Қазақ тарихының Абызы өмірден өтті.

Қазақ тарихының Абызы өмірден өтті.

  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті, Тарих, археология және этнология факультетінің студенттері, яғни тарихшылары факультет қабығасында  жүріп, өзінің нар тұлғасымен, болмысымен көзге түсетін, екі ғасырды көрген шешіре-тарихшысы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің белгілі профессоры, тарих ғылымдарының докторы, екі майданда ерлік көрсеткен, тарихтың абызы  Уахит Хамзинұлы Шалекеновты нанымайтыны кемде-кем. Атамыз  97 жасқа қараған шағында өмірден озды.  Уахит Хамзинұлы  Шалекеновтың Қазақ тарихында алатын орын ерекше ірі тұлға деп айтсақ артық емес. Кез-келген факультет оқытушылары ол кісіден дәріс тыңдап, білім алғанын мақтан тұтып отыратын. Жалпы У.Х. Шалекеновтың өмір жолының өзі тарих деп айтуымызға болады. У.Х. Шәлекенов 1924 жылы мамыр айында Астрахан облысында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1930-жылдары отбасы Қарақалпақстанға қоныс аударып,   У.Х. Шалекенов осы жерде  орта мектепті аяқтап, сол жылы  кіші лейтенант шеніндегі алты айлық курсты бітіріп, майданға аттанды. Уахит Шалекенов 1943 жылы взвод командирі атанды.  Дергачи, Новый Оскол, Старый Оскол, Харьков қалаларын жаудан азат ету шайқастарына араласады.

   Соғыстан кейін Уахит Шалекенов Нөкіс мемлекеттік университетінің тарих факультетін қызыл дипломмен бітірді. Одан соң 1950 жылы КСРО атындағы Этнография институтының аспиарантурасына қабылданып, 1953 жылы Мәскеуде “этнография” мамандығы бойынша кандидаттық  диссертациясын қорғап, Қарақалпақстанның, Өзбекстанның, Қазақстанның жоғары оқу орындарында көп жылдық ғылыми-педагогикалық қызмет атқарды.

У. Шалекенов 1967 жылы “Амударияның төменгі ағысындағы қазақтар” атты докторлық диссертация қорғап шықты.  Оның Орталық Азия халықтарының тарихын алғашқылардың бірі болып ізденіп жатқандығын Ә. Марғұлан мен Ю.Гулямов жоғары бағалады. Уахит Шалекенов Хорезм кешенді археологиялық-этнологиялық экспедициясына бірнеше рет қатысты.

   У.Х. Шалекенов Н.Н.Миклухо-Маклайдың “Кеңес Одағы халықтарының этнографиялық атласын” құру және басып шығару жөніндегі өзекті мәселеде Қарақалпақстанға және Қазақстанның оңтүстігіне арналған негізгі бөлімдерді жазып,  1970 жылы  Шымкент  педагогикалық институтына оқуға түсті.  Профессор  ретінде кафедраны басқарып, дәрістер оқып, студент жастарға білім берді.  Бүгінгі таңда ҚазҰУ-нің мақтанышына айналған У.Х. Шалекенов археология және этнология кафедрасының ашылуына үлес қосумен бірге  кафедраны басқарып, оның жұмысын алға жылжытса, кейін тарих факультетінің деканы атанып, көптеген ұйымдастырушылық, ғылыми-педагогикалық жұмыстар жүргізді.  Ең бастысы, ол өзінің сүйікті кәсібімен – археологиялық қазбалармен айналысты. Болса да республикамыздың түкпір түкпірінен келген жас түлектерге сабақ беріп, жоғарғы сапалы мамандардың қалыптасуына ықпал еті. Сол себепті де Уахит Хамзинұлы Шәлекенов сынды екі ғасыр куәгері, тарихымыздың Абызы біздің, жастардың жүрегінен, шәкірттерінің жүрегінен үлкен орын алады және мәңгі есімізде сақталады деп санаймыз.    

 

 

 

 

Қуанышқызы Дана, Маратова Алия, Рыскелді Айым, Узбехан Алуа.

Ғылыми жетекші: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

қауымдастырлған процессоры, т.ғ.к. Абикенова Г.Е.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *