Жол ережесін білейік
Жанаөзен қаласы МКҚК №4 «Самал» бөбекжай бақшасы
Тәрбиеші: Нуримова С.
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Жолда жүре білейік»
Мақсаты:
Балаларды ең алдымен жол ережелерімен таныстыру.Бағдаршам арқылы үш түрлі
түсті ажыратып, жолға шыққанда өздерін қалай ұстау керектігін психологиялық
жағынан дайындау. Балаларды сақтыққа, жол ережелерін орындауға тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап, сергіту сәті, мадақтау, қорытынды.
Көрнекі құралдар: бағдаршам суреті,жол белгілері, жұмыс дәптер, қара карандаш.
Билингвальды ком: бағдаршам-светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі, тыйым салынатын белгілер-запрещающие знаки.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялы қозғаушы
Шаттық шеңбері.
Қайырлы таң, балалар!
Балалар шаттық шеңберге тұрып бір біріне жақсы көңіл күй сыйлайды.
-Балалар, сендер таңартең оянғанда,терезеден нені көресіңдер?
-Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?
Балалар шеңбер құрып, төмендегі өлең жолдарын айтады:
Арайлап таң атты,
Алтын сауле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түсті даламыз.
Күнді, күннің жарқыраған сәулесін көреміз.
Алақай деп шапалақтайды.
Іздену- ұйымдастыру
шы
Бүгінгі қоршаған орта оқу қызметімізде «Жолда жүре білейік тақырыбы атты, Жол ережелерімен танысамыз.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қай мезгіл болсада біз жол ережесін білуіміз керек.
-Балалар мына тақтаға қарайықшы,тақтада ненің
суреті ілініп тұр?
-Бағдаршам не үшін қажет?
-Ол неше түстен тұрады?
-Пішіндері қандай?
-Мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Жұмбақ:
Бұйырмапты бас та,
Ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та,
Бұл не екен балалар?
-Балалар, бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның тілін алу баршамызға керек.
Біздің қаламызда, елімізде,үлкен қалалар мен ауылдарда ортақ көше қатынас ережелері енгізілген. Яғни, бұл ережелерге барлық үлкен адамдар, оқушылар,көлік жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
-Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда өтуге бола ма?
-Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жолдан өтуге бола ма?
-Сары түсі ше?
Ғажайып сәт:
Топқа бағдаршам кіреді.
-Балалар, мен жолдың ең басты белгісімін.Мен жол қозғалысын реттеушімін.Жүргізушілер мен
жол жүргіншілер менің белгілеріме көңіл аудару керек.
-Егер қызыл жанғанымда-қозғалысты тоқтату керек.
-Сары белгім жанғанымда-қозғалысқа дайындал.
-Жасыл белгім жанғанда- батыл өте бер.
Д/ойын: «Бағдаршам»
Ойын шарты:Барлық бала дөңгелене тұрады.Қызыл түсті көтергенде, бір адым артқа,
Сары түсті көтергенде орнында тапжылмай тұрады.Жасыл түсті көтергенде,бір адым алға жылжу керек.
-Балалар, біз көшеге шыққанымызда неге мән беруіміз керек?
-Қандай жол белгілерін білесіңдер?
-Бағдаршам жоқ жерде өтуге бола ма?
-Көлік жүретін жерден жалғыз өтуге бола ма?
-Жолдың бойында доп ойнауға бола ма?
Билингвальды компонент:
Бағдаршам-светофор,жаяу жүргіншілер өтпесі-пешеходный переход, тыйым салынатын белгілер-запрещающие знаки.
Сергіту сәті:
Бұзба көше тәртібін
Ұрынарсын апатқа
Қызықты өтсін әр күнің
Жақын болма шатаққа.
Тақпақтар:
1-бала:Күндіз түні жанамын
Дабыл беріп бәріне
Үш түрлі түсім бар
Белгілі жас пен кәріге.
2-бала: Қарашы күшін керемет
Көше тәртібін сақтап тұр
Сілтеп еді оң қолын
Дәу машина тоқтап тұр.
3-бала: Сақтық ойлар әрдайым
Кеудесінде жаны бар
Жүргінші мен жүргізушінің
Өзіне тән заңы бар.
4-бала:Айналайын, абайла
Жан-жағыңды қарайла
Жолда жүру ережесін
Есте сақта қалайда.
Ал енді балалар үш топқа бөлініп, жұмыс жасаймыз. «Бағдаршам»
1-топ: Құрастырумен.
3-топ: Жапсырумен.
4-топ: Қол еңбегімен.
Жұмбақтар:
1. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр»-дейді.(Бағдаршам)
2. Арқаным бар тым ұзын
Ала-алмайсың бір үзім
Табыңдаршы балалар
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
-Қыс мезгілі.
– үш ай- желтоқсан,қаңтар,ақпан
Бағдаршамның.
Үш түстен тұрады.
(Қызыл, жасыл,сары.)
Домалақ.
Бағдаршам.
-Болмайды.
-Ия.
-Болмайды.
-Жол белгілеріне.
Болмайды.
Болмайды.
Балалар қайталайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Балалар тақпақтарын айтады.
Балалар берілген жұмыстарын орындайды.
Балалар жұмбақтың шешуін айтады.
Рефлексиялық- түзетушілік Қорытындылау:
-Бағдаршам дегеніміз не?
-Бағдаршамның неше көзі бар? -Бағдаршам автомат жүйесіне
қосылған үш көзді аспап.Жол қозғалысын реттейді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қалыптасқан түсініктерін,қағаз бен желім,құрастыру ойыншығымен,
табиғи материалдарымен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін.
Игереді: бағдаршам-светофор, қызыл-красный,сары-желтый,зеленый-жасыл екенін.
Меңгереді: жол ережесін сақтап жүруді және бағдаршам қызметін біледі.