Менің қанатты достарым
Мотивациялық
қозғаушы
Ұйымдастырылуы:Қош келіпсіз құрметті қонақтар!
Жүздеріңізден мейірім нұр тамар.
Алдыңызда жауқазындай құлпырған
Біз бақытты балғын шақты балалар!
Тәрбиеші балаларға бір шумақ өлең оқиды: «Ақ қыс». Оспанов.
Аппақ қыстың бояуы
Аппақ қыстың бораны.
Ақ көрпеге орайды.
Ақ қар байтақ даланы,
Балалар мына өлең шумағында қай жыл мезгілі туралы айтылған.
-Қыс мезгілі туралы айтылған б. ж.
-Қысқы мезгілінде далаға шыққанда нені көресіңіздер? дұрыс айтасыңыздар! Қыстағы адамдар мен жан-жануарлардың тіршілігі қандай екен.
– қыста адамдар өте жылы киінеді,
– аязда тоңбайтындай етіп, құнарлы және ыстық тағамдар ішеді.
– Жабайы жануарлар орманда құс аң аулап қоректенеді.
– Қыстап қалған құстар тағам қалдықтары мен қармен қоректенеді
– жарайсыңыздар.
– Ендеше бүгінгі тақырымыз ерекше және қызықты болмақ.
/Балалар жауабы/
Іздену
Ұйымдастыру
шы – «Менің қанатты достарым»
Бәріміз теледидарға назар аударайық.
(Балалар құстарға жеке тоқталып айтып өтеді.)
Жұмбақтар шешу.
Ормандағы ағаштарды тұмсығымен шегеледі.
Бұл қай құс? – тоқылдақ.
Балалар, тоқылдақ, торғай, шағала, бүркіт, қарға, сауысқан, қарылғаш, тырна, тауық пен әтеш, көгершін, кептерге байланысты сөздер мен тақпақтар айтады.
Торғай туралы тақпақ.
Торғай, торғай торғайсың
Жақын келіп қонғайсың
Жем шашайын тойып ал
Сонда аязға тоңбайсың
Торғай қыстап қалатын құс.
Шаңқ –шаңқ етіп шағала,
Шабақ ілер жағаға.
Қыстап қалатын құс.
Әтеш әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
Тырау, тырау, тырналар,
Тамаша әнін тыңдап ал.
Қарға, қарға қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса бүрісіп,
Көзден жасы сорғалар.
Қарға қыстап қалатын құс. Бұлардың барлығы қанатты. Балалар көптеген құстардың түрлерімен біздер таныстық білесіздерме, алыс жақтарда да мұзды мұқитта балықпен қоректенетін құстар да бар.Ендеше, құстардың дыбысын мұқият тыңдап ажыратып көрейік.
Д/О: «Ненің дыбысы»
(видео)пингвин
Ғажайып сәт (жұмыртқадан балапан пингвин шығады)
Қонаққа пингвин келеді.
Пингвин өзі туралы таныстырады.
Сергіту сәті: /Пингвин қимылдарын бірігіп орындау/
Мен сендермен бірге серігіп жақсы әсер алдым енді алыстағы достарыма барайын. Сау болыңыздар./б.ж./
Қанатты қатар сөздер жиынтығы.
Маңғыстау құстарына арналған.
Аққу- құстың төресі,
Аққу- құстың кемесі.
Қарға, қарға қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Шаңқ –шаңқ етіп шағала,
Шабақ ілер жағаға.
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Д/о: «Бұл қандай құс?»
Теледидардан балалар сұрақ қояды.
1 бала:Ол өте әдемі мойны ұзын теңізде мекендейтін құс.
Бұл қандай құс?
Аққу- құстың төресі,
Аққу- құстың кемесі.
Теңізде мекендейтін құс.
2 бала:Көктемде ұшып келеді,ұя салады.Оның құйрығы айыр.
Бұл қандай құс?
3 бала: Бұл қустың екі түрі бар.Біреуі дала құсы,екіншісі үй құсы.
Бейбітшілік достықтың құсы.
Бұл қандай құс?
Балалар қызыға көреді.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Жауабы: Аққу
Жауабы: Қарлығаш.
Рефлексті коорекциялау
шы Ақбозатпен аң құс аулап жүрген аңщы келеді.
Балалармен амандасып, көрген құстардың аттарын үш тілде сұрайды.
Қорытынды: Шағала, қарлығаш,, әтеш, пингвин суреттерімен қорытындылап, мадақтау.Құс аулап жүрген аңшы балаларға ат тағасын сыйға беріп, мықты болуды айтып,тұлпарым әнімен балалардың көңілін көтеріп, шығып кетеді.
Ал қазақтың ұландары,
Болғайсың дала қырандары.
Аң құсына қорған болған,
Емес пе еді ұландарың-деп оқу іс-әрекетті аяқтаймыз
Жауабы: Көгершін.
Балалар «Біз бақытты баламыз»
әнін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:құстарды тани білді. Құс аттарын дұрыс айтуды
Игеруі: Құстар туралы білгендерін жүйелі айтып, қыстап қалатын құстар туралы;
Меңгерді: Табиғаттың сыйын аялауға, құстарға қамқорлық жасауды;