Асыл Тлеукеовна Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекет

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекет

Тақырыбы: Ұлы дала елінің ұлттық ойындары (эстафеталық сайыс)

Ұранымыз: «Ұлы елдің әлем сүйген ұланымыз

Сол елге лайық болу – ұранымыз»

Мақсаты:

1.Білімділік: ұлттық ойындар тарихын жандандыру,ұлттық ойындар туралы білу.

2.Тәрбиелік:ұлттық құндылықтарын қадірлеу,патриоттық сезім қалыптастыру. Өз Отанын сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:ұлттық ойындар тарихын зерттеу,ойналу жолдарын білу.

Көрнекті құралдар:
Өтетін орны: Спорт зал.

Жарысқа қатысушыларды құттықтау.

Жүргізуші:

Құрметті жарысқа қатысушылар! «Ұлы дала елінің ұлттық ойындары»атты ұлттық ойындар эстафетасына қош келдіңіздер!

Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен.

 

Барысы:
1. Ұйымдастыру:
– топтарға бөлу
– топ басшысын сайлау
2. Негізгі бөлім.
«Ұлы дала елінің ұлттық ойындары» тақырыбында сайыс өткізілгелі отырмыз.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына 8-ші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен – ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой, ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», – деп тегін айтпаса керек.
Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
Қазақтың ұлттық ойындары: Бес тас, Алтыбақан, Тоғызқұмалақ, Теңге алу, Қыз қуу, Аударыспақ, Жамбы ату, Асық ойнау, Қол күрес, Ақсүйек т.б.спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.
Бүгінгі өткізілгелі отырған сайысымыздың турларымен таныс болыңыздар.
1. Таныстыру (әр топ өздерінің атымен және топ мүшелерін
таныстыру)
2. Жамбы ату.
3. Аударыспақ
4. Ұшты-ұшты
5. Теңге алу
6. Асық ойыны
7. Білектесу (қол күрес)
8. Мыршым-мыршым
Манашыұлы Тұяқпай жырында:
Балалармен ойнайды
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды» – деп түйіндейді.
Сайысқа қатысқалы отырған 4 топты ортаға шақырамыз.Бүгінгі өткелі отырған сайысымызды әділ бағалау үшін әділ қазы: /                                                            /
1. «Тұлпар» тобы (өздерін таныстырады)
2. «Қыран тобы» (өздерін таныстырады)

  1. «Жұлдыз» тобы (өздерін таныстырады)
    4. «Қыздарики» тобы (өздерін таныстырады)
    Сайысымыздың 2- ші туры «Жамбы ату»
    Бұл сайыс мергендер сайысы. Үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Жамбыны атып түсірген адам жүлдеге ие болады.Үлкен тойларда жаяу немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру.Ойыншы садақ жебесін нысанаға әрі тез дәл тигізу керек.Біздің ойыншыларымыз ілулі тұрған теңгені көздеп атады.Жебесі дәл тиген жағдайда ұпайға ие болады.
    Жүргізуші: Келесі турымыз«Аударыспақ» деп аталады. Өте көне дәуірден келе жатқан қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. «Аударыспақ» ол –қазақ халқының арасында кеңінен тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады.
    Екі топтан 4 оқушы шығып осы аударыспақ ойынын көрсетеді. Қай топ жеңсе сол топқа ұпай қосылады.
    Жүргізуші:Сайысымыздың келесі 4-туры «Ұшты-ұшты» ойыны. Бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ал біздің ойыншыларымыз жаңылыспай ұшатын ғана затқа қол көтерген жағдайда ұпайға ие болады.
    1-топқа Ұшты-ұшты – тарғақ ұшты
    Ұшты-ұшты – жарғақ ұшты
    Ұшты-ұшты – үкі ұшты
    Ұшты-ұшты – түлкі ұшты
    2- топқа.Ұшты-ұшты –бүйрек ұшты
    Ұшты-ұшты –үйрек ұшты
    Ұшты-ұшты – кекілік ұшты
    Ұшты-ұшты – кекілің ұшты
    3-топқа. Ұшты-ұшты – іркіт ұшты
    Ұшты-ұшты – бүркіт ұшты
    Ұшты-ұшты – ебелек ұшты
    Ұшты-ұшты – көбелек ұшты
    4-топқа. Ұшты-ұшты – қызғыш ұшты
    Ұшты-ұшты – сызғыш ұшты
    Ұшты-ұшты – тырна ұшты
    Ұшты-ұшты – тырма ұшты
    Ойынымыздың келесі туры «Теңге алу», «теңге ілу»
    Ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарымыздың бірі – «Теңге ілу».Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі.Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үшін үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді.Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Сондай кішірек затты ат үстінен еңкейіп көтеріп әкететін адам жеңімпаз атанады.
    Енді біздің сайыскерлеріміз шеңбер ішінде тұрған теңгені бір оқушы, бір оқушыны арқалау арқылы тез жүгіріп барып, шапшаңдықпен ептілікпен алулары керек. Екі топтан оқушы ортаға шығады.

«Теңге алу»  жүргізуші ортаға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды. Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50-70 см таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай, теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері бөтелкенің аузында тұған ақшаның мөлшерінен кем болмауы керек. Келесі адам шыққанда да сөйтеді. Ойындар арасында би биленеді, күй тартылады, ән айтылады. Үздік өнер көрсеткендер сый-сыяпат алады. Тойдың қызықты өтуіне үлкен демей, кіші демей барлық қонақ ат салысады.
Жүргізуші:Сайысымыздың келесі 6-туры «Асық ойыны». Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына , шаруашылық мүмкіндіктеріне байланысты қалыптасады.Асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арғыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке , ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.Бұл ойынның шарты бір топ бала, жиналып келіп, тегіс жерге төрт бұрышты сызық сызады.Сол төрт бұрышты ортасынан тең екіге бөледі. 1х1, 5м. Мөлшерде. Асық ататын орын белгілейді.
Ойыншы асықты дәл тигізіп сызықтан шығарса, оны алады да, сақа түскен жерден қайта атады. Егер оның сақасы асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады.
Ал енді сайыскерлерімізбен асық ату ойынын бастаймыз. Оқушыларымызға ойынның шарты түсінікті болды. Әр топ қанша асық атып алса, сонша ұпайға ие болады.
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Білектесу» деп аталады. Бұл ойын күш сынасу үшін ойналады. Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды.Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойын бастаушы белгі берісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.
Ойынды әрі қарай жалғастыру үшін төрт топты ортаға шақырайық.Екі топтан бір-бір ойыншыдан шығып күш сынасады. Барлық ойыншы түгел қатысады.
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы туры «Мыршым-мыршым».
«мыршым-мыршым» ойыны өте ертеден қалыптасып келе жатқан, көбінесе ойын-сауық кештерде ойналатын ойын.Ойыншылар қаншалықты көп болса, ойын соншалықты қызықты болады. Ойынға қатысушылардың жас мөлшеріне қарамай қатыса беруге болады. Ойын жүргізуші ойыншыларды жайғасып отырғаннан кейін бір ойыншыны шығарады.Отырған ойыншылардың біреуінің аузына тиын салынады. Қалған ойыншылардың ауыздарында еш нәрсе жоқ.Ойын жүргізуші айтқан Мырым-мырым деген сөзді қайталайды. Ойыншының аузында тиын бар екенін табу керек. Бұл ойынның негізгі мақсаты оқушыларды байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Оқушыларымыз осы ойынды ойнау үшін ортаға 1-ші топты шақырамыз.Біздің ойыншыларымыз ауыздарына 2 түйір конфет салып алып мырым-мырым деп айтып отырады.Келесі топтан бір оқушы шығып қай оқушының аузында конфет бар екенін табуы керек. Тауып алса ұпай алады. топ кезекпен ойынға шығады
Осы өткізіліп отырған сайысымыздың бағасын беру үшін әділқазы алқасына сөз береміз.
Мәңгі толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы
Бүгінгі өткізіп отырған «Қазақтың ұлттық ойындары – халқымыздың мәдени асыл мұрасы» атты сайысымызды аяқтаймыз

Ән: «Көк тудың желбірегені»

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *