Ғарыш әлемінде
Ғарыш әлемінде.
Тақырыптық ашық сабақ. №9 ересектер тобы.
Мырзағалиева Алия Баделқызы.1-ші санатты тәрбиеші.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық», «Таным», «Қатынас».
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру,математика,көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту,жапсыру.
Мақсаты:Балалардың ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.Сөздік қорларын байыту.Есте сақтау қабілеттерін,зей- індерін,көріп білу арқылы дүниетанымдарын кеңейту.Қоршаған орта құбылыстарына назар аударту негізінде математикалық ойлауын,танымдық қызығушылығын,белсенділігін қалыптастыру.Тұңғыш қазақ ғарышкерлері ту ралы мағлұматтарынкеңейту.
Көрнекіліктер:Жер шары (глобус) зымыран-сандармен құрастыру,бейне жазбалар,жапсыруға арналған құралдары.
Әдіс-тәсілдері:Әңгімелеу,сұрақ-жауап,ой қозғау,ойша ғаламға саяхат,бейне жазбаларды тамашалау.
Билингвальды компонент: Ғарышкер-космонавт,ғарыш-космос,зымыран- ракета.
Алдын ала жүргізілген жұмыстар: Ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттату, Жер және ғарыш туралы жапсырма суреттерді қиып дайындау.
Жылулық шеңбері:
Армысың шапағатты Күніміз,
Армысың мейірімді Жеріміз.
Армысың,табиғат Анамыз!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Балалар орындарына отырады.
-Балалар бүгін біз ғарыш әлемі,ғарышкерлер туралы әңгімелейміз.
-Ғарышкер-ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.Ғарыш-космос, ғарышкерді орыс тіліндекосмонавт дейді.Сендер қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
-Юрий Гагарин,Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев,Айдын Айымбетов.
-Ия ғарышқа ұшқан ең бірінші адам Ресей азаматы Юрий Гагарин.
-Ол кісі осындай 12 сәуір күні ғарышқа ұшқан екен.Содан бері бүгінгі күн -12сәуір бүкіл әлемдік Ғарышкерлер күні, деп аталып өтіледі.Одан кейін де көптеген ғарышкерлер ғарышқа ұшты.Қазақ ғарышкерлері де ғарышқа бірнеше рет ұшты.Оларды біз мақтаныш тұтамыз.Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары.Ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттаған едік қой,кім айтады?
Балалардың тақпақтары:
Аспан,аспан,арайлым, Құшақ жайған алыс төр,
Саған жиі қараймын. Тұңғыш біздің ғарышкер-
Сені көзбен шоламын, Тоқтар аға- Қаһарман,
Мен ғарышкер боламын. Елін сүйген намысты Ер.
Аспан төрін шарлаған, Жұлдыз жанар,сан ғалам
Ұлы көшті жалғаған, Бар зейінін жаулаған,
Талғат аға ғарыштан Айдын аға ғарышқа
Тебірентіп ән салған. Үшінші боп самғаған.
-Ия дұрыс айтасыңдар.Ғарышқа кез келген адам ұша алмайды.Ғарышкер болу үшін қандай болу керек деп ойлайсыңдар?
-Білімді,күшті,батыр,спортшы,ақылды,көп білетін,қорықпайтын…..
-Ғарышкерлер неге ұшады,не үшін деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптары;-Аспан әлемін зерттейді,ауа мен топырақты зерттейді,тапсырмаларды орындайды, суретке түсіреді,оны жерге хабарлап отырады.
-Балалар ғарышқа қандай көлікпен ұшатынын білесіңдер ме?
-Ия білеміз,зымыранмен.
-Үстелде сендерге арналған тапсырмалар бар.Санауды біз меңгердік.
Сандарды ретімен орналастырып қойып шығыңдар!Нәтижесінде не құрастырылды? (Зымыран-ракета)
-Енді балалар,ғарышқа ұшатын зымырандар арнайы ғарыш айлағынан ұшады екен. Ол жер ,жер кіндігі деп аталады.Ол біздің Қазақ жерінде орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағы.(Видеопроектордан көрсету.)
-Ғарышқа ұшатын ғарышкерлердің арнайы киімдері болады,оны– скафандр
дейді.Ол киім арнайы қорғаныш материалдан жасалады.Тоңдырмайды,ыстықтамайды,әр түрлі сәулелерден ғарышкерлерді қорғайды.Ғарышкерлер өздерімен бірге тамақ,суды алып кетеді.Тағамдар әртүрлі қоспалардан дайындалып,мынандай сықпа ыдыстарда болады екен.Бұл кішкентай болғанмен,қажетті дәрумендердің барлығын қосып жасалған тағам.
-Ғарыш айлағы,зымыран,ғарышкер дайын, енді ұшу жағдайын тамшалайық.
(Бейнепроектордан ұшу сәтті бақылау)
-Енді біз де,ғарышкерлермен бірге ғаламшарларға саяхат жасайық.
Сергіту ойыны:
Қане қанат жасайық,
Зымыранға ұқсайық.
Зымыран боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық.(Ойын-жаттығу)
-Балалар,біз қандай ғаламшарда тұрамыз? (Жер)
-Ия дұрыс айтасыңдар!Жердің пішіні қандай? (Глобусты көрсету)
-Мынау-Күн.Күн жүйесін айнала көптеген ғаламшарлар қоршап тұр.
(Күнді көрсету)
-Жер үнемі айналып тұрады.Күн жаққа айналып келгенде бізде таң атып,күн шығады.Ай жақ бетіне келгенде қараңғылық болып,түн болады.Аспан әлемі бізге көрінбейді,оны қарап тексеретін құрылғыны, «телескоп» деп атайды.
-Балалар,Жер мен Айдың сендерге тапсырмасы бар екен,мына суретке қарап
дыбыстық талдау жасау керек. Жер,Ай,Күн сөздеріне дыбыстық талдау жасау.(Тақтаға орындайды)
-Саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.Ғарыш әлемінде басқа да ғаламшарлар бар.олар Күн жүйесін айнала қоршап тұр.Мынау Сатурн,сыр-
тында сақинасы бар.Мынау Марс,түсі қызыл,Меркурий,Шолпан,Юпитер, Уран,Нептун,Плутон деген ғаламшарлар бар.
-Енді осы ғаламшарлардың сендерге арнаған тапсырмалары бар екен.
1.Меркурий- 1-ден 10-ға дейін тура,және кері сана.
2.Шолпан- Мысалдарды шығар:2+2,3+2,4+2,5-2,3-2,6-3,5+2,6+2.
3.Марс: Жыл мезгілдерін ата?
- Юпитер: Жылы түстерді ата.
5.Сатурн. Аспанда қанша жұлдыз бар?
6.Уран: Табиғатты қалай қорғаймыз?
7.Нептун:Қазақ ғарышкерлерін ата?
8.Плутон: Жаңылтпашты қайтала:
Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер,
Айтшы ғарыш алыс па?
-Жарайсыңдар балалар,
-Біз ғарыштан көптеген мағлұматтар білдік,енді демалу жаттығуын көріп, ойымызды,көзімізді сергітейік.(Бейнепроектордан жаттығу қарау)
-Енді ғарыш әлемінен Жерге қонайық.
Қане қанат жасайық,
Зымыранға ұқсайық.
Зымыран боп ұшайық,
Жерге келіп қонайық!
-Балалар,бүгін біз қайда саяхатқа бардық?
-Тұңғыш ғарышқа ұшқан кім екен?
-Біз қай ғаламшарда тұрамыз?
-Біз өз ғаламшарымызды қалай сақтауымыз керек?
(Балалардың жауаптары)
Күтілетін нәтиже:
Білу керек; Ғарыш әлемін.
Қазақстандық ғарышкерлерді біледі.
Игеру керек;
Ғарыш әлеміне байланысты жаңа сөздерді игереді.
Үйрену керек: Топтық жұмыспен аспан және жердікомпозиция құрастырып,жапсыруды үйренеді.