс студенті Е.Д.Биғалиев