Жайдарлы күз

Жанаөзен қаласы МКҚК №4 «Самал» бөбекжай бақшасы
Тәрбиеші: Дүйсенбаева Г.
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Жайдарлы күз»
Мақсаты:
Білім беру –күз туралы түсінігін кеңейтіп, бұл жыл мезгілінің ерекшелігін ажырата білуге үйрету.
Дамыту – берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге дағдыландыру арқылыбалалардың сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелеу- Табиғатты аялауға, әсемдікті сезінуге, үлкендердің еңбектеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап, сергіту сәті, мадақтау, қорытынды.
Көрнекі құралдар: күзгі суреттер, Әліппе- дәптер, қара карандаш.
Билингвальды ком: күз-осень, жеміс-фрукты.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялы қозғаушы

Шаттық шеңбері.
Қайырлы таң, балалар!
Балалар шаттық шеңберге тұрып бір біріне жақсы көңіл күй сыйлайды.

-Балалар, сендер таңартең оянғанда,терезеден нені көресіңдер?
-Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?
Балалар шеңбер құрып, төмендегі өлең жолдарын айтады:
Арайлап таң атты,
Алтын сауле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түсті даламыз.

Күнді, күннің жарқыраған сәулесін көреміз.
Алақай деп шапалақтайды.

Іздену- ұйымдастыру
шы

Әңгімелесу. Өткен тақырыпты еске түсіру, әңгімелету.
Жыл мезгілін туралы сұрау, еркін әңгімелету.
Теледидардан балаларға күз суреттерін көрсету.

Ғажайып сәт:Музыка әуенімен « Алтын күз» келеді. Балалармен амандасады
-«Алтын Күз» өлеңін айтады.

Балалардың тақпақтарын тыңдау.
-Бізде жемістерде бар тақпақ айтатын

Ойын жүргізу
«Жемістер мен көкөністер» ажырат.

Бой сергіту жаттығуын орындаймыз.
Жаңбыр кеп жауады
Жардан су ағады
Тамшылар тамады
Терезе қағады
Тырс-тырс-тырс-тырс
Дәптермен жұмыс
Әліппе дәптердегі берілген тапсырмаларды орындауға ұсыну.
Балалардың жұмыс барысын толық қадағалау.

Ғажайып сәт: Есік соғылады да, Күлдірген кіреді.
«Алтын Күз» бен және балалармен амандасады.
Ойын жүргізу
Д\о: «Дәмініне қарай ажырат»
Балалардың жауаптары: өздерінің ойын ашық айтады.

Балалар жумбақ шешеді.
(алма, алмұрт, өрік)

Бой сергіту жаттығуын балалар
орындайды.

Берілген тапсырма бойынша
жұмыстанды

Балалар жемістердің дәмін тату арқылы ажыратады.

Өз ойларын толық айта білді.

Рефлексиялық- түзетушілік Қорытындылау: балалардың бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.
Сабаққа қатысқан барлық балаларды мадақтау.
-Күз мезгілін неліктен «Алтын Күз» деп айтамыз?-
-Неліктен құстар жылы жаққа ұшып кетеді?
-Балалар жауаптары.

Күтілетін нәтиже:
Біледі:Жыл мезгілдерін және күз ерекшеліктерін
Игереді:Көкіністер мен жемістердің арасын ажыратып
Меңгереді:Берілген тапсырманы дұрыс орындауды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *