Ертегі елінде. “Ш дыбысы мен әрпі
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: “Қатынас”
Ұйымдастырылған оқу қызметі: “Сауат ашу”
Тақырыбы: Ертегі елінде. “Ш дыбысы мен әрпі”
Мақсаты: Ш дыбысы мен әріп таңбасымен танысады. Ш дыбысына мысалдар келтіргізу арқылы сөздік қорларын толықтырады, байланыстыра сөйлейді.
Әдіс тәсілдер: Көрсету,түсіндіру, сұрақ -жауап, ойын.
Сөздік жұмыс: Ш дыбысы кездесетін сөздер.
Көрнекіліктер: Ш әрпінің баспа түрлері, суреттер, текшелер, сауат ашу әліппе дәптері.
Іс -әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардің іс- әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы Шаттық шеңбері
Сен бақытты баласын
Анаң күнің жүрегің
Әкең өмір тірегің
Сен бақытты баласын
Бәрі саған қуансын
Әжең асыл ардағың
Атаң дана қорғаның
Сен бақытты баласын
Бәрі саған қуансын
Қайырлы таң балалар!
Балалар, бір -бірімізге, әке -анамызға, ата әжемізге үнемі қайырымды, мейірімді болуымыз керек. Үлкенді құрметтеу керек. Бүгінгі күніміз сәтті болсын.
Ұқыпты -ұтар
Іздеген -табар
Оқыған -озар
Еріншек -тозар деген6 Абай атамыз. Олай болса, бүгінгі оқу қызметінде еріншектікке жол бермей, ұқыпты, іздеімпаз, оқымысты бала болуымыз керек.
Балалар шеңберге тұрады, бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастыру
шылық ізденушілік Балалар “Бауырсақ” ертегісін білесіндер ме? Еске түсірейік. Ал бүгін біз бауырсақ туралы басқаша ертегі құрастырамыз.
Ерте , ерте , ертеде атамен әже болыпты. Әже бауырсақ пісіріп қайда қойыпты? Бауырсақ терезеден секіріп түсіп балабақшаға қашып кетіпті. Келе жатса алдынан не шығады?
Қоян : Бауырсақ сен қайда барасын? -деп сұрапты.
Мен балабақшаға барамын, жүр менімен,- дейді.
Мен бармаймын, мен ойын ойнаймын,- деп жауап беріпті қоян.
Сонда бауырсақ қоянға сұрақтар қояды. Қоян сұрақтарға жауап бере алмай қиналып түр, оған көмектесейік.
1.Әріп дегеніміз не?
2.Әріпті не істейміз?
3.Қандай дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз?
4.Қандай дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз?
Жарайсындар балалар, бауырсақтың сұрақтарына жауап бердік. Қоян енді бала бақшаға баратын болды. Бауырсақ келе жатса алдынан не шығады? Қасқыр не деп сұрайды?
Мен бала бақшаға барамын, жүр менімен дейді қасқыр. Ал қасқыр не деп жауап береді?
Сонда бауырсақ қасқырға сұрақтар қояды:
Дидиктикалық ойын “Адасқан әріптер”
Қасқыр адасқан әріптерді өз орнына қоя алмай қиналып түр, оған көмектесейік.
Қасқыр сендерге риза , олда енді балабақшаға барады. Ертегімізді жалғастырамыз. Бауырсақ келе жатса алдынан не шығады? Аю не деп сұрады?
Бауырсақ не деп жауап берді? Аю:
Мен бармаймын, мен ойын ойнаймын дейді. Бауырсақ аюға жұмбақ жасырады. Аю жұмбақ шешімін таба алмай қиналып түр, оған көмектесейік.
Жұмбақ:
Тікен, тікен, тік пісте
Қысы жазы бір түсте.
Ол не?
Шырша сөзі қандай дыбыстан басталады?
“Ш” дыбысы қандай айтылып тұр? Кедергімен бе ,әлде кедергісіз бе? Дұрыс дыбыс кедергіге ұшырап тұр.
Ерніміз дөңгеленеді, тістеріміз бір -біріне жақындатамыз, тілімізді жоғары қарай көтереміз, бірақ таңдайға тірелмейді, дауыс шымылдығы дірілдемейді, іштен келген ауа ағысы жылы болып шығады.
өте жақсы “Ш” дыбысы қандай дыбыс екен? Қандай текшемен белгілейміз?
Шырша сөзін буынға бөлейікші. Неше буынға болынды. Неліктен екі буынға болынды? Сөздік талдау жасату.
Аю риза сендерге, енді олда балабақшаға баратын болды. Бауырсақ әрі қарай домалап бара жатса алдынан не шығады? Түлкі не деп сұрайды? Бауырсақ не деп жауап береді? Түлкі бауырсақпен бірге балабақшаға барама? Сонда бауырсақ түлкіге де тапсырма береді. Тапсырманы түлкі орындай алмай қиналып түр. Түлкіге көмектесейік.
Дидактикалық ойын “Қай дыбыстан басталады?” сурет бейнеленген заттар қандай дыбыстан басталып тұрғанын табамыз. Сөздерді буындарға боледі.
Дұрыс балалар “Ш” дыбысы сөздің басында, ортасында аяғында кездеседі: Шана, шағала, шырша, алша, ағаш.
Түлкі сендерге риза, енді олда балабақшаға баратын болды. Бауырсақ өз достарымен балабақшаға жетіп келді.
Тіл ұстарту жаттығуы:
ША -ША -ША
БІЗ ТЕБЕМІЗ ШАНА
Барлық баламен “Ш” дыбысына жаңылтпаш айтады. ( сыбырлап, орта дауыспен, қатты дауыспен)
Шаңк -шаңк етіп шағала
Шабақ ілер жағада.
Тыныштық сәті: баяу музыка әуенімен көзмізді жұмып, орманды елестетеміз. Орманда аңдар жүр. Орман іші жап жасыл, таза ауа, сайраған құстар үні, сылдырлап аққан судың сыбыры құлаққа жағымды естіледі. Көзімізді ашайіқ. Қалай ұнадыма?
Дидактикалық ойын: “Ертегі кейіпкерлерінің қимыл әрекетін, дауысын сал” (түлкі, қоян, қасқыр, аю, бауырсақ)
Ал енді әліппе дәптерімізді ашып “ Ш” әріп таңбасын жазып үйренеміз. “Ш” әріпі неге ұқсайды?
Қаламды дұрыс ұстап, жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастырып жаздырту. Балалардың жауабы:
Ия білеміз.
Терезеге қояды.
Қоян шығады.
Қызыға тыңдайды.
Әріп дегеніміз дыбыстың таңбасы. Әріптерді көреміз.
Қасқыр шығады.
Сен қайда барасын? деп сұрайды.
Мен бармаймын, мен ойын ойнаймын дейді.
Аю шығады.
Сен қайда барасын? деп сұрайды. Мен балабақшаға барамын жүр менімен дейді бауырсақ.
Шырша .
Ш дыбысынан басталады.
Дыбыс кедергіге ұшырап тұр. Дауыссыз дыбыс. көк текшемен белгілейміз.
Шыр- ша екі буынға болінеді. Өйткені сөзде екі дауысты дыбыс бар .
Алдынан түлкі шығады.
Рефлексивті түзету Қорытынды:
Балалар бүгін біз қандай дыбыспен,әріп таңбасымен таныстық?“Ш” дыбысы неге ұқсайды?
Айырға аздап ұқсайды,
Сабы жоқ бірақ ұстайтын
Тарақты еске салатын
Кайсы әріп кім бар табатын?
Жарайсындар балалар. “Ш” дыбысы қандай дыбыс? Қандай текшемен белгілейміз?
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз.
Бүгінгі откен сабақты
Есте сақтап қаламыз. Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: дыбыс, әріп дегеніміз не екенін.
Игереді: “Ш” әріп таңбасы мен дыбысымен танысады
Меңгереді: “Ш” әріп таңбасын жазуды.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718