“Алдыңғы-кейінгі”
Тақырыбы: Реттік санау.
Қатарға тұрамыз. Алдыңғы және кейінгі.
Мақсаты: Өткен тақырыпты пысықтау, зейінін аудару, үйрету.
Жаңа тақырыпты түсіндіру, алдыңғы және кейінгі ұғымдарын таныстыру, меңгерту. Сандардың орналасу реттілігін түсіндіру. Ойын арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: Дамыта оқыту, шығармашылық дарындылығын дамыту.
Көрнекілігі: Интеративтік тақта, суреттер, асықтар, дәптер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері: Ашық менің жүрегім,
Ылғи күліп жүремін.
Бірге ойнап, бір күлген,
Достарым көп білемін.
1.Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
2.Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшеліктерін ата.
(Балаларды орындарына отырғызу)
-Балалар біз өткен оқу қызметте қандай ұғыммен таныстық?
-Артық, кем, тең.
Слайд арқылы балаларға өткен тақырып туралы суреттер көрсетіледі.
Вазадағы алмаларды салыстыру. Қайсысы артық, қайсысы кем?
Ер балалармен қыз балалардың суреттері көрсетіледі. Салыстырады.
Жаңа тақырып: Алдыңғы және кейінгі.
Балаларға слайд көрсетіледі. Жаңа тақырып бойынша отбасылық суреттер.
-Балалар мына суретте отбасының суреттері бейнеленген.
-Атасының алдында кім отыр?
-Әжесінің алдында кім отыр?
-Атасы мен әжесінің артында кімдер тұр?
-Ал мына суретте вагондар. Вагонның алдыңғы қатарында кім отыр?
-Ортадағы қатарда кім отыр?
(Суреттерді көрсете отырып, адамдардың қай жерде отырғандығын көрсетіп, алдыңғы және кейінгі ұғымдарды түсіндіреді)
Балалардың қай қатарда отырғандығын сұрау. Алдыңғы және кейінгі қатарда кімдер отыр? Анықтау.
Балаларға стол үстіне әртүрлі үлкен асықтар қойылады.
Балалардан асықтардың түстеріне қарай қалай орналасқандығын сұрайды.
Сергіту сәті: Балалар сергіту сәтін әуен арқылы қимыл – қозғалыс жасай отырып орындайды.
Дәптермен жұмыс: Балалар дәптермен жұмыс жасайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.
Тапсырма – 1 «Өз орыныңды тап»
(Балаларға әр түрлі сандар беріледі, сол сандар бойынша өз орындарын тауып, қатарға тұрады)
Тапсырма – 2 «Адасқан сандар»
(тақтаға сандар қойылады, балалар жоқ сандарды тауып, орнына орналастырады)
Ойын «Шертпекіл»
Балалар ойынды асықпен ойнайды.
Қорытынды:
-Балалар бүгін біз қандай ұғымдармен таныстық?
-Алдыңғы кейінгі.
-Бүгін ойындарды немен ойнадық?
-Балаларды мадақтау.
Балалар шеңберге тұрып:
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Жаңаөзен қаласы. «Рахат бөбекжай-бақша» тәрбиешісі: Каналиева Роза Абдуллаевна